Мектепке дейінгі мекемеде стандарт талаптарын орындай отыра жаңа технологияларды енгізуде М.Монтессори педагогикасы мен «Фребель сыйы» енгізу жағдайында балалардың өмірлік дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы

Туткышева Айгуль Туляутаевна

Айналайын» шағын орталығы, директоры

.

.

«Ойынсыз ақыл–ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.

Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық  терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен  ұштасып,

өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің  маздап жанар оты»

В. Сухомлинский

 

Тақырыбы :

«Мектепке  дейінгі мекемеде стандарт талаптарын орындай отыра жаңа технологияларды енгізуде М.Монтессори педагогикасы мен «Фребель  сыйы» енгізу жағдайында балалардың өмірлік дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы»

 

Жоспар:

І. Білім беру жүйесінде жаңа технологияны енгізудің маңыздылығы.

ІІ. «Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері»
ІІІ. Қызықты ақпарат

ІУ.Ф.Фребельдің сыйлары

 

Білім беру жүйесінде жаңа технологияны қолдану арқылы келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті. Бүгінде балабақшаларда  қолданып жүрген: Ойын технологиясы, М.Монтессории технологиясы, тірек сигналдар арқылы, проблемалық, модульдік, дамыта, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ұлттық құндылықтарымызды балабақшадан бастау сияқты педагогикалық технологиялардың барлығы өз нәтижелерімен айқындалып келеді. Яғни қандай технологияны қолданбасын педагог баланың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шығармашылық қабілетін арттыратыны айқын. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті балалардың жан-дүниесін терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осы міндеттердің бірі  білім берудің әдіс- тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгеру.
Ал технологиялық білім дегеніміз — білім, біліктілік,  интелектуалдық кәсіптік әдіс —  тәсілдерді қолдану.  Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге  меңгертіп отырсақ,  балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды.

  

«Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері»

М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен Бала – ата-ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы. Кез келген ата-ана баласы үшін өмір сүреді деп ойлаймын. Халқымыз «Балалы үй базар» деп тегін айтпаса керек, отбасылық өмірдің мәні мен сәні сәбимен бірге кіреді. Үлкен адамдардың өміріне соншама қуаныш пен шаттық сыйлайтын сәбилер кейде, керісінше, ата-анасының көңіліне уайым мен алаңдаушылық ұялатып жататыны да қоғамымыздағы белгілі жәйт. Туғаннан мүгедектікке душар болған, не есейе келе әртүрлі жағдайдың салдарынан денсаулығына, соның ішінде, жүйке жүйесіне зақым келген балаларды тек ата-анасы емес, мемлекет те бақылауда ұстап, қолынан келген жәр¬демін аяп отырған жоқ. Өткен жылғы халық санағының қоры-тындысы бойынша еліміздегі осындай балалардың саны 58 мыңдай екені анықталды.ырғақта дамиды. Соңғы жылдардағы тағы бір жетістігіміз – Монтессори әдіс¬теме¬сін енгізуіміз. Бізде қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектеп жұмыс істейді. Онда жалпы білім беру, қосымша білім беру бойынша және психо¬физиологиялық дамуы тоқтап қалған балаларға арналған бағ¬дар¬лама бойынша сабақ оқыты¬лады. Мектепте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған меди¬циналық және психологиялық негізде адам дамуы туралы білім¬дерден құрылған екі Монтессори-педагогика кабинеті жұмыс істейді. Мария Монтессори италиялық дәрігер әйел. Бұл жүйені осыдан 100 жыл бұрын сол ойлап тапқандықтан, соның атымен аталады. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елесте¬туді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығу¬ларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқы¬туда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабі¬летін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психоло¬гиялық жайлылық, таңдау ерік¬тілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты еке¬ніне біртіндеп көз жеткізіп келе¬міз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отыр¬ғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдіс¬те¬месінің біздің орталыққа енуі жақсы бастама деп ойлаймын. Бұл ауру балаларға қолданғанда Монтессори терапия деп аталады. Бізде осы терапия бойынша әдіс¬темені арнайы үйренген 140 педагог жұмыс істеп жатыр. Оларды оқыту үшін грант ұтып алған болатынбыз. Соның арқасында біздің педагогтар осы бір жыл көлемінде науқас балалармен жұмыс жасауда қолайлы жүйені таңдап отыр.

Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері.

Мария Мантессори -1870 жылы 31тамыз айында дүниеге келген.
Итальяндық педагок,әрі ғалым.Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.
Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.
1900ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен,ол саусақтардыңұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардыңөзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп,Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.
Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу,жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.
1909ж бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады.Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды.1910ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді. 
1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды.Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды,оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды.1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы,докторлыққұрметті дәрежесі берілді.
Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу.Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ,олар өз қателіктерін өздері көріп,соны өздері түзеп отырады.Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.
Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді.Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ,мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.

Монтессори әдісінің мақсаты:
балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;

өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

Монтессори-педагогтың міндеті:
балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;

негізгі түстерді айыра білуге үйрету;
ұсақ моториканы дамыту;
алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;
зейінін тұрақтандыру;
тәртіпке үйрету;
Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:

1.Сенсорлық аймақ.

Материалды жүктеп алу