Мен-білікті педагогпын. /Ұжымға арналған тренинг/

Абдумаминова Алтынжаз Болатовна

Психолог-педагог

.

.

Мақсаты:  Педагог деген кім, педагог тұлғасы қандай және қазіргі заманның педагогі қандай болу керек- деген сұрақтарға ортақ пікір, ойларды, өз тәжірибесімен бөлісу. Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру.

Қажетті құрал – жабдықтар: ақ парақ, қаламсап, интерактивті тақта, таратпа қағаздар,  ситуациялық тапсырмалар, түрлі түсті шариктер, түрлі түсті қағаздар.

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Танысу жаттығуы (5 мин)
  2. Топқа бөлу (3 мин)
  3. Білікті педагогтың портреті (10 мин)

Көңіл  көтеру  үшін  би билеу  (3 мин)

  1. Ситуациялық тапсырмалар   (20 мин)
  2. «Ұжым» ойыны (15 мин)

6.Релаксация жаттығуы  (5 мин)

Қорытынды

«Майшам» жаттығуы. (3 мин)

 

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Мұғалімдеріміздің  жанын рухани байыту мақсатында өткізіліп отырған психологиялық қолдау тренингімізге қош келдіңіздер!

  1. «Танысу» жаттығуы: (5 мин)

   Мұғалімдерге 1 данадан А4 қағазы беріледі! Оны 8 рет бүктеп, әр бүктелген  қағазға 8 рет өз атын жазады. Оны  бүктеп бір қорапқа бәрін салып, араластырады!Әр мұғалім 8 бүктелген қағазды алып, өзара жазған өз аттарын 1 минут ішінде, басқа мұғалімдерден алып, 1 минутта жинап алу керек!

  1. Топқа бөлу (3 мин)

Семинар басталмас бұрын әр қатысушыға 1 шариктен беріледі! Шариктердің түсі әртүсті!

(қызыл, сары, жасыл, көк, қызғылт)

 

  1. Білікті педагогтың портреті (10 мин)

Топтарға өз ойындағы идеал педагогтың  портретін салу керек.

 Көңілді  көтеру  үшін би билеу! (3 мин)

 

  1. Ситуациялық тапсырмалар   (20 мин)

(№1 қосымша)

 

5.«Ұжым » ойыны  (10 мин)

Мақсаты: Мұғалімдер ортасында қарым — қатынастың кейбір жағымсыз формаларын көрсету, олардың педагогикалық шеберліктерін дамыту коммуникативті іскерліктерін қалыптастыру және т.б.

Ойынның алдында жүргізуші 5 топқа билет береді. Онда  ситуациялық жағдайға көрсету керек, яғни қатысушылар билетте жазылған рөлде ойнауы тиіс.

 

Рефлексия

 

 

Билеттегі тапсырмалар:

№1.

Екі сынып жетекші арасында үнемі бәсекелестік байқалады. Үнемі екі сынып жетекшіде өз сыныптарының жетістіктерін айтып мақтанып отырады. Қандай шара болмасын менің сыныбым ана сыныптан озуы тиіс деген қағиданы ұстанады. Бірінің сыныбы үздік шығып шын марапатқа лайық болса екінші сынып жетекші оны көре алмай ашуға бой беріп келіс сынып жетекшінің еңбегін жоққа шығарады. Осыған қатысты қойылым қойып, бұл  ситуацияға   дұрыс жауап беріңіз!

№2.

Бір сыныптың оқушыларының ата-аналары келісіп алғандай осы сыныпқа пән бойынша сабақ беретін мұғалімді жұмысын дұрыс атқармайды өз пәнін уақытылы өткізбейді өткізген жағдайда оқушылар бұл мұғалімнің айтқанын сабақ түсіндіргенін мүлдем оқушылар түсінбейді, сонымен қатар менің ұлымның құлағынан бұрапты деген сөзбен мектеп басшысына келіп отыр, оны естіген пән мұғалімі өзінің қатесін түсініп ата-анаға кешіріңіз менен бір қателік кеткен шығар мектеп басшысына бармай ақ қойыңыз деп өтініш білдірген сөзінеде құлақ аспастан мектеп басшысына кіремін!

кіремін !сені жұмысыңнан шығарамын деп нық бекініп отыр. Осы берілген тапсырмаға қойылым қойыңыздар!

 

№3.

Мұғалімдер бөлмесінде әріптестер үнемі жастарды жамандайды, ешқандай көмектесуді білмейді, бір күн сәлем берсе үш күн бермейді, бір сәлемі үш күндік, сабақтарын әрең беріп кетеді әйтеуір деген сөздерді жастардың құлағы шалады.

Ол кісілерге барып неге бізді соншама жек көресіздер біздер сіздерге не істедік өз жұмысымызды жауапкершілікпен атқарып жүрміз дегендей сөздерді айта алмайды. Ренжіген кейіп қана таныта алады.

Бұл кезде бұндай жағдайды қалай шешуге болар еді.

Барлығыңыз бір — бір ұсыныстан айтыңыздар? Жағдайдың неліктен бұлай болғанын жорамалдап көріңіздер.

 

№4.

Өзі лауазымдық қызметкер бола тұра жан жағындағы әріптестеріне деген сыйластығын нақты көрсете алмайды, уақытылы жұмысына қарамаған әріптестерге қатты ескерту береді, ос ескертудің соңы қатты ұрысқа да айналып жатады.

Кейде осы әріптесімізден шаршадық деп күрсінетін мұғалімдердің пікірін естіп қалатын кездер болады. Үнемі айқайға бой беріп әр кімнің мазасын алып құтын қашырып істеп жүрген қызметіне әлсін — әлсін ескерту алып жүрген бір әріптесіміз бір күні сіз өзіңізге қарап алыңыз ешқандай лауазымдық қызметке адамгершілік тұрғысынан лайық емессіз деп айтып салды. Бұндай сөзді күтпеген лауазымдық қызметкер іштей мен саған көрсетемін әлі деп тырнақ тістеп қалды. Сол күннен бастап екеуі еш түсінісе алар емес ол мен үлкенмін өзі келіп кешірім сұрасын дейді келесісі лауазымдық қызметін пайдаланып өзі бірінші маған келсін дейді. Дайындап әкелген құжаттарына қол қоймай қайтарып жіберуді әдетке айналдырды. Әбден шаршап берекеті қашқан мұғалім не істері білмей басы қатып жүр!

 

№5.

Мұғалімдер бөлмесінде екі жас әріптес сөзге келіп қалды оны үлкендер тоқтатуға да тырыспады, ренжіштің негізгі себебі берілген тапсырманы уақытылы орындамадыңыз деп тапсырма беруші маман ренжішін білдірген еді келесі жас маман оның бұл талапшылдығын түсінгісі келмей сен кімсің маған бұйрық бертін деген сөздер арқылы өз ренжішін бастады. Тіпті бір бірлерінің көңілдерін қалдыратын сөздер айтып жандарын жаралап үлгерді. Отырған үлкендерді сыйламай әбден ұрысты. Бұл түсініспестіктің арты немен аяқталады.

 

№6.

Сіз сабақ өткізіп жатырсыз.Сабақ үстінде бір мұғалім рұқсатсыз кіріп, кешірім сұрамастан хабарландыру айтып, оқушыларға зілді сөйлеп кетті.Сіздің көзқарасыңыз?

  1. Релаксация жаттығуы

Мақсаты: Педагогтарда жағымды эмоция тудыру, шаршауды басу.Сұрақтар арқылы мұғалімнің өзіне және айналадағы адамдарға сенімділігін, өмірге деген көзқарасын анықтау.

Ұйымдастыру: Көздерімізді жұмамыз, денемізді бос ұстаймыз. Терең дем аламыз. Көз алдарыңа қиялдап елестетіп,естеріңде сақтаңдар.

Жүргізілуі:

https://youtu.be/eAItYGBuYds
Бүкіл бойыңыздағы негативті шығару  үшін шарды  үрлеп, Әр үрлеген сайын, жаман ойды, жаман негативті сол шарға үрлеп, жарып тастаңыз!

Қорытынды. «Майшам» жаттығуы. Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға Рахмет!