Мен – өз елімнің патриотымын

Ибрагимова Аймира Ойбекқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
.
.
Мақсаты:
  1. Оқушыларды Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
  2. оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қима қағаздар, ағаш, жапырақ, видео.
Барысы:
Негізгі бөлім: – Cәлеметсіздерме құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі!
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!
Топқа бөлу. Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.
1- топ Отаншыл
2- топ Намысшыл
3- топ Білімді
4- топ Болашақ
«Адасқан әріптер» ойыны
— Балалар бүгінгі біздің сынып сағытымыздың тақырыбын анықтау үшін топпен бірге ойын ойнаймыз. Әр топқа шатасқан әріптер беріледі, сол әріптерден сөз құрастырамыз. Ойын шарты берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.
1- топ:Қақаашбол — болашаққа
2-топ: ардағб – бағдар
3-топ: инаухр – рухани
4-топ: уырғаңж – жаңғыру
— «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
— Ендіше бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы « Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» деп аталады.
— Балалар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» дегенді қалай түсінесіңдер?
— « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» дегеніміз – алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруымыз керек дегенді білдіреді.
— Осы мақала туралы естігендерің бар ма?
— Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл мақала Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірінде Егеменді Қазақстан газетінде жарияланған болатын.
Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілді.
Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді» , -дейді Н.Ә.Назарбаев.
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу деп айтқан болатын.
Н.Ә.Назарбаев  тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:
  1. Бәсекеге қабілеттілік;
  2. Прагматизм
  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
  4. Білімнің салтанат құруы;
  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
  6. Сананың ашықтығы.
— Балалар  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы толығырақ білу үшін видеоға назар аударамыз.
Сұрақ-жауап ойыны.
Сұрақтары.
1.ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн)
2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)
3.«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?
4.Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
5.Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
6.ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
7.ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)
8.Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?
9.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
10.Конституция күні? – (30 тамыз)
11.Облысымыздан шығатын газет? –
     12.ҚР тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?
  1. Туған жерін, елін жақсы көретін адам ? (Патриот)
Топпен жұмыс. Сөзжұмбақ шешу.
1-топ. «Қазақстан»
Қазақстанның қалаларын жаз
                                                                                       
                                     
 
                         
 
                     
 
         
 
                       
 
                               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-топ. «Отан»
  1. Ұлттардың бірлігі, татулығы? (Достық)
  2. Елордамыз қай қала? (Астана)
  3. Біз қай ұлтпыз? (Қазақ)
  4. Мемлекеттік рәміздердің бірі? (Әнұран)
                                       
                         
     
 
     
 
       
 
3-топ. «Отан» сөзін топтастыру
Біз Республикамызды қалай атаймыз? (Қазақстан )
Жерімізді, елімізді бір сөзбен қалай атауғы болады? (Туған ел)
Отанымызды қалай аялап атаймыз? (Атамекен)
Әр адамның өзіне ерекше ыстық жері? (Туған жер)
                                                          Қазақстан
                          Туған ел                                               Атамекен
       
     
   
 
               Туған жер                                                                  Тәуелсіз        
 
   
                     Кең байтақ                                              Көп ұлтты
                                                               Дамыған
“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны                                
– Сендер тұрып жатқан жер, яғни М.Жұмабаев ауданы қандай ағашпен бай ? Аққайыңның қандай пайдасы бар? Оқушылардың жауабы
Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.
– Міне, сендерге аққайың ағашын дайындадым.
– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары
– Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз. Мысалы: әдемі үй салу…).
( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)
Атамекен әні
Жақсылық –рефлексия
(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойымен жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
– Бізбен жіп не істеді?
– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.
Қортынды. Біздің сынып сағатымыз аяқталды. Бәріңе сәттілік және тілеген армандарың орындалады деп ойлаймын.