Мен – өз Отанымның патриотымын!

Калыкова Эльмира Табылдиновна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
.
.
Мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру
Көрнекілігі: ҚР 1991-201жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа.
Тәрбие сағатының барысы:
  1. ҚР Әнұраны орындалады
2.Кіріспе
Мұғалім:  Балалар, жаңа 2016-2017 оқу жылы еліміз үшін ұлы мереке – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Ендеше «Мен – өз Отанымның патриотымын!» атты алғашқы сабағымызды осыған арнаймыз. Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді  екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді. 
Мұғалім:     Далада думан, қалада думан жыр бүгін
                      Ғасыр бойы, аңсайда күткен бұл күнім.
                      Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.
                      Тәуелсіз Қазақстаным!
 
  1. 2. «Ел Тәуелсіздігі: кеше және бүгін» (Постер қорғау)
Мұғалім:  Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың.
1992 жыл — Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді. 
1993 жыл — 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
1994 жыл — мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жыл- 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
1996 жыл- 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті. 

1997 жыл- «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп аталды. 
1998 жыл- 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
1999 жыл- 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
2000 жыл— «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.Түркістанға 1500 жыл толды. 
2001 жыл — 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды. 
2002 жыл. «Денсаулық жылы»  жарияланды.
2003-2005 жылдары «Ауыл жылы»  жарияланды. 
2004 жыл— «Қазақстан – Ресей» жылы болды. 
2005 жыл— Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
2006 жыл— Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды. 
2007 жыл— «Қазақ тілін қолдау» жылы. 
2009 жыл—  елімізде халық санағы ұйымдастырылды.
1999 жылы Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді, 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етіп, осы жылы Астанада Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізді.
2011 жыл қысқы АЗИАДА — мен басталды.
  1. 3. «Тәуелсіздік- ел тілегі» ( өлеңдер оқу).Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
 Мұғалім:  Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.
-Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың
  1. Қорытынды.:
Қазақстан арайланып азат таңы,
Тағдырдың артта қалды азаптары.
Үмітін үкілеумен өткен жылдар,
Жасампаз жазып жатыр парақтарды.
Аңсаған азаттықты ұлы халық,
Бостан күнге жеткенді белі талып.
Бет түзеп өркениет ауылына,
Арманның алаулайды шамын жағып.
. «Бірлігі жарасқан еліміз тек биіктен көріне берсін!   Алға, Қазақстан!        Жаса, Қазақстан!» 
Мұғалім:
Тұнық көл, сырнайлы өзен, пүліш жері,
Жасантқан ұрпағының күміс тері.
Елбасы Нұрсұлтандай бастап бүгін,
Үмітін үкілейді қазақ елі.
Айналдым, Қазақстан бостан елім,
Қашанда ашық болсын қыран көгің!
Алатын асқарларың тұғырлы боп,
Шыңдарға қонақтасын шығар шебің.
Намысы еліміздің берік болсын,
Сертке жанған сенімің серік болсын!
Мәңгілік баянды боп тәуелсіздік,
Қыдыр бағың басыңа келіп қонсын!