Менің арманымдағы мектеп

Таткенова Гульбану Хайдаровна
Учитель казахского языка и литературы
.
.
Тыңдалым: Ауызекі тіл және аудиовизуалды материалды тыңдау,  сұрақтарға жауапты түсініп айту;
Жазылым: Топпен жұмыс жасау барысында оқушылардың жоба жұмысын жаза отырып, қорғау, эссе жазу;
Айтылым: Бейнефильмді көру барысында оқушылар сұраққа жауап береді, Сөйлеу барысында жоба жасауда арнайы лексиканы қолдану;
Оқылым: Жоба жұмысын қорғауда сөйлемдерді сауатты оқу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жеке, жұппен, топпен және ұжымдық  жұмыс,түсіндіру, жуан- жіңішке сұрақтар,СТО,  «Бос микрофон» әдісі;
Сабақтың ресурстары: үлестірмелі материалдар, Аудиовизуалды мәтін, презентация,
видеоресурс, суреттер,критерийлер.
Күтілетін нәтиже: оқушылар тақырып аясында іздене алады, өз ойларын айта алады, тақырып төңірегінде сөздік қорын пайдалана алады,берілген сұрақтарға толық және дұрыс жауап беріп,өз ойларын айтып, дәлелдей алады, жоба жұмысын жасап, қорғай алады
Сабақ кезеңдері Сабақ барысы Бағалау түрі Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылығын ояту:

Мағынаны ашу:

Жаңа сабақ:

Тапсырмалар:

Ой толғау, қорытынды:

Рефлексия

Бағалау

-сәлемдесу

-түгендеу

Психологиялық ахуалды жасау:   

Балалар, бүгінгі күніміз сәтті болу үшін «Аялы алақан»  тренингісін жүргіземіз. 1 минут

Енді балалар қазір мына өлеңді мұқият тыңдайық. 

 2 минут

Бұл өлеңді жазған кім?

Дұрыс, Ыбырай Алтынсарин.

Қазір балалар бізде қонақта Ы. Алтынсарин мұражайынан қонаққа Айымгүл апай келіп отыр.

Ыбырай ашқан мектеп туралы бейнефильмді қараймыз.

Ы. Алтынсарин туралы мәліметпен бөліседі.

Айымгүл …

Ал, балалар осы бейнефильмнен не көрдік?

Ыбырай атамыз кім?

Туған жері туралы не білеміз? 7 минут

«Бос микрофон» әдісі бойынша оқушылардың Ыбырай Алтынсарин туралы алған білімдерін тексеру.

5 минут

Міне, балалар ұлы ағартушы, жазушымыз Ыбырай атамыз мектеп ашып, балаларды білімге шақырды. Сендер бейнефильм  көрдіңдер.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Менің арманымдағы мектеп.

Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз? 1 минут

Біз 21 ғасырдың ұрпағымыз, қазір сендер топпен «Менің арманымдағы мектеп»

тақырыбы бойынша жоба жұмысын құрайсыңдар. Топпен жұмыс жасау үшін біз қазір бөлінеміз.

1 топ: Күш-білімде, білім-кітапта.

2-топ: Өнер-білім бар жұрттар

3- топ: Өнер таусылмас азық,

            Сарқылмас байлық

Ал енді,  балалар алған мақал-мәтелдердің мағынасын қалай түсінеміз?

Өлең шумақтарын кім айтады? 3 минут

Топта жұмыс жасау үшін біз топ ережесін құраймыз және спикер, топ бағалаушы, суретші, уақыт белгілеуші рөлдерін сайлап аламыз.

Топ ережесі:

— Бірін-бірі тыңдау
— Өзгенің пікірін сыйлау
— Сөзін бөлмеу
— Уақытқа бағыну
— Шапшаңдық
— Бәсекелестік
— Бірлестік  2 минут

Бағалау парағы:

Жұмыстың  мазмұны Эстетикалық жағы Сауаттылығы Жаңашылдығы
толық жартылай ашылмаған толық жартылай ашылмаған толық жартылай ашылмаған толық жартылай ашылмаған
1 топ
2 топ
3 топ

Бағалау критерийлері:

9-12 балл «5»
5-8 балл «4»
2-4 балл «3»

Топ мүшелерін сайлап алған соң, әр топ өз жобасы бойынша жұмыс жасайды. 7 минутТоп мүшелері жоба жұмысын жасап болған соң, әр топ бірін-бірі бағалайды. 3 минут

Содан соң топ ішіндегі спикер шығып, жоба жұмыстарын қорғайды. 3  минут

 Жобаны қорғаудағы критерийлерді құру.

Келесі жұмысымызты әр оқушы жеке жүргізеді. Алдымыздағы берілге тпсырманы сәйкестендіреміз, содан соң бір-бірімізді бағалаймыз. 2 минут

Бағалау критерийлары тақтада ілулі тұр.

5 дұрыс жауап «5»
4 дұрыс жауап «4»
3 дұрыс жауап «3»

«Ойашар» сәйкестендіру

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді 3 1887 жыл
Ы.Алтынсарин қай жылы мектепті бітіріп,атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды 5 1879 жыл
Ы.Алтынсарин Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектепті қай жылы ашты 1 1841 жыл
Ы.Алтынсарин Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына қай жылы тағайындалды 2 1864 жылы
Ы.Алтынсарин Торғайда қазақ балаларына арналған мектепте қай жылы ұстаздық етті 4 1857 жыл

Эссе «Менің арманымдағы мектеп»

Енді балалар айтыңдаршы осы Ыбырай атамыз ашқан мектеп пен сендердің ойларындағы мекпептің арасында қандай байланыс жатыр?

Білім ордасы

Талантты оқушылар

Еңбектену

Дұрыс айтасыңдар. 1 минут

Міне, тақтадағы мектеп, бұл-білім ордасы. 

2 минут

Оқушыларды өз бағалау парақтары арқылы топ бағалаушысы бағалап өтеді.

Сау болыңыздар. Өте жақсы жұмыс жасадыңыздар.

Қосымша материалды жүктеу