Менің мысығым

Мақсатқызы Арайлым
Жетекшісі: Әнуарбекова И.Ә.
.
.
     «Менің мысығым» тақырыбына жазылған бұл ғылыми жобамда өзімнің екі сүйікті Аққоян деген мысығымды зерттедім. Мысығымды бақылай отырып оның қандай пайдасы барын, мысық арқылы ауа — райын болжауға болатынын т. б зерттеп білдім. Мысығымды үнемі бақылай отырып ол өте ақылды, саналы тіршілік иесі екенін білдім. Мысығым өте сүйкімді. Осы зерттеу жұмысымда интернет желісінен мысыққа байланысты көптеген қызықты мәліметтер жайында біле алдым. Мысықтың түрлері, мысық тұқымдас аңдар жайында таныстым. Бір жеті уақыт ішінде мысығымды бұрынғыдан да қатты жақсы көріп кеттім. Ол тек тышқан аулаушы ғана емес, адамдардың жан серігі, емшісі екеніне де көзім жетті.
Кіріспе:
   Бұрындары адам мысықты тышқан аулау үшiн асырады. Алайда, шын мәнiнде, мысықтың Жер бетiндегi негiзгi қызметi тышқан аулау да емес. Оның негiзгi миссиясы – өзi тұратын үйдi аластау, ондағы тыныштық пен үйлесiмдiлiктi сақтау екен. Мысыққа қатысты ескiлiктен қалған наным сенiмдер әлi де бар. Мәселен, орыс халқы жаңа үйге қоныстанбас бұрын сол үйге әуелi мысықты кiргiзедi. Мұнысы мысық үйдi тылсым күштерден тазарта алады деген ырымы болса керек.
Мысық ит тәрiздi өз иесiне адал серiк бола алмайды. Өйткенi мысықтың о бастағы жаратылысы мүлде бөлек, ол басқа мақсат үшiн жаратылған.. Кейде мысық өзiнiң сиқырлы қызметiн қажет ететiн үйдi өзi iздеп тауып алады деген сөз бар. Ондай жағдайда үй иесi мысықты қумай, оны паналатып, “сиқырын” iске асыруға мүмкiндiк беру керек екен.
“Қара мысық алдыңды кесiп жүгiрiп өтсе, жолың болмайды” деген ырым бар. Алайда бұл қара мысықтың кесiрi тиедi деген сөз емес. Қайта керiсiнше, мысық жолды кесiп кету арқылы сiзге белгiлi бiр қауiп қатер төнгенiн сездiртедi,
қажет десеңiз, мысықтар өз иесiн өлiм аузынан алып қала алады. Мәселен, Леонид Брежневтiң қара мысығы бас хатшының өмiрiн екi мәрте сақтап қалған дейдi бiлгiштер. 1969 жылы Үндiстанға iссапармен барған Л. Брежнев Далай Ламамен кездескен. Далай Лама Брежневке ерекше қабiлетi бар сиқырлы қара мысықты сыйға тартыпты. Бiр күнi әлгi қара мысық иесiн жұмысқа жiбергiсi келмей, оны айналшықтап жүгiре берген көрiнедi. Жануардың әйтеуiр бiр жамандықты сезгенiн түсiнген бас хатшы қызметтiк көлiгiндегi әдеттегi орнына емес, басқа орынға отырыпты. Сөйтiп, автокөлiк апатқа ұшырап, Брежневтiң орнына отырғандар ауыр жарақат алған. Ал бас хатшының өзi дiн аман қалыпты. Келесi жолы мысық тағы да Брежневтi шыр айналып, жамандықты сездiрген. Сол күнi бас хатшы жұмысқа бармауды жөн көрдi. Сөйтсе, оның автокөлiгi жүк көлiгiмен соқтығысып, жүргiзушi апаттан көз жұмыпты. Ал 1982 жылдың көктемiнде Брежневтiң мысығы өлген. Екi айдан кейiн бас хатшының өзi де көз жұмды.