МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН

Елдесбаева Раушан Серікқызы
Әдіскер
.
.
Мақсаты:Жас ұрпақты отанын сүюге, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекетімізді одан әрі нығайту еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру; Ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс атқаруға танымдық қабілеттерін дамыту;  елінің мұрасын жалғастырушы азамат блуғ, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге  тәрбиелеу.
         Көрнекілік: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер авторларының суреттері, қанатты сөздер.
         Әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелеу, патриоттық тәрбие беру.
Барысы:
         І.Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар, қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігімізге арналған «Менің Отаным – Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
         Осыдан бір жарым мың жылдай бұрын біздің ата-бабаларымыз өздерінің тұңғыш ұлы мемлекеті Түркі қағандығын құрды. Бір шеті сонау Саха елінен бастап, екінші шеті сонау Жерорта теңізіне дейінгі аралықтағы 10 мың  шақырым жерді жайлап жатты. Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.
         Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшілік елдің азаматтарымыз, кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан біртұтас халықпыз!
         Мен бүгінгі тәрбие сағатымды Елбасымыздың мынадай әдемі сөзімен бастағым келеді: «Біз бәріміз бір ананың – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған еліміз біреу. Ол – қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол- тәуелсіз Қазақстан»
         Елдік үшін бәрін көрген азаптың
         Бабалардың аңсары еді Азат Күн.
         Тәуелсіздік — бойтұмары Елімнің,
         Одан асқан қастері жоқ қазақтың.
         Тәуелсіздік –алашымның арманы!
         Тәуелсіздік-алтын Күнім таңдағы!
         Тәуелсіздік –бесік-жүрек халқымның
         Жүрегінде тербетілген ардағы!
         Естігенде көк аспанның астында,
            Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
         Бар қазақтың үніндей шарықта,
         Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
         Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік                                                                                               Әнұраны орындалады).
         — Балалар , біздің Отанымыз қалай аталады?
         — Қазақстан!
         — Қазақстан жері қандай?
         — Қазақстан жері кең байтақ, үлкен.
         — Дұрыс айтасыңдар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.  (ҚР-ның физикалық картасынан көрсету)
         — Біздің еліміз-жеренің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет.
         -Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
         — Егемендік, еркіндік, бостандық, азаттық.
         — Осы тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік? Яғни толығырақ мәліметті мына сиқырлы сандардан табамыз.
         Тақтаға 1465, 1723, 1937, 1941, 1986, 1991, 1993, 1995, 2017.
         (Оқушылар әр жыл жазылған қима қағаздар бойынша толығырақ  мәліметтер береді). 
         Ән: «Байтақ елім»
  • Оқушылар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?
(ой пікірлерін тыңдау)
Поэзия минуты
Оқушылар отан туралы өлеңдер оқиды.
         Мұғалім:Қазақстан жері — туған еліміз, жеріміз. Ел тарихына тоқталар болсақ, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алды.
         -Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер, туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1.Туған жер-тұғырың,
Туған ел-қыдырың
2.Туған жер-алтын бесік.
3.Туған жердің топырағы да ыстық.
         1-оқушы:Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз — ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу.
         2-оқушы: Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат кеткен болса, оны құлатпай сақтап қалуға, «Мәңгілік ел» атануына біз жастар аянбаймыз.
         3-оқушы:Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,
         Өткен жолың жалғанда ұлы дастан.
         Болашағыңа қарасам көз жіберіп,
         Аумайсың атылмақшы жас барыстан.
         4-оқушы:Мерейің құтты болсын Қазақстан!
         Ғасырлар тойы болшы келе берер!
         Мерекең құтты болсын егемен ел,
         Терезең барлық елмен тең ерен ел.
         Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
         Теңдікті, бостандықты иеленгендер.
         5-оқушы:Жаралдық молшылықтан, толы ағыстан,
         Жолың бар жақсылықта қалап ұшқан.
         Ғасырдың биігіне шықтың ту  боп,
         Көркейген елім менің – Қазақстан!
         6-оқушы:Ағалардың алып берген биігін
         Абыроймен асқақ ұстан, жастарым,
         Қазақстан деген алып мемлекет
         Қарыштап тек алға басқанын.
         Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,
         Азат елім, ашық болсын асапның!
         7-оқушы:Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
         Кеңейттім кең әлемге керегемді.
         Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
         Таныды тепе-тең деп тереземді.
         Қазақпын, қойнауы құт, жері дархан,
         Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
         Көркем сөз
М.Шаханов. Тарихты білмеу-тамырсыздық
Ф.Оңғарсынова. Туған жер
М.Мақатаев. Туған жерге
         Қорытынды:Ең бірінші – бақытым-халқым менінң.,
         Соған берем ойымның алтын кенін.
         Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
         Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.,
         Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
         Бақытым бар үшініші-Отан деген.
         -Кім мықты? – десе біреу «Отан» дер ем!
         Мұғалім:Біз –тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Тарихтан сабақ алып, барымызды бағалайық. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, қорғауға, сүюге тиісті екендігімізді естен шығармайық  дегім келеді. Еліміздің тұғыры берік болсын!