Менің тұңғыш Президентім

Зұлхарова Айжаркын Бакыткалиевна
Тәрбиеші
.
.
Мақсаты:Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту.
Көрнектіліктер:Елбасы суреті, слайд,
Балалар, бізге  бүгін қонақтар келіп отыр.
Кәне ,балалар, қонақтармен амандасайық.
Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші: Барлығымыз тұрып әнұранды орындайық.
 Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте  кім бейнеленген?
Тәрбиеші:Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 
Қазақстанның тұңғыш Президентінің аты — жөні.
Тұңғыш Президентіміздің жеке жұмысы ,орыны қай қалада,қалай аталады?
Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
Бәйтерек қай қалада орналасқан?
Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Тақпақтар:
Исламбек.Менің тұңғыш Президентім    — Әбішұлы Нұрсұлтан
                     Еңбегімен еліне болған ол мақтан
                      Бүгінгі   күн бүкіл әлем таниды
                     Қазақ елін, қазақ жерін Қазақстан!
Амина С.Менің тұңғыш Президентім  — мақтаным
                    Ес білгеннен есімін оның жаттадым
                    Елбасының саясаты арқасы —
                    Оңнан туса бүгін менің ақ таңым! 
  
Ерсұлтан.Елбасым менің Президентім   — Назарбаев    Нұрсұлтан
                    Көк байрағын әлемге бүкіл танытқан
                    Шарықтап күнде әуезді әсем Әнұран
                    Атағы оның естіледі алыстан
Кәусар.    Менің тұңғыш Президентім  -Әбішұлы       Нұрсұлтан
                     Нұр жүзінен төгілгендей нұрлы таң
                     Барлық бала Елбасын жақсы көреміз
                     Есімі оның мына бізге шын мақтан!   
 
Бекназар. Елбасым десем   естіледі Әнұран
                    Оны бүгін  барлық бала жаттаған
                    Көк байрағым желбірейді  көгімде
                    Болашаққа жасаймын мен нық қадам  
Кәне балалар рәміздерді атайқшы.
Гимн.Ту.Елтаңба.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
 «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», — дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады. 
Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары — Жандарбек Мәлібеков пен Шота-АманУәлиханов. Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл армандыарқалаптұр.
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.
Нұрайна:Рәміздерім елдігімнің белгісі
               Білу керек баладағы ең кіші
               Рәміздерім Гимн,Ту,Елтаңба
                Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Ойын: «Теңге алу.»
Біз салтанаты жарасқан қаласы бар, кең байтақ  ұшан- теңіз даласы бар,  аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етеміз! Ал Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қайтадан жаңарып,  жасарып,бой түзеп,  қазақ елінің бас қаласы атанған  Астана –тәуелсіз Қазақстан үшін келешектің нышаны, Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.Олай болса, Астанамыз жылдан жылға көркейіп жасара берсін! Елбасымыз елімен бірге аман болсын. Біз барша бөбектер  Елбасымызға сәбилік жүректен  ақ тілегімізді арнайық!
   Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы , біздің сүйікті атамыз, Сізге мықты денсаулық, алаңсыз тірлік тілейміз. Ел  болашағы үшін ұзақ та бақытты   өмір сүріңіз.
Ән: «Елім менің»