Металды жалпақ және түйіскен бетшелерді егелеу,әрлеу

Досмуханова Райгүл Сүйінғалиқызы
Өндірістік оқыту шебері
.
.
Сабақтың өту мақсаты:
Білімділік: Металды егелеу жолдарын көрсете отырып, егелеу түрлерінің қолдану себептерін үйрету.
 Тәрбиелік мақсаты: Студенттерді дәлділікке, шыдамдылыққа,топпен жұмыс жасауға, өз тобының білім мен жауапкершілігін күшейтуге тәрбиелеу.
Даматушылық мақсаты: Студенттердің жеке тұлғасын,қабілеті мен ынтасын, шығармашылықтарын дамыту,өзіне деген сенімін арттыру.
Сабақ өткізудің әдісі: Аралас сабақ.
Жұмыс орны: Жөндеуші цехы.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: «Техника қауіпсіздігі» плакаттар, технологиялық карта, схемалар, суреттер, металдар, егеулер.
Сабақтатың өту барысы:
1.Кіріспе нұсқау:
2.Ұйымдастыру бөлімі
1.1.Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру және сабаққа  дайындалуын бақылау.
1.2.Сабақты өткізу тәртібі мен жүрісін түсіндіру кезеңі,кезекшілерді белгілеу.
1.3.Жұмыс орыны бойынша орналастыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау
1.Егелеу кезіндегі  техника қауіпсіздігі.
2.Егелеу дегеніміз не?
3.Егелеу кезінде қолданылатын құралдарды ата?
Сабақ жоспары
1.Металды егелеу кезінде техника қауіпсіздігін сақтау жолдары.
2.Металдың жасалған заттың  түрлеріне байланысты егеулердің қолданылуы.
3.Металды егелеу кезінде қолданылатын құралдар.
4.Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары:
1.Металды егелеу кезінде  техникалық қауіпсіздіктерді сақтау?
  1. Металдың егеулеу тәсілдері?
3.Металды егелеу кезінде қолданылатын құралдар?
4.Бағалау
ІІ.Ағымды нұсқау:
Оқушыларды екі топқа бөліп.Топ басшысы бригадирін тағайындау.Жұмыс алдындағы қауіпсіздік нұсқауын беру.
І-топ:тапсырма бойынша металды егеулеуді көрсету.
ІІ-топ:тапсырма бойынша металды түрлі фигураларымен егеулеп көрсету.
Жұмыстарын орындап жатқан студенттер қатарын аралап, жұмыстын орындалу барысын бақылау, жіберілген қателіктері байқалса, көрсету арқылы қайта түсіндіру.
Бақылау:
а) жұмыс дұрыс ұйымдастырылуы.
б) құрал-саймандардың дұрыс қолданылуы
в) жұмыс технологиясының ретімен орындалуы
г) еңбек қауіпсіздігінің сақталуы
д) әрбір студенттің жіберген қателіктерін көрсетіп,қатені жою жолдарын үйрету.
3-ші сабақ
Студенттерге берілген тапсырмаларын қаншалықты менгергенін анықтау үшін І топқа берілген тапсырманы ІІ топқа көрсете отырып үйрету.ІІтоп студенттерге берілген тапсырманы жақсарту мақсатында өз ойларын қосады.
4-ші сабақ:
Студенттердің берілген тапсырманы қаншалықты меңгергеннің анықтау үшін І топқа берілген тапсырманы ІІ топқа көрсете отырып үйрету.Бірінші топ студенттерге берілген тапсырманы жақсарту мақсатында өз ойларын қосады.
5-ші сабақ:
Екі топтың жұмыс орнын ауыстыру.Тапсырманы орындау алдындағы қауіпсіздік нұсқауынан өткізу.
Топтар берілген тапсырманы бір-бірімен ауыстырады.
Студенттер берілген тапсырманы орындаған кезде жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы,құрал-саймандардың дұрыс қолдануы,жұмыс технологиясының ретімен орындалуы,еңбек қауіпсіздігінің сақталуы,әрбір студенттің жіберген қателіктерін көрсетіп,қатені жою жолдарын көрсете отырып үйрету.
6-ші сабақ:
ІІІ.Қортынды нұсқау:
1.Бағалау (ағымдағы нұсқау қортындысы бойынша)
2.Үйге тапсырма.
                                     І топ студенттері шаң сүртеді.
                                     ІІ топ студенттері еденді сыпырады.
      Егеулердің көмегімен дайындама бетінен бір қабат материалды  алу тәсілі-металдарды егеулеу (түрпілеу) деп аталады.
      Егеу-дайындама немесе бөлшектің өңделетін бетінің кедір-бұдырлылығын азайтып, жоғары дәлдігін қамтамасыз ететін, көп жүзді аспап.
Егеулеу арқылы бөлшектердің қажетті пішіні мен өлшемдерін және бет тазалығын алуға болады. Егеулердің көмегімен жазық беттерді, қисық сызықты беттерді, әр түрлі пішіндегі ойықтарды және түрлі бұрыштармен орналасқан беттерді өңдеулерге болады.Егеулеуге қалдыратын бөлшектердің  артық өлшем шамасы (әдіп)  0,5-0,025 мм аралығында. Өңдеу дәлдігі  0,2-0,05 мм, кейбір жағдайда  0,005 мм-ге дейін.
      Егеу- белгілі пішін мен ұзындығы бар, болаттан жасалынған аспап.Оның жұмыс бетінде тірліктер(ойықтар) бар. Осы тірліктер өте ұсақ, сына тәрізді, өткір тістерді құрайды.Егеудің тістерінің үшкірлеу бұрышы b=70о,  алдыңғы бұрышы g=0-16о,  артқы бұрышы  а=32-40о аралығында болады.  Егеулер бір (қарапайым) тілікті, қос тілікті, нүктелі тілікті және доғалы тілікті болып бөлінеді. 
        Бір тілікті егеулер метал бетінен тіліктің барлық ұзындығына тең  жалпақ жаңқаны бөліп алады.  Оларды жұмсақ металдарды егеулеу үшін қолданылады. Қос тілікті егеулер-болаттарды,шойындарды  және басқа қатты металдарды егеулеуге арналған. Олардың  Жұмыс беттерінде бір бірімен қиылысып  орналасқан тіліктер металл жаңқаларын майдалап, жұмысты жеңілдетеді.  Нүктелі (рашпильді ) егеулер-жұмсақ металдар мен металл емес материалдарды өңдеуге арналған. Олардың тістерінің арасындағы жаңқалар орналасатын, ойықтары кең.
      Доғалы тілікті егеулердің тістерінің арасындағы ойықтары терең, сондықтан жоғары сапалы бет тазалығын және жоғары жұмыс өнімділігін береді. Барлық егеулер  У13немесе У 13А аспапты көміртекті болаттардан дайындалады.  Жұмыс беттеріне тіліктер ойылғаннан кейін, термиялық өңдеуден өтеді.
     Егеулердің тұтқалары көбіне   ағаштардан дайындалады. Тұтқаларды отырғызу және шығару көрсетілген.
Қолданулары бойынша егеулер келесі топтарға бөлінеді:
-жалпы қолданыстағы егеулер
-арнаулы қолданыстағы егеулер
-түрпілер
-рашпильдер
-машиналық егеулер.
      Барлық ұсталық жұмыстар үшін жалпы  қолданыстағы егеулерді пайдаланады.  Оларды, 1см ұзындыққа келетін тіліктер санына байланысты, 96 номерге бөледі.
1 тілікті егеулердің тістері ірі және0,5-0,2 мм дәлдікпен алғашқы (тұрпайы) өңдеуге арналған. Тілікті егеулер 0,15-0,02 мм дәлдікпен таза өңдеуге арналған, тілікті егеулер  0,01-0,005 мм дәлдікпен соңғы өңдеуге арналған.
Егеулердің ұзындықтары 100-400мм
Көлденең қималарының пішіндеріне байланысты  егеулер жалпақ, квадрат, үш бұрышты, дөңгелек, жартылай дөңгелек, ромб, аралық болып келеді.