Сілтілік металдар

Жакупова А.С.
преподаватель химии
.
Сабақтың мақсаты: Сілтілік металдарға жалпы сипаттама беру. Сілтілік металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Сілтілік металдарға жалпы сипаттама беру. Сілтілік металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттерін анықтау.
4.Міндеттері: 
4.1.Білімдік: Оқушылар сілтілік металдар жайлы білімді еске түсіру.
Сілтілік металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттерін сипаттап,
эксперименттік тәжірибелер арқылы дәлелдеу.
4.2. Тәрбиелік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытындылауға  және сөйлеу мәнеріне дамыту.
4.3. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, мультимедия «Сілтілік металдар», карта «Қазақстанның қазба байлықтары», реактивтер.
Пәнаралық байланыс: география, физика, биология, тарих
Сабақтың кезеңдері:
  1. Ұйымдастыру кезеңі: А) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Б) Сабақтың жоспарымен таныстыру.
Сабақтың жоспары:
  1. Сілтілік металдармен таңысу
  2. Сілтілік металдардың физикалық қасиеттерімен таңысу
  3. Химиялық қасиеттері және қолданылуы жайлы түсінік  беру
  Оқушылардың ұнатқан оқу құралдары бойынша «Кәрзенке әдісі» арқылы топқа бөлу   әр оқушыға бағалау парағын және бағалау критерилерін беру.
  1. Мақсат қою кезеңі:
Бүгінгі сабақта біз сілтілік металдар туралы білімімізді әрі қарай дамытамыз
  1. Қызығушылықты ояту кезеңі:
«Жадылық серуен» (Аллея) әдісі бойынша жаңа тақырыпты өткен сабақпен байланыстырып сұрақ қою.
III.Мағынаны тану кезеңі:.Жигсо стратегиясы
 « Түртіп алу жүйесі»(инсерт)
Жигсо стратегиясы бойынша оқушылар үш топқа бөліп отырады, мәтіндер таратылады. Оқып шығып топпен талдайды. Орындарын ауыстырып отырып, бір-біріне айтады. Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып мәтінді толық баяндап береді.
Биолог
Калий өсімдіктерде фотосинтез процесінің жүруін, крахмал жиналуын тездетеді. Бидай, арпа, сұлының сабағын қатайтады, картопта крахмал жиналады.
NaCl – ас тұзы есебінде асқа қолданылады.
Бұлай аталу себебі: құрамында хлор ионы бар. Хлор – галоген «тұз түзуші» деген мағынаны білдіреді. Ұзақ уақыт тұссыз ас ішсе ісінеді, соңынан адам өледі. NaCl суда диссоциацияланып Na+, Cl иондарына айналады. Ағзадағы қанда осмос қысымын туғызады. Онда қысым әсерінен жасушада түзілген қалдық заттар, жасуша аралық сұйыққа өтеді, ал керекті қорек заттар жасушаға өтеді. Иондар осылай зат алмасуға қатысады. Неге асқа NaCl ғана қолданылады, себебі: ол ыстық суда 100 град 38г ерісе, салқындау 30 град суда 36 грамм ериді, сондықтан қайнағандағы тағамның дәмі салқындағанда өзгермейді. Көптеген минералды суларда да кездеседі, олардың емдік қасиеті бар.
Физик
Сілтілік металдардың атом құрылысын және электрондарының энергетикалық деңгейлерде орналасуын қарастырамыз.
       
     
   
 
      Na  +11             1S22S22P63S1                         Li +3          1S22S1
                   2 8 1                                                             2 1
Li, Na, K ауада оксид түзеді, сондықтан оларды керосиннің астында немесе ауасыз кеңістікте сақтайды. Rb, Cs, Fr ауада тез от алып жанады. Осыған байланысты олар табиғатта бос күйінде кездеспейді. Сілтілік металдар иілгіш, жұмсақ, жеңіл, қатты заттар. Күмістей жылтыр, тек цезий сарғыш түсті. Олар электр тогын, жылуды жақсы өткізеді, тез балқиды. Литийден цезиге қарай электр тогын өткізгіштігі, қайнау, балқу температуралары, қаттылығы кемиді, тығыздығы артады.
Оларды ағылшын ғалымы Гемфри Дэви 1808 жылы тұздары мен гидроксидтерінің балқымаларынан электролиздеп алған. Сондықтан сілтілік металдар деп атаған.
Li – шойын мен болатқа қоса беріктігі мен қаттылығы артады. Лампаларға толтырылған асыл газдарды оттек пен азоттан тазартуда қолданылады.
Na – сұйық күйде атом реакторларында жылу тасығыш есебінде, каучук өндіруде қолданылады.
Rb, Cs – фотоэлемент жасауда, прибор жарық энергиясын электр энергиясына айналдырады.
Ауасыз ыдысқа рубидий, цезийдің жұқа қабатынан айна, платина сымнан дөңгелек жасап, екеуі де сыртқы тізбекке қосылады. Айнаға жарық түсіп, одан электрондар бөлініп шығып, платина сымға тиіп, элект тогы түзіледі.
Химик
Табиғаттағы жер қыртысында Na – 2,64%, K – 2,6%.
Li – 150 минералдың құрамына кіреді.
Na – галит (тас тұзы) NaCl Арал теңізінде, Павлодар, Көкшетау облыстарында кездеседі.
Na2SO4 * 10H2O мирабилит Қарбұғаз-гол шығанағында кездеседі.
NaCl * KCl сильвинит.
KCl * MgCl2 * 6H2O карналлит.
Әр түрлі заттармен реакцияласады.
2Na + Cl2 → 2NaCl
2Na + 2H2O → 2NaOH + H2
2Na + H2 → 2NaH
2Na + 2HCl → 2NaCl + H2
Басқа сілтілік металдар пероксидтер түзеді.
2Na + O2 → Na2O2
Сілтілік металдар жалынның түсін бояйды, бұл қасиеттері тұздарды анқтауда қолданылады. Натрий сары, литий малина, калий қызылкөк түске бояйды.
Ағылшын ғалымы Гемфрий Дэви 1808 жылы сілтілік металдарды тұздары мен гидрокисдтердің балқымаларынан алды.
Ассоциация әдісі бойынша жаңа сабақтың мазмұнымен таныстыру.
Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырамын. Жаңа тақырыпқа сәйкес топтық жұмыс жасатамын.
  • Ой толғаныс кезеңі:
Жаңа тақырып бойынша Блум түймедағын жасатамын.
1 топқа:
  1. С→ СО2 → СаО → СаСО3
  2. 300г 12%-тік ас тұзы ерітіндісін дайындауға қажет тұз массасы
2 топқа:
  1. АІ → АІ2О3 → АІСІ3 → АІ(ОН)3
     2.10 моль күкірттің массасы?
3топқа:
  1. S → SО2 → SО2 → Н2 SО4 → Ва SО 4
  2. Массасы 112 г кальций оксидіналуғаболатын кальций массасы
  3. Бекіту кезеңі:
«Өрмекші торы» әдісі
арқылы оқушыларға жіпті тарату арқылы сұрақ қою
  1. Рефлексия:
«Білім ағашы» стратегиясымен оқушыларға үш түсті алма пішіндері беріледі. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін сол  алма пішіндерін білім ағашына апарып іледі.
  1. Бағалау: Өз-өзін критериалды бағалау.
  • Үйге тапсырма: $ 6.4. Натрий және калий қосылыстары
Эссе «Мен натрий». Есеп №13-24.