«Мейірім» үйірмесінің жұмысы

Коккутанова К.А.
.
.
Тараз қаласындағы «Болашақ» медицина колледжінде «Мейірім» үйірмесі бар. Оның жетекшісі болып медицина мамандықтарының мұғалімі Коккутанова Қызжібек Амановна басқарады. Бұл үйірмеде қатысатын студенттер тобы МБС – 12 – 15. Үйірменің жұмысын жоспапрланып, соған байланысты іс-шаралар өткізілді. Мысалы: Біздің студеттер облыстық онкологиялық ауруханасында «Біз темекіге қарсымыз» атты тақырыпта акция өткіздік. Акция далада өтті – яғни оны аурулар және медицина қызметкерлері және келуші барлық адамдар көрді. Осы акция өтуінде Біз, бәріміз қосылып темекі шегуді тоқтатамыз, сонымен қатар туберкулез ауыруымен күресе аламыз деген ойда болдық. Осы өткен акция Жамбыл «77» телеарнада көрсетілді. Осымен орай біздің үйірмеге қатысушы студенттер конференция өткізіп (неше түрлі тақырыпқа сәйкес, және оны өздері қорғады) буклеттер, рефераттар шығарды. Жаңа жыл мерекесіне байланысты Тараз қаласындағы Сарымолдаев атындағы жетім балалар үйіне барып жаңа жылдық шырша өткізіліп, концерт қойылды және барлық қатысқан балаларға сыйлықтар таратылды (конфеттер және ойыншықтар). Келесі 1 мамыр – «Достық, ынтымақ, бірлік» мереке күніне байланысты біздің студенттер   №1 Қарттар үйі және облыслтық мүгедектерді оңалту орталығында үйірменің қатысуымен қайырымдылық концерт қойылды. Бұл орталықта көбі мүгедек адамдар және қарт адамдар.
Студенттер қойған концертке олар өте риза болды, музыкаға қосылып ән айтты, бигеде қосылып биледі. Концерт сонында басшылар, қариялар ризашылығын білдіріп, бата берді. Осындай қайырымдылық іс-шара өткізгенде біздің студенттер – болашақ медицина қызметкерлерінде – аяушылық, жанашырлық, мейірімділік сезім оянады деп ойлаймын. Себебі Біз бір сағатты концертте қанша ма науқастарға, қарт адамдарға, мүгедек адамдарға – жақсы көңіл күй, шаттық күлкі сыйлап жазылып кетуіне сенім білдірдік деп ойлаймын.