Мінез және темперамент

Турганова А.Н.
.
.
Сабақтың өтілу түрі (формасы): өзіндік жұмыс ұйымдастыру.
Оқыту әдісі: жаңа технология элементтерін пайдалану, ізденіс, баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру, дәріс жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мінез-құлық, темперамент туралы түсініктерін кеңейту.
Дағды машығын ұйымдастыру: Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Тәрбиелік: Жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларға адам мінезі мен темпераментінің әртүрлі болатыны, мінез адамның жан дүниесі екенін ұғындыру, жақсы мінез бен жаман мінезді айыра білуге тәрбиелеу.
Не білу керек:
Мінез және темперамент түрлерін, олардың жағымды және жағымсыз жақтарын, өмірде алатын орнын білу.
 
Не жасай білу керек:
Мінез акцентуациясы мен психопатияны, темперамент типтерін  ажырату.
Пән аралық байланыс: Педагогика, биология, коммуникация негіздері.
 
Сабақтың жабдықталуы: интербелсенді тақта, нақыл сөздер, презентация.
 
Үйлестіріліп берілетін материалдар: Карточка, ситуациялық жағдаятар,cөзжұмбақ.
 
Әдебиеттер: Т.Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993ж, Қ.Жарықбаев «Психология» Алматы 2010ж, Г.С.Абрамова «Практиткум возрастной психологии» Москва 1999г
Қосымша: Н.Нұрмұхамедова «Тәжірибелік психология» 1,2,3 том Шымкент 2000ж, тренингтер жинағы.
Карточкамен жұмыс
  1. Тұлға дегеніміз кім?
Өзге адамдармен тұлға өзінің «Мен» сезімімен, яғни өзі жөніндегі өз тұжырымдарымен, өз мүмкіндіктерімен, өз мәнділігі негізінде қатынас жасайды. Тұлғаның өзіндік танымы (рефлексия) нақты «Мен» мәніне сәйкес болуы да, болмауы да мүмкін. Өз «Менін» орынсыз асқақ тұту не оның деңгейін жөнсіз әбден қарапайымдылықта төмендетіп жіберуден ішкі тұлғалық дау-дамай күйзелісі (конфликт) пайда болады.65
Тұлғаның өмір жолы нақты тарихи- әлеуметтік кеңістікте өтеді. Өндірістік — материалды жағдайлардың, тұтыну аймақтарының, әлеуметтік қатынастарының өзіндік ерекшелігі адамның тіршілік, өмір сүру қалпын айқындайды, оның әрекет – қылығындағы тұрақтанған меншікті ерекшеліктері тұлға типін айырады.
  1. Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері
Тұлға бес түрлі мүмкіндіктерімен сипатталады. Олар келесідей: танымдық, құндылықты, шығармашылдық, ара-қатынастық (ком­муникативтік) және көркемөнерлік.
Тұлғаның танымдық (гносеологиялық) мүмкіндігі оның өзі жинақтаған ақпараттың көлемі және сапасымен анықталады. Бұл ақпарат сыртқы дүние (табиғат және әлеуметтік) жөніндегі білімдер мен өзін өзі тану мәліметтерінен құралады, сонымен бірге бұл құрамға адамның танымдық іс-әрекетімен байланысты психологиялық сапалар да кіреді.
Тұлғаның құндылықтық (аксиологиялық) мүмкіндігі оның ізгілік­тілік, саяси, діни, эстетикалық салалардың құңдылықтары жүйесіне орай әлеуметтену үдерісінде игеріп қабылдаған мұраттары, өмірлік мақсаттары, наным-сенімдері және ұмтылыс-ниеттері
Тұлғаның шығармашылдық мүмкіндігі — ол қабылдаған және өз бетінше меңгерген ептілік және дағдылар, жасампаздық , өнім беру немесе қайта жасау әрекеттеріне деген, қабілеттілігімен және олардың қандай да бір не бірнеше еңбек, әлеуметтік-ұйымдастыру мен қадағалау-бағалау салаларындағы іске асыру шамасы.