Өмір — өзен

Нарбаев Дауренбек Жолдасбекұлы
Физика пәнінің оқытушысы
.
.
Физика ғылымындағы  заңдылықтар адамзат өмірінде үлкен орын алады. Себебі, физика — табиғат туралы ғылым болса, адамзат сол табиғаттың бір бөлігі. Демек табиғаттан үйренеріміз көп.  Табиғатты аялай білуіміз қажет . Табиғат  — тіршілік көзі. Адамзат өмірі тұнып тұрған табиғи заңдылық.
Физикалық заңдылықтарды орындау, өмірде қолдану, сақтану біздің парызымыз. Адамның творчествалық шабытқа  енуі, бойда күш жігердің пайда болуы, табиғат аясында болатыны, орындалатыны дәлелді.
     Адамзат үшін өмір сүру — заңдылық. Өйткені, өмір-қозғалыс. Өмірдің өткелдері, ыстығы мен суығы әрбір адамзат үшін өмір талабы болып саналады. Өмір талабы — уақыттың меншігінде. Әрбір  іс-қимыл, жағдай қай ортада болатындығына байланысты. Баланы тәрбиелеуде осы ортаның маңыздылығы зор. Әрбір өскелең ұрпаққа, кез келген маман иесіне физикалық заңдылықты білу міндетті деп ойлаймын. Ата-ана тәрбиесіндегі әрбір сөзіміз, көзқарасымыз, дауыс ырғағы, іс-қимылымыз физикалық заңдылықтар мен мағыналы сөздерге толы екендігін ұмытпайық.                       
       Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы осының дәлелі. Дүниеге келген жас нәрестеге “көз тимесін” деген ырыммен моншақ, түйрегіштер, үкі тағудың сыры — үлкен адамның көз жанарының энергиясын өткірлігін, жарықтың таралу заңдылығына байланысты шағылдыру, жарықтың таралу жолын өзгерту болып табылады. Физиологияның қасиетіне толы жарық қасиеттерін былайша көрсете білген. Жүзі жайдары , көзінен –білуге деген “құштарлық от шашқан”, ”жалынды жастық шақ” –деген сөз тіркестерін айтуға болады. Баланы еркелету, бойына жақсы сөздермен күш беру, зарядтау, еңсесін көтеру, шабыттандыру – бұл да бір дыбыс толқындарының қасиетіне толы екендігі белгілі. Дыбыс толқынның жиілігі, қаттылығы, жоғарылығы, таралу жылдамдығы, жаңғырық т.б. мынадай сөз тіркестерінен байқауға болады. Бұйрық, бұйыра сөйлеу, айқайға басты, дауысы жер жарады, құлақтың түбінде ызыңдап тұрып алды, жалынышты түрде үн қатты, — деп жазылады.
        Бұдан 350 жылдай бұрын зерттеудің ең тиімді физикалық әдісінің негізі қаланды. Оған негіз мынаған саяды: тәжірибеге сүйене отырып, табағаттың сандық (математикалық) өрнекпен тұжырымдалатын заңдары іздестіріледі. Заңдардың ашылуы практикада тексеріледі. Физика –эксперименттік ғылым болып табылады. Алайда кез – келген басқа ғылымдар сияқты, ол да тек бір ғана эксперименттік әдіспен шектелмейді. Физикада бақылау әдістері де, эксперимент барысында жинақталған деректерді қорытудың теориялық әдістері де кеңінен қолданылады.
Қазақ халқының атадан балаға қалдырып отырғаны тек байлығы емес, осындай тәжірибеден жинақтаған бар өмірлік іс-әрекеттегі дұрыс шешімдер болған. Оған ұсталықтың қыр-сыры, диханшылықтың құпиялары, қарапайым мал бағудағы жыл мезгіліне қатысты, ауа-райына қарап, малды өріске шығару, іс-тәжірибелік бағыт-бағдарды қажет етеді. Сондықтан да атасы баласына, немересіне «шопандық аса таяғын табыс етті», -деп жатады.
 Уақыт мезгіліндегі атаулар: тал түс, ымырт жабылғанда, бесін уақытында, сүт пісірім уақытта, әп-сәтте деген ұғымдар тәжірибелік бақылаудан енгізілген. Теориялық тұрғыда шынайы дәлелді екендігі айқын. Тал түс — 12.00-13.00 шамасы, бесін уақыты — 16.00-17.00 уақыт аралығы екені бәрімізге белгілі. Математикалық терминдерде бақылау, тәжірибе арқылы енгізілген. 1 пұт бидай – 16 кг ендігі қазір дәлелді  түрде айтылады.
         Адам өмірінің бір бағытта физикалық заңдылық арқылы өтетіндігін ерте замандақ білген. Ағысты тоқтату мүмкін емес, ағысқа қатысты жылжу керек, жылдамдыққа ие болу керектігін бәрімізге белгілі.
         Абай атам да осы өмір ағысын заңдылыққа сүйеп отырып былай жырлаған.
                                                             
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Уақыт — табиғат еншісінде. Уақытты үнемдеу қадірлеу есептеу адамзаттың үлесіне тиеді. Сондықтанда қамшының сабындай қысқа өмірде, заман ағысына сай жылдамдыққа ие бола отырып, өмірдегі белестерді игеру, заман талабы деп түсінуіміз қажет. Өмір – өзен, өзен ағысына қатысты уақытты қадірлейік, үнемдейік. Өмірдегі қозғалыстан қалыспай, межелеген табыстар мен арман шыңдарына жете берейік.