Музыка сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Токенова Анар Сагидоллавена
Музыка пәні мұғалімі
.
.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамдағы алатын орны, атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. 
     Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Музыка өнері әрбір оқушыны әсемдік әлеміне үйретіп қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек. 
     Тәрбиедегі басты мақсат: қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болды. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет. 
     Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстүрлер, т.б. мәселелерді көтере келіп, эстетикалық тәрбиенің негізгі өлшемдеріне ғылыми талдаулар жасады. Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді», т.б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйретеді. Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптарымен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді. Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады. Музыка шығарманы талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Көркемдік құралын, көркем бейнелердің жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған белгілі бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп, сөздік қорының молаюына жол ашады. 
Музыка сабақтарында балалар жан-жақты даму барысында алдына көптеген мақсаттар қоя біледі. Дəлірек айтсақ, балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мəнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну жəне музыкаға қызығушылығын арттыру. Жан-жақты музыкалық даму баланың ішкі дүниесін байытады, сонымен қатар музыка өнерін терең жəне толық қабылдатып қана қоймайды, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Əн айту, музыка тыңдау, музыка əдебиеттерімен танысу, музыкалық сауат жəне қозғалыс (ырғақ) музыкаға тəрбиелеудің міндетті бөлімдері. Музыкалық шығармашылық əн айту, тыңдау, музыкалық сауаттылық жəне музыкалық ырғақ педагогикалық процестермен байланыста болса ғана, шығармашылық белсенділік нəтижелі болады. Үйірмелерде оқушылар музыка сабағында алған білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Мектептегі бір сағаттық музыка сабағы оқушылардың музыкалық бейімділігін жете дамыта алмайды. Сондықтан сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық жұмыстарға қатысуы арқылы олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Бұл жұмыстардың қай түрі болсын, оқушының музыка сабағынан алған білімін толықтыруы тиіс. Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық-көпшілік жұмыстар оқушыларды барынша көбірек қамтуды, олардың танымын кеңейтіп, музыка өнеріне деген көзқарасын қалыптастыруды мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін, баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны қызықтыратындай тақырып пен музыкалық материал таңдап алғаны жөн. ұйымдастыру алдында біршама дайындық əңгіме жүргізіледі.
Музыка сабағында да ойын технологиясын қолдана отырып, материалды тез меңгеруге, музыкалық шығармаларды қабылдауға, әуенді ести білуге үйретуге болады. Бастауышта оқытылатын барлық пәндер сияқты музыка сабағында да ойынның маңызы зор. Ойынды әдетте мұғалім сабақ алдында не сабақты қорытындылар сәтте пайдаланады.
Ойын-балалар әрекетінің бір түрі, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үдерісіне әсерін тигізеді.
Ойын-әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар,психологтар, социологтар зерттеуде.Мысалы, жүйелі жүргізілген ойындар кезінде төмендегідей ойындар жүргізілді.  Эмоцияны дамыту, қарым-қатынас, эмоционалдық дискомфорт жағдайын жақсартуға бағытталған ойындардан «Әуенді тап!», “Шатасқан ноталар”, “Кім немесе не үні екенін тап”, “Әуенге қозғалыс ойла да, сыйла”, «Музыка арқылы менің эмоцияларым”, “Көңіл-күйді көрсет”, “Әнді тап”, “Музыкалы-мимикалық гимнастика” т.б.
Ойындық өзара әрекет-бұл өмірдің имитациясы емес, бұл баланың қоғамда өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін жүзеге асыруына, өзін-өзі бекітуге мүмкіндік беретін ерекше іс-әрекет түрі. Яғни, ойын бала тұлғасының әлеуметтік дамуының негізгі факторы. Музыкалық ойындар оқушының музыкаға деген құлшынысын, қызығушылығын ғана арттырып қоймай, есте сақтау, ойлай білуге, ажырата, салыстыра алуға баулиды
Пайдаланылған əдебиеттер :
Бастауыш сыныптарда музыкалық тəрбие беру əдістері. Алматы. Рауан 1996. 4. Пернебек Момышұлы. Музыкалы-эстетикалық тəрбие Алматы 2000. С.Байжұманов. Халық аспаптары оркестрі. Алматы Өнер 1993. К.Əсімбекова,Б.Мұсмафин, Т.Мұстафина, Ж.Таубалдиева. Əн сабағы Алматы Өнер