My family/ Менің отбасым

Сарсенова Жадыра Бахытовна
Учитель английского языка
.
.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасы мүшелерін дұрыс атап, тақырыпқа байланысты жаңа сөздер, фразалармен таныстыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. 
Сөздік жұмыс: Family — отбасы, mother — ана, father — әке, grandmother — әже, grandfather — ата, brother — аға, sister — әпке.
Көрнекіліктері: слайд, отбасы мүшелері бейнеленген плакат, карточкалар, отбасылық ағаш, Хелен қуыршақ.    
Мотивациялық-қозғаушы кезең:
— Good morning children! 

— Good morning teacher!
«Tick- tock, tick-tock,
It’s time to speak English»
Says the clock 
Listen carefully, be quite,
Be friendly and polite.
Ұйымдастырушы-ізденуші кезең: 
— Балалар, Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ. 
“Менің отбасым.” Ағылшын тілінде менің отбасым қалай болады? 
— My family. 
— Біздің әрқайсымыздың өз отбасымыз бар. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? (Балалар жауабы) 
— Отбасы ол – атам, әжем, анам, әкем, ағам, әпкем және мен. 
-Балалар, отбасымыздағы басшы кім? (әке) 
-Ал, ана сендерді өмірге әкелген адам? (ана) 
-Ал ата мен әжеге сендер кім болып келесіңдер? (немере) 
— Ал, аға-апа, іні-қарындас ол, сендердің туған бауырларың. 
— Балалар, біз отбасындағы тәрбиені бірінші кімнен аламыз? (әке мен анадан) 
— Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы. 
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар? (отбасының) 
— Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір-біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп тұрмыз (Ағылшын тілінде отбасы мүшелерін атап береді). 
Some families are large
Some families are small
But I love my family
Best of all
 

— Балалар, ал сендер білесіңдер ме? Отан-отбасынан басталады. 
Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында Отбасы ата–әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. (презентация отбасы туралы слайд) 
Ал, ендеше, балалар, сендер мына жұмбақтарды шешіп коріңдерші: 
Сен ерінбе қайтала 
Отбасы ол – Family 
Жанұяда ол біздің 
Басшы болған әкем – Father 
Ұйқтар алдын ертекті 
Айтар ылғи анам – Mother 
Әркез жарқын күлкісі 
Әсем менің әпкем – Sister 
Жақсы көрер ойынды 
Менің бұзық інім – Brother 
Еркелеткен әркез мені 
Менің атам ол – Grandfather 
Тәттілерін сақтап маған 
Аппақ әжем ол – Grandmother 
Ал, біз, балалар, қанекей түрлі іс қимылдармен сергіп, жаттығу жасайық 
Stand up, stand up 
Up down, up and down 
Which is the way to London town 
Where where? Up in the air 
Close your eyes and you are there 
(Балалар іс қимылмен сергіту жаттығуын түсініп жасайды) 
— Балалар біздің де әрқайсымыздың отбасымыздың дәстүрлері бар, олай болса lets play a game. 
Ойын “Отбасы әдеттері” 
First of all let’s do the exercise for our fingers: 
One, two I love you 
Three, four touch the floor 
Five, six mix and mix 
Seven, eight it is great 
Nine, ten play again 
Балалар сендер білесіңдер ме адамдар ертеден ақ өздерінің туысқандары жайында мағлұматты ұрпақтарына сақтағысы келген. Олар өте көп болғандықтан олардың аттарын ұзақ уақыт есте сақтай алмаған екен, сондықтанда олардың есімдерін дәптерге немесе кітапқа жазып сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған ол шежіре кітабы деп аталған екен. 
Ал қазір адамдар отбасы талын ойлап шығарған ол жерде бұтақтары мен жапырақтары ұрпақтары мен отбасы мүшелерін бейнелейді. Бұл ағашты отбасы талы деп атайды. 
Ал енді біз отбасылық ағашын (Family tree) жасаймыз 
Балалар, естеріңде ме біз отбасылық ағашын жасаған едік кой. Біздің сол ағашымыздың жапырақтары түсіп, көңіл күйі болмай тұр. 
Қане бәріміз бірге ағашымызға жап жасыл жапырақтарын іліп, оның көңіл күйін көтерейікші. 
Бірақ ол үшін сендер мына жұмбақта кім туралы айтылып тұрғанын шешулерің керек, ал ендеше мұқият тыңдаңдар 
Отбасылық ағашы 
Менің әкемнің әкесі (ата) 
Менің әкемнің анасы (әже) 
Менің атам мен әжемнің баласы (әке) 
Менің әжем мен атамның қызы (анам) 
Менің анамның баласы (аға) 
Менің әкемнің қызы (қарындас)
Анам мен әкемнің ерке баласы ол (мен) (Балалар ағашқа аты аталған адамдардың суреттерін апарып іледі). 
Рефлексивті-түзетуші кезең: 
— Балалар бүгінгі біздің ашық сабағымызды қорытындылайық, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр “Ойлан тап” Олар кімдер 
Қорытынды: Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер.Бәріміз бірге жүректен жүрекке жақсы сөздер айтып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! 
Балалар келген қонақтармен қоштасады 
Goodbye, goodbye dear guests ! 
Белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтау!
Goodbye children! See you!