ҚМЖ Сөздің тура және ауыспалы мағынасы 10-сынып қазақ тілі

Омарова Алия Айтбековна

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

.

.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны /Раздел долгосрочного планирования:

Модуль-2:

Фонетика. «Тіл – қарым –қатынастағы маңызды құрал»

 Модуль-3:

Фонетика. «Лексика және фразеология»

Колледж: ЖМК  «Интердент»

Мерзімі / дата: 23.09.2020

Оқытушының аты-жөні / ФИО учителя: Омарова  А.А.

Топ / группа: 100

Қатысқандар / Участвовали:

Қатыспады /  отсутствовали:

Сабақ тақырыбы/ Тема урока

  1. Тұрақты  сөз  тіркестері
  2. Сөз мағынасы.Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
  3. Омоним,Синоним,Антоним
  4. Бақылау  жұмысы
  5. Түбір. Сөз тұлғасы

Сөз құрамы. Дара және  күрделі  сөз

 

Оқу мақсаттаы / Цели обучения

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

Тақырып  бойынша  негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

 Мағыналық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жазбаша жұмыстар орындау,талдау жасау

Сабақ мақсаты / Цель урока

Білімгерлердің барлығы /  Все учащиеся

 Тақырыпты түсінеді, тақырыпты анықтайды, тақырып мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді,түпнұсқамен салыстырады.

 Білімгерлердің көбісі  / Большинство учащиеся

Сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша мәліметтер жинайды

Білімгерлердің  кейбіреуі / Некоторые учащиеся

 Отан сөзімен байланыстыра отырып,  өз ойларын еркін жеткізе алады, сурет арқылы мәтін құрастырады

 

Бағалау критерийлері/Критерии оценивания

Білімгерлер орындай алады Тақырып  бойынша өз ойын жеткізе алады,топта ,жұпта жұмыс жасай  алады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Мәңгілік ел,тәуелсіздік,жас ұрпақ, қазақ елі,дыбыс, медицина т.б.

Тілдік мақсаттар/Языковые цели

Білімгерлер орындай алады Тақырып  бойынша өз ойын жеткізе алады,топта ,жұпта жұмыс жасай  алады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Мәңгілік ел,тәуелсіздік,жас ұрпақ, қазақ елі,дыбыс, медицина т.б.

Құндылықтарды қалыптастыру/ Воспитание ценностей

 Құндылық/ ценностьЖалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары / Ценности общенациональной идеи «Мәңгілік Ел»/ «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

Бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға,бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге баулу.

 

Пәнаралық байланы /Межпредметная связь:

Әдебиет, тарих, Анатомия

 

 Сабақ барысы/ Ход урока

 

Психологиялық ахуал тудыру

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Білімгерлерді  белгілеу

Психологиялық  ахуал  тудыру.  «Екі жұлдыз  тілек» әдісі

Мақсаты: Білімгерлердің   бір-біріне  сабаққа  қатысты  жақсы  тілектер  айтуы арқылы  позитивті  орта қалыптастыру

 

  1. «Интервью» әдісі

Мақсаты: Өтілген тақырыптарды қайта еске түсіріп, жаңғырту.

Оқытушы білімгерлерге  кезек-кезек сұрақтар қояды. Дұрыс жауап берген білімгерлерге  баллдар қойылады. Білімгерлер  «ия», «жоқ»  деп қысқа жауап қайтару керек.

  • Тұрақты  сөз  тіркестері  термин тілде – фразеологизм  деп аталады. (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • «Жаз» сөзінің  көп  мағынасы  бар ма ? (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • Тұрақты сөз  тіркесі  нақты  бір ойды  білдіреді ? (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • Лексика  дыбыстарды зерттейді. (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • «Қас  пен  көздің  арасында» — бұл фразеологизм? (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • «Білікті  дәрігер» — бұл  фразеологизм?  (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • «Ғаламтор» — сөзі  жаңа сөз  (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • «Дәрігер» сөзі —  термин  сөз (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • Сөз тіркесі  — екі немесе одан көп  сөздердің тіркесуі (ИӘ немесе ЖОҚ)

 

Бағалау  дескрипторы:

  • Өткен  білімдерін  қайталайды;
  • сұрақтарға   ойланып, дұрыс  жауап  береді;

 

  1. Суреттер  арқылы  жаңа  сабақ   тақырыбын  болжайды.

 Оқу   мақсатымен   бағалау   критерийлерімен   таныстырылады.

  1. Оқытушы  сабақ  тақырыбын  мәлімдеп, тақырыпқа  шолу  жасайды:

   Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Сөздің затты немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады. Тура мағына әр заттың өзіне тән жеке мағынасы болып табылады, сол арқылы біз оны айыра аламыз.

Мысалы: аспан, жер, бұлт — заттарды атаса, биік, жылы, жақсы деген сапаны, бару, келу, оқу — қимылды атайды.
Сөздер тура мағынада айтыла бермейді. Ол тура мағынасының негізінде туып, көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады.

Мысал келтірейік:
Көз: Бұлақтың көзі, күннің көзі, адам, хайуандардың көзі, дене мүшесі
Тіл: орыс тілі, ана тілі, шет тілі, дене мүшесі
Өткір: пышақ, сөз,

 

Саралау. Шығармашылық  кезең.

1-тапсырма

«Тапқыр  болсаң,  тауып  көр».

Білімгерлер  2 топқа біріктіріледі. Тапсырма әр топқа үлестіріледі.

Топтағы  білімгерлер  ішінен    тайп – кипер  (счетчик  времени)  және  сарапшы  (зксперт)  тағайындалады . 2-топ  өзара  бір-бірінің  жұмысына  сараптама  жасайды

   Тура және ауыспалы мағынада  қолданылатын  сөздер  тауып, басқа сөздермен байланысқа түсіріп,  тіркестіріп  , медицина  тақырыбына  сөйлемдер  құрайды

Топтық  жұмысты  орындауға ;  5 — 6 минут  беріледі.

Жұмысты  қорғауға ;   2-3  минут беріледі

 

Бағалау дескрипторы:

  • Сөздерді  тауып  тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;
  • оларды  дәлелдемелер  арқылы  түсіндіреді;
  • сөйлеу  барысында  қолдана  алады;
  • құраған  сөйлемдерін  қатесіз  көшіріп  жазады.

 

2-тапсырма:

Жақша   ішіндегі   сөздерді   аударыңыздардар. Мәтіннен  тура  және  ауыспалы  мағынада  қолданылатын  сөздерді  табыңыздар.

 

Назым  мен  Бейсен   (ровесники). 2. Олар   9 – сыныпты  аяқтаған  соң   медицина  мамандығына  (вместе)   баруды   (мечтали) . 3.Көп  ұзамай  армандары (сбылись) , екеуі  бірге  медициналық  колледждің  мейірбике  бөліміне  (поступили). 4. Оларды оқытушылар да, білімгерлер   де  өте   (уважали).5. Олар әрі (скромные), әрі достықты (ценят). 6. Колледжде  (глубокие)  білім  алып,  білікті (специалист)  болды.

 

Сабақты  бекіту

ВЕНН  диограммасын  толтыру

Мақсаты.:  Білімгерлер  « тура  мағына» және  «  ауыспалы  мағына»  ұғымдарының  ұқсастықтары  мен   айырмашылықтарын  талдап, диограмманы  толтырады

Дескриптор:

  • Өз ойларын жеткізе алады.

Айырмашылығы мен  ұқсастығын  ажыратады

Кері байланыс (рефлекция)

«БББ»  кестесі  арқылы  кестені  толтыру

 

Білімгерлер өз пікірлерін білдіреді.

 

Үй тапсырмасы :

«Тура мағына»  және  «Ауыспалы  мағына»  тақырыбына  класстер  жасау

 Баға  қойылады