Ән жұмбақ (музыкалық сайыс)

Марат Сандыгаш

Музыка пәні мұғалімі

.

.

        Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту,шығармашылығын дамыту, сөздік қорларын байыту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
        Түрі: Сайыс

        Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер!
Әнді жанындай сүйген, әнді әлдилей білген халықтың бірі – қазақ елі десек, артық айтқандығымыз емес шығар.
«Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл — күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Бүгінгі сайысымызға қатысушы 5 және 6 сынып оқушылары.
I – топ (7 бала)
II – топ (7 бала)
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!

Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз. Бүгінгі сайыскерлеріміз алдымен өз топтарын таныстырады.
1.Топтың аты:

Ұраны:

  1. Топтың аты:

Ұраны:

  1. Топтың аты:

Ұраны:

-Бәрекелді балалар, ал енді сайысымызды бастайық.
1- айналым: «Әріптер ән салады» сайысы.
Ережесі:
— Берілген әріптер бойынша қандай ән білесіңдер соның тізімін алдындағы қағазға жазу керек.Әннің аты толық,әрі нақты болуы керек.Әр әріп бойынша дұрыс табылған әннің атауы үшін 1 ұпай беріледі..

 

Алғашқы айналым өз мәресіне жетті.

 

2 айналым: «Сиқырлы үн»

Қазір экранда көрсетілген сандарды таңдайсыңдар,сандардың астында ән жасырылған сол әннің атауын тапқан топ сол санды командаға ұпайлап алады.Осы әуеннің арасында өздеріңе белгілі бір күй де жасырылған.

 

3 – айналым:   «Суреттеу арқылы әнді табу».

  1. Ол өте биік, шыңына қарасаң көзің жетпейді. «Алатау»
  2. Жап-жасыл кілемде ойнаймын, күлемін. (Атамекен)
  3. Таң ата оянып,ғажайып түс көрдім. (Ертегілер елінде)
  4. Атам оған жем береді,апам оған су береді. (Қошақан)
  5. Жылағанда жұбатады,ақ сүтін береді…(Анашым немесе ана)
  6. Оның сәулесі суда дірілдейді…(Желсіз түнде жарық ай)

 

4 айналым : «Суреттер сыр шертеді»

 

5- айналым. «Мақал – мәтел» сайысы.  Бұл кезеңде белгілі тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарға мақал-мәтелдер құрайсыздар. (Достық, әдептілік, ата-ана, еңбек, білім, өнер).

Бұл айналым мақал мәтел сайысы бойынша сайыскерлеріміз өте белсенділікпен, ұйымшылдықпен жарыса жауап берді.
6- айналым.  «Жұмбақ» сайысы

1.Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап? (Қобыз)

2.Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?(Жетіген)

  1. Саусақ батпас түтіктен,
    Сандуғаш құс сайрайды. Сыбызғы
  2. Бес жолмен жүреді,
    Бар әуенді біледі. Нота
  3. Құлып аузын ашатын да,
    Жабатын да құралмын.
    Бірақ қазір бұл жерде мен
    Музыка әлемін ашамын.

6.Таяқшамен жіңішке сермеп қалса,
Сахна толған оркестр әнге басар.
Сиқыршы да емес ол, емес жонглер,
Ендеше кім, білсең айт,
Ол…            (дирижер)

Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.

Марапаттау:
Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.
Ән аманат сіздер үшін, бар болыңыз, сау болыңыз!