Нәжісті лабороториялық зерттеуге алу

Сатибалдиева Сабира Исакқызы
Мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы
.
.
  1. Нәжісті зерттеу әдістері туралы  түсінік .
  2. Нәжістің маңызына сипаттама.
  3. Нәжісті копрологиялық зерттеуге жинау мақсаты, ерекшеліктері.
  4. Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алудың маңызы.
  5. Нәжісті глист жұмыртқаларына жинау мақсаты, ерекшеліктері.
  6. Нәжісті жасырын қанға тексеруге жинаудың мақсаты, қолдану көрсетілімі
  7. Нәжісті жинауға науқасты және ыдысты  дайындау.
  8. Науқасқа және оның туысқандарына амбулаториялық  жағдайда  нәжісті жинау
   ережесін үйрету
 
  1. Нәжісті зерттеуге алу әдістері туралы  түсінік
Науқастарды  зерттеудің түрлі  әдістері  бар. Соңғы кездері  олардың сандары  күннен күнге көбейіп  келеді. Зертханалық  әдістерді  жүргізу үшін  түрлі  аспаптар  мен құралдар  және  арнайы дайындық  алған медицина  қызметкерлер «дәрігер- лаборант, техниктер, қажет. Клиникалық  және зерттеулік  практикада аспаптық  және  зертханалық   әдістерді  кеңінен қолдану, ауруларды тереңірек  зерттеуге , бүгінгі  күнге  дейін белгісіз  ауруларды  ашуға, сонымен қоса  аурулардың  ерте диагностикасын жүргізуге мүмкіндік  береді.  Кейбір зерттеулер барлық пациенттерге жүргізіледі, ал кейбіреулері диагнозына қарай қатаң көрсетпелермен жүргізіледі.
Нәжісті тексеру арқылы ас қорыту мүшелеріндегі патологиялық функционалдық өзгерістерді, нәжіс құрамында  болатын  құрттарды, паразиттер, басқада аурулар  анықталады. Лабораторияға нәжісті қағазбен, картон не сіріңкенің қораптарымен жіберуге болмайды. Ыдыстың сыртында пациент фамилиясы, аты жөні, жатқан бөлімшесі мен палатасы, зерттеу мақсаты мен жіберіп отырған адамның қолы қойылған жолдама заттаңбасы болуы тиіс.
  1. Нәжістің маңызына  сипаттама.
Нәжіс тоқ ішекте түзіледі және қорытылмаған, негізінен өсімдік клетчаткасынан тұратын қалдықтардан тұрады. Нәжісте тірі және өлі микробтар болады. Нәжістің құрамы тағамның сипатына  және ас қорыту жолының қызметіне байланысты.
Нәжістің жалпы  анализі нәжістің  физикалық    қасиеттерін тексереді, химиялық және  микроскопиялық  зерттеулер жүргізеді. Жалпы талдау үшін  нәжісті құрғақ , таза мүмкін болса, шыны ыдысқа жинау қажет.
Нәжістің мақсаты ас қорыту мүшелеріндегі патологиялық,   өзгерістер болса,  және басқада   ауруларға күдік болған жағдайда.
Зерттеу нәтижелері науқасты дұрыс дайындауға, материалды дұрыс жинау, сақтау және тасымалдауға тікелей байланысты.
Нәжісті бөлінгеннен 8-12 сағатқа дейін, 3-5С  температурада сақтаған жағдайда зерттеу қажет, өйткені  бұл тағам    нәжістегі  жасырын қанды  анықтау  реакциясының  катализаторлары  болып есептеледі.
Нәжістің   маңызы: Тәулік бойынша  бөлінетін  нәжістің  мөлшері 120-200гр болады. Өсімдік тектес  ас ішкенде  нәжіс мөлшері  көбейеді. Ал ашыққанда  немесе  белокқа бай ас қолданғанда   нәжістің мөлшері азаяды. Нәжіс  мөлшерінің 1,5 кг-ға  дейін көбеюі  созылмалы энтерит созылмалы, панкреатит  ауруларында кездеседі. Тәулігіне  нәжіс  1-2 рет бөлінеді. Колит энтерит  ауруларында 3-5 рет , дизентерия ауруында  тәулігіне 20 ретке дейін бөлінеді.
Нәжістің  түрі, консистенциясы   оның      құрамындағы  суға  байланысты болады..
Нәжістің қалыпты формасы   шұжық тәріздес, біркелкі  массалы болады. Патологиялық  жағдайда нәжістің  түрі өзгереді. Спастикалық колит  кезінде  нәжіс  қой  құмалағы түрінде,тік ішек  обырында     лента тәріздес  болады.  Нәжістің түрі қалыпты жағдайда  қоңыр болады. Сүт  тағамдары мен тамақтанғанда  ашық сары болады.  Патология кезінде  жалпы  өт өзегі  таспен  бітелгенде  нәжіс  тұрақты түрде  түссіз болады, А-вирусты гепатит кезінде  уақытша  түссіз  болады,  асқазаннан қан кеткен кезде  қара түсті болады. Іш сүзегі  кезінде  күріш  қайнатпасын  еске салады. Темір  висмут  қабылдағанда  қара  түске  боялады.
Нәжіс  спецификалық иісті болады. Өте мүңкіген  иісі шіріген  диспепсия  кезінде, обыр ыдырауында  байқалады. Кілегей  нәжісте  әрең байқалатын  қабат ретінде  болады. Энтерит кезінде   ол ұсақ тамшы  ретінде көрінеді. Ал  сигмоидит, колит кезінде  түйір  ретінде  байқалуы мүмкін. Паразиттер  нәжіс    құрамында  көзбен  көріну  мүмкін (аскарида, острица).
 
  1. Нәжісті копрологиялық зерттеуге жинау мақсаты, ерекшеліктері.
Копрологиялық зерттеу –асқазан-ішкек  қызметін бағалауға   мүмкіндік береді. Нәжістің жалпы  анализі  нәжістің физикалық  қасиеттерін тексереді . Химиялық  және  микроскопиялық  зерттеулер жүргізеді. Жалпы талдау үшін  нәжісті құрғақ, таза шыны ыдысқа жинайды. Нәжісті бөлінген уақыттан бастап 8-12 сағат  аралығында  зерттеу керек.
Зерттеу нәтижелері науқасты дұрыс дайындауға, материалды дұрыс жинау, сақтау және тасымалдауға тікелей байланысты. Тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дэрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Певзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы болады. Клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.
Капрлогиялық зерттеудің қалыпты көрсеткіштерінде нәжісте қан, ірің, паразиттер болмау керек.
.
  1. Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алудың маңызы.
Гельминтоз (грек –helmins- құрт, гельминт) –кең таралған паразитарлы ауру
 Гельминттер дегеніміз — адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, тері аурулары пайда болады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/, анемия, қалтырау /қызба/, невр жүйесіндегі өзгерістер пайда болады.  Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі. Сондықтан да құрттардың түрін анықтау үшін нәжісті лабораториялық зертханаға тексеруге жібереді. Клиникалық  оның маңызы- гельминттер (глисты)ді тексеру. Паразиттік құрттарды,  бір топ  ауруларды  шақыратындар гельминтоздар.
Қорғаныс күштерінің  комплекстері  нашарлауы  гельминттер токсикалы, токсико-аллергиялық  құбылыстар шақыруы (аскаридалар,трихинеллала) ішектің  шырышты қабатын  бұзып  жарақаттап қан ағызуға әсерін тигізеді.
Қан ағулар  анемияға  соқтырады, парогенді  микробтардың  ішектегі қанға кіруіне  жағдай жасайды, ішектің  ішкі қуысын  жабады, бауырдың  шығару  өзекшелеріне  ұйқы без өзекшелер,  аскаридалар жатады.
Барлық гельминттер  ішекте  коректік заттарды  пайдаланады,  бұл жалпы ауырсынуды  шақырады, А-витаминозға әкеліп  соқтырады.
             
  1. Глист жұмыртқаларына зерттеуге нәжісті жинау мақсаты, ерекшеліктері.
Нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу мақсатында пациентті дайындау жүргізіледі. Гельминтоздар түрін және ішек құртының түрін анықтау үшін пациентке алдын ала құртты жоятын,  қарсы дәрілер беруге болмайды.  Тексеруді 3-реттен кем емес қайталайды. Нәжіс жылы күйінде жеткізіледі. Өйткені суып қалса — қарапайымдылар өздерінің қозғалысын жоғалтады да, тез өледі. Нәтиже дұрыс болмайды.
Зертханалық  тексеруде  нәжісті  макро-микро  әдісі бойынша  көреді сонымен  серологиялық  тексеру (эхинококқа)   ең жаңа әдістер қолданады.  Нәжісті жинау  іс әрекетін мейіргер пациентке үйретеді. Сусыз судноға үлкен дәретке отырған соң, нәжістің әртүрлі үш жерінен 3-5 г нәжісті қалақшамен алып, даярланған ыдысқа салып, қақпағын жабады. Жылы күйінде жіберу үшін контейнерді жылытқышпен орауға болады.
 
  1. Нәжісті жасырын қанға жинаудың мақсаты, қолдану көрсетілімі.
Бұл талдауды асқазан-ішек жолдарының түрлі бөлімдерінен жасырын қан кетуді анықтау мақсатында өткізеді. Зерттеу мына мақсаттарда жүргізіледі:
-шырышты қабықтардың тұтастығының бұзылуымен өтетін асқазан-ішек жолдарының кеселдерін диагностикалау үшін (қарын мен онекі елі ішектің ойық жаралары, өңештің,
— асқазаннан, тоқ және аш ішектердің бірінші реттік және метастаздық ісіктері;
— ішек туберкулезі;
— асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының зақымдану дәрежесін анықтау үшін;
-ойық жаралы колит, тәбеттен айырылуда т.б жүргізілді.
 
  1. Нәжісті жасырын қан талдауын жүргізуде пациентті және ыдысты дайындау
Асқазан-ішек жолдарынан жасырын қан кетуді анықтау үшін нәжісті жасырын қанға жинау жүргізіліп зертханаға жіберіледі. Ол үшін пациентті дайындау қажет. Егер қызыл иегі қанаса, ол тістерін щеткамен жумайды, тек 3% сода ерітіндісімен шаяды. Егер емделу мұрыннан немесе геморроидалды қан кетумен ауырса, тексеру жүргізілмейді. Нәжіс  жинар алдында  пациентке процедура мақсатын  және алынған анализге қарай  пациенттің  ауруына  байланысты  диагноз қоюға маңызы зор  екені жайлы  айтып  түсіндіреміз.  Нәжіс жинар алдында нәжіске зәр араласпауы керектігін және жыныс  мүшелерінен  де  еш нәрсе араласпауы керектігін   айтып түсіндіреміз (етеккір кезінде). Науқасты  нәжістің зерттеу түріне байланысты    дайындаймыз, мысалы   науқастың  асқазан-ішек жолдарынан қан кеткен жағдайда , науқасқа  3 күн бұрын диета сақтауын  құрамында темір бар тағамдарды (ет, балық, қызанақ, жұмыртқа, барлық  жасыл жемістер, бауыр, уылдырық, қарамық ботқасы) және  құрамында темір бар    дәрілерді қабылдауға болмайтыны  туралы  айтып түсіндіреміз.
Нәжісті таза  дәрет ыдысын алып, дәрет ыдысына отырғаннан соң қанның барына күдіктенген жерден ағаш жаңқамен  үш жерінен   10-12-г нәжісті алуын, алынған  нәжісті таза бір реттік  қолданысқа арналған  қақпағы жақсылап жабылатын ыдысқа ½ көлеміне)  салып флаконның тығынын бекітіп, жолдама жазып зертханаға жіберіледі.
 
  1. Науқасқа және оның туысқандарына амбулаториялық  жағдайда  нәжісті жинау ережесін үйрету
 Науқасқа және оның  туысқандарына   нәжісті жинауды, зерттеу мақсатын , асқазан-ішек жолдарынан қан кеткен  жағдайда ,  науқас 3-күн бойы   құрамында темір бар тағамдарды (ет, балық, қызанақ, жұмыртқа, барлық  жасыл жемістер, бауыр, уылдырық, қарамық ботқасы) диета сақтауын,  жемеу керектігі жайлы   айтып түсіндіреміз. Сонымен қатар құрамында иод, бром, темір бар    дәрілерді қабылдауға болмайтыны  туралы  түсіндіреміз.
Науқасқа  нәжіс  жинар  алдында  әжетханаға барып жыныс мүшелерін  тазалап жуып, таза ыдысқа  ешқандай қоспасыз таза жинау керектігін  айтып түсіндіреміз.
Жиналған  нәжісті  контейнерге салып  ереже бойынша  тексеру орталығына  жылы күйінде  дер кезінде  жеткізілуі тиіс екендігін  айтып  түсіндіреміз.
Сараптама барысында  қауіпсідік шараларын  барлық жағдайда да қадағалау қажет, өйткені емделушіден   жұқпа   жұқтырып алмаудың  алдын-алуын   айтып түсіндіреміз.
Науқастың   туыстарына  биологиялық  материалмен  тікелей қатынасқа түсер алдында
бір рет қолданылатын    қолғаппен жұмыс істеу  керектігін түсіндіреміз:
  1. Зертханалық  ыдысты  сындырып алған  жағдайда және  әйнектер  сынықтарымен  жарақаттануды  болдырмау керектігін .
  2. Науқастан бөлінген биологиялық  материалдарды зерттеуден  кейін  канализацияға ағызар алдында    зарарсыздандыруды.
  3. Зертханалық ыдыстарды , дәрет ыдыстарын  нәжіс алғыштарды  және  т,б құралдарды  мұхият  қолдануын.
  4. Қолға емделушінің  бөлінулері тиген кезде  қолды антисептикалық ерітіндіге (0,1%дезоксон ,70%спирт) малынған тампонмен  екі минут бойы өңдеу керектігі,содан-соң 5минут  ағынды суға шаю  ережелерін  үйрету.