Табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтардың қазіргі проблемалары

Сейдакова Айкерім Сайлаубековна
Биология пәнінің оқытушысы
.
.
Жамбыл облысы Қазақстанның басты өнеркәсіптік аймақтарының бірі ретінде қазіргі кезеңде экологиялық жағдайының нашарлауымен нақты ажыратылады. Бұл қоршаған ортаның сапасын географиялық негізде басқарудың қажеттілігін анықтайды. Себебі географиялық негізде табиғи, әлеуметтік-экономикалық процестер және қоғам мен табиғаттың, адам экологиясының өзара қарым-қатынасының күрделі мәселесін шешудің қолданбалы элементтерін тұтастай қарастырады.
Аймақтағы табиғат ортасының экологиялық деградациясының дәрежесін анықтау үшін, ауадағы, су ортасындағы және топырақ-өсімдік жамылғысындағы әртүрлі заттардың шектеуге мүмкін концентрациясын қалыпты көрсеткіштері қолданылады. ШМК-ның көрсеткіші табиғат ортасының деградациясының шынайы мөлшерін ғана емес, сонымен қоса, олардың антропогендік әрекетке төзілу дәрежесін анықтайды.
Әрбір ландшафт табиғи қалпында өзі қалпына келетін жүйені құрайды және нақты құрылымымен анықталады. Антропогендік әрекет арқылы қалыптасатын өзгерістер географиялық жүйенің құрылымын өзгертеді де, не бұл өзгерістерді жоюға, не ландшафт құрылымын қайта құруға бағытталған реакция тудырады. Осылардың салдарынан ландшафттардың антропогендік модификациясы қалыптасады.
Антропогендік әрекеттердің интенсивтілігі мен ұзақтығына, сонымен қатар, географиялық жүйенің таксономиялық рангы мен құрылымының қалыптасу тереңдігіне байланысты ландшафттардың антропогендік модификациясында қайтымды өзгерістер болуы мүмкін. Антропогендік әрекеттердің қазіргі экологиялық өндіріске сәйкес барлық спектрі Талас өзені бассейнінің ландшафттарында байқалады. Талас өзенінің бассейні ландшафттық экологиялық деградациясы төмен дәрежедегі, деградациясы қалыпты дәрежедегі, деградациясы жоғары дәрежедегі аудандарға бөлінген. Деградациясы төменгі дәрежедегі ауданға табиғи жағдайға жақын ландшафтар жатқызылады. Олар заказниктерде, аласа тауларда және орташа тауларда сақталған; ластану көздерінен бірнеше ғана қашықтықта жатыр.
Климаттың ғасырлық тербелуіне байланысты аймақта құрғақшылық табиғи процестердің ұлғаюы және қазан шұңқыры мен Талас өзенінің ландшафтын шаруашылықта басым игеру, көлдердің су басуында оның түкпірімен өзгеруіне әкеліп соғуда. Бұл жерде химия өнімдері, нитраттардың МШК-дан асатын техногендік ластанудың түрлері кездеседі. Сонымен қоса, түптік шөгінділерде рендік концентрациясы 5 есе ұлғайтатын сынаптың бар екендігі тіркелген.
Деградациясы қалыпты дәрежедегі аудандарға негізінен қазіргі уақытта техногендік процестерге ұшырамаған территориялар жатқызылған. Бұл яғни, жайылым массивтер мен орташа, биік таулы қыраттардың ландшафттары. Мұнда радиациейдық реңнің әжептеуір жоғарылағаны байқалады.
Экологиялық жағдайының анализі, аса көп ластанғандарға НДФЗ өнеркәсіптікторбы мен Қаратау кен өнеркәсіп ауданы жататынын көрсетеді. Сондықтан аймақ ауасында ылғи да 100-ден астам токсикалық қоспалар бар, оның бесеуі атмосфера ластануының геохимиялық индексін анықтауда алынған шаң-тозаң, азоттың қос тотығы, фенол, бензолиден, формалдигед болып табылады. Атмосфералық ауаның құрамының өзгеруі антропогендік факторларға байланысты және ол ландшафттың жергілікті климатының қалыптасуына әкелуде. Соңғы жылдары Талас өзенінің суы тайыздап, ұсақ сулар кеуіп барады. Кейбір тұстарда қамыс-құрақ та сиреп, құрғап қалып жатыр. Мұның бәрі құстардың азая түсуіне соғып отыр.
Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкейкесті проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай буының әсері (парник), тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің азуына әкелуде. Жоғарыда аталған осы проблемалар қайткенде де адамзат өркениетінің болашағымен тығыз байланысты.
Адамдардың экологиялық проблемалары жер шарындағы бар табиғаттың өзекті проблемаларына айналып отыр. Табиғат пен қоршаған ортаға адамның ХХ ғасырдағы антропогендік әсер етуінің шамасы үлкен болады. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды, тіпті кейбір параметрі бойынша асып кетіп жатыр. Әрине, мұның көрінісі әртүрлі:
  • бұзылмаған жер көлемінің күрт азайып кетуі, олардың тозуы, биологиялық түрлердің азаюы, биосфераның сандық және сапалық жағынан да кедейленуі (азауы);
  • тұщы су, топырақ гумусын, биомассаны және өсімдік өнімдерінің орнын толтыруға «мұрша» бермей бәрін алып, тұтынып жатыр;
  • ХХ ғ. орны толмайтын минералдық және отындық қорларының тез азайып, сарқылуға жақындауы өз кезегінде қиын экономикалық проблемаларды тудырып отыр;
  • Құрамындағы заттар мен материалдар табиғат айналымында еш пайдаға аспайтын шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйенің бұзылуына әкеліп, адам денсаулығына қауіп төндіреді;
  • Ортаны реттеп тұратын биосфераның қызметі әлсізденіп, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі.
Адамның табиғатқа жағымсыз әсер етуінің де ұзақ тарихы бар. Бірақ, осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің жылдамдығындай болған емес. Бұл ғаламдық экологиялық дағдарыстың есіктен «сығалауы» деген сөз.
Өсіп отырған антропогендік қысымға табиғат бұрын-соңды көрмеген экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде:
  • ортаның химиялық және радиациялық ластануының әсерінен мутацияны тездетіп және жаңа биологиялық түрлердің пайда болуына әкеліп отыр. Олардың бейімделуі мен тұрақтылығы өте жоғары, ал кей жағдайда адамға қауіпті қасиеттерге де ие;
  • микроорганизмдердің, өсімдіктердің немесе жануарлардың жеке түрлерге таңдап жүріп әсер етуі, олардың табиғи бірлестіктен жойылуы көптеген түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып және олардың ішінен көбін бүлінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті реакцияларға жол ашады.
  • Ландшафтардың антропогендік тұрғыдағы қайта құрылуы мен ортаның ластануы экологиялық апаттар мен экономикалық шығындарға, экологиялық қауіп-қатері жоғары зоналардың пайда болуына әкелетін бақылауға еш келмейтін салдарлары да жоқ емес. Табиғат жауаптарының адам табиғатына тікелей қатысы бар.
Адам өзінің консервативті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн санап өсе түскен өгейсінудің арасындағы қайшылықтардың торында шырмалғандай күй кешуде. Өздері ойлап тапқан технологияны жақсы өмір сүру үшін тұрмыс құралдарын пайдалана отырып, табиғи сұрыптау мен түр аралық бәсекелестіктің қысымынан үлкен дәрежеде құтылып отыр. Ол биологиялық түрлер санынан бірнеше есе асып, биологиялық тұтынуды қанағаттандыру үшін заттар мен қуат (энергия) көздерін пайдалану көлемін ондаған есеге арттырады.
  • адам санының өсуі олардың биологиялық сапасының артуымен байланысты емес. Керісінше, тұқым қуалайтын аурулардың жұқпалы ауруларға бейімділігі, сондай-ақ егде адамдардың созылмалы да кең етек алып отыр. Адам экологиясының проблемалары денсаулықтың проблемаларына көп ұқсап келеді.
  • адамзат ХХғ өзінің тұтыну өркениетінің шегінде отыр. Экономика екінші қажеттілікті үлкен санына жабысуының арқасында тұр. Осылардың бәрін қанағаттандыру қоршаған орта мен табиғатымызға артық техногенді салмақ түсіреді.
    Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік және экономикалық проблемалармен өте тығыз байланысты.
     Қазіргі кезде ғаламшардың экологиялық проблемасын түсіну үшін, экологияның жаңа идеологиясы мен әдіснамасын жасау үшін табиғатты пайдаланудағы тәжірибелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Осы күнгі экологиялық жалпы міндеттерін ғылыми іс-тәжірибелік жоспарда ауқымды түсінік бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады:
-ғаламшар табиғаты жағдайының және оның ресурстарының жан-жақты диагностикасы, ортаның ластануы мен адамзат әрекетімен биологиялық қорлардың алынуына себеп адамның ісінен, антропогендік қысымға қатынасы бойынша биосфераның шыдамдылық шамасын анықтау;
-биосферасы ең маңызды өнім әлеуметінің табиғатын кешенді түрде толығымен қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның аймақтық және ғаламдық жай-күйін, аймақтың және адамзаттың толық әлеуметтік дамуының әр-түрлі елдердің түрлі сценарийі негізінде болжауын жасау;
-Адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен технологиясына сәйкес шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық экологиялық дағдарысты болдырмайды.
Негізінде жаңа экологиялық-экономикалық жобаны экономика саласында қалыптастыру үшін экономиканы дамытудың экологияландырылған тұжырымдамасын жасау талап етілуде. Қоғам мен технологиялық саланың өзара қарым-қатынасында қоршаған ортамен экономиканың барлық құрылымдары мен функциялары, яғни өндіріс, бөлу және тұтыну тартылған десе де болады. Адамзат қоғамының материалдық игілігінде шек жоқ, ал материалдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ресурстар шектеулі. Осыған орай, бұл байланыста экономиканың іргелі  тәртіптің негізіне байланысты қалыптасатынын әсте естен шығармаған жөн. Шектеулі ресурстар мен қажеттіліктерді барынша қанағаттандыруда экологиялық процестерді оңтайландыруда айқын көрініс табады.
     Ең бастасы — әлеуметтік және экологиялық-экономикалық зиянның аса зор болуынан қоршаған орта ластануда.
     Бұл проблеманы әлеуметтік-экономикалық саланың экологияландыру жолымен келесі жағдайлардың негізінде шешуге болады:
  • экологиялық факторлар мен ресурстарды, оның ішінде байлықтың өзге категорияларымен тең болатын экономиканың категориялар санында қайта жаңғыртылатындарды қосу;
  • экологиялық шектеулер мен төлем жүйесінің кеңеюімен балансталған табиғатты пайдаланудың принципін  және ресурстарды пайдалану мен өндіріс экономикасын бағындыру;
  • табиғатты қорғаудың функциясын тікелей өндіріс экономикасына енгізу;
  • өндірістің технологиялық жарақтану негізінде сапалы өсудің стратегиясына көшуі;
Осы күнге дейін табиғат қойнауынан қанша ресурстарды алуға болады және  оның салдары қандай болатындығы туралы нақты негіздеме  жоқтың қасы. Біздің экономикамыздың ресурстарды тұтынұға (пайдалануға) бейімделгендігі ғана белгілі нәрсе. Әрине, оны пайдаланудың өсе тусуі ұлттық табыстың өсу тепе-теңдігіне (бірдейлігіне) әкелмейді. Шетел тәжірибелері көрсеткендей, қай мемлекет табиғи ресурстарды аз пайдаланса, сонда ұлттық табыстың өсуі жоғары болып отыр.
Ғылыми-техникалық дамудың негізінде табиғат ресурстарын жасанды жолдармен алмастыруды енгізудің дәрежелері туралы мәселелер принципті бола бастады. Әрине, мұндай алмастырудың мүмкіндігі тым шектелуі. Ал, адам баласы үшін бірақтар маңызды экологиялық жүйе мен табиғи игіліктер тіптен алмастырылуға келмейді. Мысалы, отын ресурстарының орнына күн немесе жел энергиясын пайдаланатын болса, табиғи ландшафтарды, өсімдік пен жануарлар әлемін, озон қабатын және т.б. жасанды жолмен алмастыру мүлде мүмкін емес.
Қазіргі заманғы экономикалық теорияның ең бір қиындығы экологиялық факторлардың экономикалық категорияға еңгізілуі. өйткені маркстік саяси экономия тек қана адам баласының еңбек өнімін экономикалық категория айналымына (шеңберіне) енгізуге рұқсат етті. Шындығында бағалы ретінде құн шығын мен нәтиженің синтезіндей экологиялық жағдай мен табиғат ресурстарының бірлігінен көрінеді. Қоршаған орта факторы мен оның қандай да болсын құрылған формасына әсер етпейтін құн өмірде жоқ.