Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан

Тойшибекова Р.Д.
преподаватель казахского языка и литературы
Мақсаты:
Оқушыларға егемендігіміз туралы кеңінен мағлұмат беріп, тәуелсіздіктің жетістігін, жемісін көрсетіп өз Отанын, туған жерін елін сүюге және оны қорғай білуге баулу.
Көрнекілігі: тақта, кеспелер, тірек сызба, елтаңба, ту суреттері.
Сабақ барыс:
І. Ұйымдастыру бөлімі
— Сәлеметсіздер ме?
— Бүгін кім кезекші?
— Сабақ босатқандар бар ма?
ІІ. Негізгі бөлім
Менің Отаным –тәуелсіз Қазақстан
            «Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған,
Сөйлеймін десең, өзің біл» дей келе тәуелсіздігімізге арналған «Менің Отаным \ тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы сабағымызды бастаймыз
. —       Ал, балалар, сендер тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
—        (Қазақстан егемендік алып өз алдына дербес мемлекет болды).
—     «Тәуелсіз еліме» атты өлеңін мәнерлеп оқып шығайық:
Жақсы, біздің сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сынып оқушылары екі топқа бөлінген,  топтарға «Жас қыран», «Қанатты тұлпар» деп ат қойылды.
Таныстыру.
1 топ: Менің тобым:«Жас қыран»(20 топ), Ұранымыз: «Еркіндік қыраны шарықта».
2 топ: Менің тобым:«Қанатты тұлпар»(22 топ), Ұранымыз: «Биіктерге самғай бер! Шолпанға жет!».
Бұл сайыстың тапсырмаларымен таныстырайық. Ол мынадай бөлімдерден тұрады.
  Таныстыру
1 Ой қозғау
2 Кім шапшаң?
3Ойлан, тап.
4 Сен білесің бе?
5 мақал\мәтелдер.
Бірінші сайыс: «Ой қозғау» деп аталады.
 Жүздеген жылдар бойы ақсап келген күрестің арқасында 1991 жылы Қазақ халқы өз тарихында тұңғыш Президентін сайлады. Елдің аты Қазақстан Республикасы болып өзгерді. Дүниеге жаңа мемлекет Тәуелсіз Қазақстан Республикасы келді. Тәуелсіздігімізбен бірге рәміздерімізде келді. Бұл да жас тәуелсіз мемлекеттің егемендігін нығайту жолында жасалған маңызды қадам.
-«Жас қыран» тобы келіп, мемлекеттік ту жайында білгендеріңді айтыңдар.
-«Қанатты тұлпар» мемлекеттік елтаңба жайында сөйлеңіздер.
Елтаңба көгілдір түсті. Шаңырақ пен уық біздің Отанымызда тыныштықта өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Көшпенділердің өмірі атпен байланысты болғанын білдіретін қанатты тұлпар. Отанымыздың байлығы.
Елтаңба
Алтын талы шашақты,                   Ешкімді де қас көрме
Көтерді де таң атты                        Бірақ қасқа дес берме
Түндігіміз нұрлы да,                      Айбыны болар елімнің
Тұлпарымыз қанатты.                    Елтаңбасын қастерле
Ту туралы:
Көгілдір түсті ол бірлік пен ашық аспанды бейнелейді. Сәуле шашқан алтын күн – тыныштық пен байлық, қалықтаған бүркіт дархандық пен қырағылықты меңзейді.
Біздің ту . Мөлдір.
Туың қандай?                               Туың қандай?
Ту қандай!                                   Ту қандай!
Тура аспаннан туғандай             Таң нұрынан туғандай.
Ал аспанды Қазақтың                 Қыран құсты самғатып
Көңілімен жуғандай!                 Күн құшақтап тұрғандай.
Қазақстан Республикасының әнұраны. Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов. Бұл әнұранды өз мақтанышымызбен ерекше, салтанатты орындауымыз керек.
Екінші сайыс: «Кім шапшаң?» деп аталады.
Әр топқа сұрақтар қойылады, кезекпен жауап береді.
Үшінші сайыс: «Ойлан, тап». «БАЙРАҚ», «ҚАЗАҚСТАН» сөзінен сөздер құрау 
Келесі төртінші сайыс кезеніміз «Сен білесің бе?» деп аталады.
— Ұпайлар саны тақтада жазулы, астында сұрақтар. Дұрыс жауап берсе, сол команда ұпайды ұтып алды.
— Тосын сый шығатын болса, ұшып бара жатқан құсты немесе жүріп бара жатқан машинаны бейнелейді. Ұпайын алады.
5 ұпайдың сұрағы: Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.     бауырсақ,қазы қарта….
10 ұпайдың сұрағы: Қазақтың ұлттық ойындарын ата.    алтыбақан,асық….
15 ұпайдың сұрағы: Қазақтың музыкалық аспаптарын ата.                                                                                              қобыз,домбыра,сыбызғы,сырн
20 ұпайдың сұрағы: Қай жылы Президент жарлығымен Ақмола – Астана деп аталды.                                                                                                                                           1998 жылдың 6 мамырында
5 ұпайдың сұрағы: тосын сый
10 ұпайдың сұрағы: тосын сый
Бесінші сайыс: «Мақал\мәтелдер сайысы».
Мақал\мәтелдер \ қазақтың қысқа, әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы дегендей мен сендердің мақал\мәтел туралы білімдеріңді тексеремін.
-Кезекпен мақалдың басын бір топ айтса, екінші топ жалғастырады.
Хормен айтылады.
Бәріміз бір топпыз
Жалқаулыққа жоқпыз
Аянбай еңбек етеміз
Мұратымызға жетеміз
Бір\бірімізге тірекпіз
Бірге соққан жүрекпіз.
Міне, балалар біз Егеменді Тәуелсіз Республика болып, өсіп, өніп, өркендеп, көптеген жетістіктерге жеттік. Қазақстанның бай екеніне, кең екеніне көз жеткіздік. Алдағы уақытта Тәуелсіз еліміз Қазақстанды қорғап, мақтан етіп, оның өсуіне одан да әрі қарай өркендеуіне біз де үлесімізді қосайық.
-Келесі сөз әділқазылар алқасына беріледі.
— Жеңілген топ өнерлерін көрсетеді.