Өндіріс жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар

Сериккалиева Камажай Бактыгереевна
Өндірістік оқыту шебері
.
.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Жұмыс кәсіпорны қызметкерлерінің салауатты да қауіпсіз еңбек жағдайын туғызу, студенттерді теориялық және практикалық тұрғыда дайындау.
Тәрбиелік:
Студенттерді  ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, өздігінен жұмыс істеуге үйрету, бір-бірінің білімін бағалай білуге, өзінің жетістігіне қуана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Студенттерді ойландыруға, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білуге,өз беттерімен ізденіс жұмыстарын жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері:Топпен жұмыс,сұрақ-жауап, ізденіс әдісі,жүйелі қайталау,талдау, салыстыру, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд , бейнефильм «Өндіріс жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар»,арнайы манекедер т.б.
Сабақтың техникалық құралдары: Мультимедиалық проектор,интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Физика, сызу,еңбекті қорғау,электр монтаждық жұмыстары.    
Пайдаланған әдебиеттер және оқу құралдары:
 «Еңбекті қорғау», «Электрлі монтаждау жұмыстары»,  1. Табиғи заттар/үлгілер (құралдар, механизмдеп, инструменттер, дифференцияалдық манометрлер, термометрлер, расходометрлер т.б);
  1. Тақырыптық плакаттар жиынтығы (таблицалар, сызбалар т.б.)
Сабақтың барысы мен ұйымдастыру мазмұны:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын пысықтау
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  1. Жаңа тақырыпты қорытындылау (бекіту)
  2. Үйге тапсырма
  3. Бағалау
  4. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, сабаққа қатысты , аудиторияның тазалығын тексеру. Студенттердің көңілін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Топпен жұмыс жасау.
  5. Үй тапсырмасын пысықтау:
Тақырыбы: « Баптауға жіберу жұмыстарын инженерлік дайындау»
1.Өлшем бірлігі дененіміз не,оны қалай түснеміз?
2.Қызу өлшеуіш аспаптар деп қандай аспаптарды атаймыз?
3.Шығын өлшеуіш аспаптардың жұмысы қандай?
4.Қысым өлшеуіш аспаптар дегеніміз не?
5.Барлық өлшеуіш аспаптардың  ақауларын ата.
III. Жаңа  тақырыпты  түсіндіру:
            Біздің елімізде еңбеккерлердің еңбегін қорғауға өте жақсы көңіл бөлінеді. Әр өндірісте жұмыскерлерге кең көлемдемарнаулы аяқ киіммен, киіммен және жеке тұлғаны қорғау қауіпсіздік техникасының ең сенімді құралдары енгізілуде. Өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруларды кәсіпорындарда санитарлық гигиеналық жағдайлар жасалуда.
Еңбек туралы заң негіздеріне сәйкес барлық кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда еңбектің қауіпсіздік шаралары жасалуы тиіс. Ережелер бойынша жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс істеу ережесін белгілейтін еңбек қорғау жөніндегі нұсқауларды орындауға міндетті. Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды, сондай-ақ ерекше температура жағдайында немесе лас жұмыстарда жұыс жасайтын қызметкерлерге белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім, арнаулы аяқ киім және жеке қорғану құралдары беріледі. Жұмысшылар мен қызмметкерлер өздерінің еңбек міндетін атқаруына байланысты мертіккенде немесе денсаулығына басқалай залал келгенде ережелер бойынша кәсіпорындарға жауапкершілік жүктеледі. Мекемелерде еңбекті қорғаудың ең маңызды түрінің бірі – бояу түстері. Бояулардың түрлері санаулы ғана болу керек. Ескертпе түрлер қай кезде болса да, анық көрінуі тиіс. 12.4,026-76 стандарты бойынша қызыл, сары, жасыл және көк бояуларын таңдайды.Өндірістердегі бөлмелерді ақшыл-көк түспен бояйды. Шаң – тозаң көп болатын өндірістік бөлмелерді күлгін түсті бояумен. Ал ауыр жұмыс түрлеріне контраст бояулар көп болу керек. Себебі кез келген уақытта бір көз қараспен тез анықтау үшін. Төтенше жағдайларды болдырмау үшін жасыл түспен бояйды. Мысалы техникалық машиналарының рычагтарын, қырқаяқтарын т.б. сол сияқты.    
Қызыл бояу түрі – ол өте жоғары қауіпті жағдайдың болмауын ескертетін түрлердің бірі, мысалы рычагтар, кнопкалар. Ол бояумен белгі бар жерде құлап кетуіңіз, итеріп жіберуі, қысылып қалуыңыз, тайып кетуіңіз немесе тоқ соғуы т.б. ауыр жағдайлардың болуы мүмкін. Көп жерде ол бояумен бірге мына сөздер жазылады — «Огонь”, «Стоп”, «Запрещено”, «Явная опасность”, «Осторожно”. Бояуларды қалай болса солай жаға бермей материалдың көлеміне, тұрған орнына, тез көзге байқалатындығына қарай бояйды: 6 м – 20 мм, 6 – 20 м – 50 мм, 21 – 40 м – 100 мм, 41 – 70 м – 200мм.
  Сары бояу түрі- көбінесе құрылыс материалдарының қауіпті жағдай тудыратын түрлері боялады және де өндірістегі құрал – жабдықтардың талаптарын білместен қолданбауға керектігін ескертетін жабдықтарда болады.  
   Жасыл бояу түрі – құрал жабдықтардың ешқандай қауіпті жағдай туғызбайтынын алдын ала ескертетін бояулардың түрлері. Бұл бояулармен үлкен мекемелерден қысқартпа жолмен шығатын жерлері, аптекадағы шкафтар, жолдардағы светофорлар т.б. қауіпсіз деген жабдықтар.    Бұл бояу түрімен бірге кей жерледре «Путь свободен”, «Первая помощь”, «Выходить здесь”, с.с. терминдер болады.
  Санитарлық көз-қараспен мекемелердің қараңғылау бөлімшелерін, бұрыштарын ақ түсті бояумен боялады.Бояулар тек бір түсті болмай контрсат түрінде боялады. Солардың бірі қауіпті сұйықтықпен толтырылған бактар – қызыл түске ақ бояумен полоска келтіріледі. Өндірістерде техникалық және көмекші операцияларды жүргізуде қызмет етушілер ЖҚҚ қолданылуы керек. Ал жабық сыйымдылықтың ішінде жұмыс жасаған кезде ЖҚҚ еңбекті қорғауды қамтамасыз  етуі керек. ЖҚҚ: арнайы киім, арнайы аяқ киім, демалу жолдарын қорғайтын құралдар, қолды қорғайтын құралдар, басты қорғайтын құралдар, көзді, есту органдарын қорғайтын құралдар.
Арнайы киім адам денесін өндірістік заңдылықтардан қорғау, әсер етпеу, тазаланып тазаланып тұру және олар қолайлы болу керек. Ылғалды қорғайтын арнайы киім су өткізбейтін және суға төзімді болып келеді. Арнайы киім жұмысына мұнайдан, майдан, бензиннен, органикалық өткізгіштерден және ароматты көмірсутектерден қорғауға арналған. Арнайы аяқ киім жұмысшының аяғын қоршаған ортаның зиянды әсерінен, агрессивті заттардан, шаңнан қорғауды қамтамасыз етеді. Басты қорғау құралдары басты механикалық жарақаттанудан, электрлік тоқтан сақтау үшін әр түрлі каскалар да қолданылады. Каскалар амортизаторлармен жабдықталады. Қолды қорғау құралдары өндірістегі зияндылықтарды және еңбек шартына байланысты түрлері болады. Өндірістерде техникалық және көмекші операцияларды жүргізуде қызмет етушілер ЖҚҚ қолданылуы керек. Ал жабық сыйымдылықтың ішінде жұмыс жасаған кезде ЖҚҚ еңбекті қорғауды қамтамасыз  етуі керек. ЖҚҚ: арнайы киім, арнайы аяқ киім, демалу жолдарын қорғайтын құралдар, қолды қорғайтын құралдар, басты қорғайтын құралдар, көзді, есту органдарын қорғайтын құралдар.
Қолды қорғау құралдары өндірістегі зияндылықтарды және еңбек шартына байланысты түрлері болады. Электр энергиясын құрылғылар мен аппараттарға қолданған жағдайда нұсқауда баяндалған электр қауіпсіздігінің шараларын бұлжытпай орындау керек. Электр өткізгішінің изалиацияның бүлікпес үшін электр өткізгішті шегеге, металл және ағаш заттарына ілуге,өткізгіштерді сырлап ақтауға,бұрауға,разеткадан тартуға болмайды. Электр лампасын тазартқанда, сондай-ақ оларды ауыстырып салғанда ажыратқышта тоқтан айырады. Ал электрөткізгішті жөндегенде толықтай ажыратады.
  1. Жаңа тақырыпты қорытындылау: (бекіту)
     Студенттердің жаңа тақырыпты қалай меңгергенін бақылау.Еңбек ету кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзуға жол бермеуін,ескерту.
  2. Жеке қорғаныс құралдары дегеніміз не?
    2.Өрт қауіпсіздігі?
    3. Өндірістің техникалық және пайдалану ережесінің бұзылуы ?
    4. Электр қауіпсіздігі?
    5. Ең бастысы – қалай алғашқы көмек көрсетуміз керек?
  3. Үйге тапсырма:
    Осы тақырыпқа байланысты мәнжазба жазып келу.
    VI.
    Бағалау: