ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ҮРДІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АРНАЙЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Алекешов Гибрат Хайдарович

Өндірістік оқыту шебері

.

.

Оқыту үрдісінің негізгі мақсаты — білім мазмұнын меңгеру. Бұл оқыту бағдарламасындағы нені оқыту керек және неге үйрету керек деген сөз. Білім беру мазмұнынында кәсіби техникалық білім беру негізінде білікті жұмысшыларды дайындау мақсатында әлеуметтік мақсаттар көрсетіледі. Оқыту үрдісінің барлық негізгі компонентері тығыз байланысты. Оқыту мақсаты білім мазмұнында анықталады. Білім мазмұны оқытушының оқыту формасы мен әдісін ( педагог әрекеті) және оқытуды ( оқушының әрекетті) анықтайды. Оқыту мен оқу тығыз байланыстағы бірлескен әрекет. Өндірістік оқытуоқу процесінің бір бөлігі мен шебердің іс-әрекетіне нұсқау беруді қамтиды және оқушылардың оқу-жаттығуы қызметінің бөлігі болып табылады. Өндірістік оқыту үрдісі-теория мен практиканың тығыз байланысы.

Өндірістік оқыту  процесі   әр түрлі нысандар және әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Білім алушының оқу-өндірістік мінезін, осы қызметке басшылық пен сабақ құрылымдары, оқыту түрлерінің астында  оқу-тәрбие процесінің сипатын айқындайтын тәсілдерін түсінуге болады. Білім алушының оқу процесін ұйымдастыру түрлері мен оқу-өндірістік қызметін ұйымдастыруды ажырата білген жөн. Білім алушылардың оқу шеберханалары мен оқу — өндірістік  кәсіпорындар учаскелерінде өндірістік оқытудың негізгі ұйымдастыру түрі ол сабақ болып табылады. Ішкі қызмет  шебердің  нұсқаулығын  қамтиды, және өзін-өзі бақылау, ойдағы іздеу процесін ұтымды тәсілдерін орындау, оларды тексеру және т. б.

 Болашақ мамандарды даярлауда оқу процесін өндіріспен байланыстыру — басты мәселе. Өйткені, оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындарға байланыссыз білікті мамандар дайындау мүмкін емес. Болашақ мамандардың кәсіптік жарамдылығы өндірістік оқыту барысында байқалады. Олардың көбі өздерін жан-жақты көрсету барысында жұмысқа орналасуға жолдама алады. Кез-келген жұмыс берушілердің жас маманға қойылатын талаптары болады. Бүгінгі білім алушы-ертеңгі маман бойынан қандай қасиеттері табылуы тиіс? Қазіргі жасөспірімінің жеке басының басты сапаларының бірі – еңбек көзқарасы, еңбекті бағалауы және өз бетінше кәсіп жасап, еңбек етуі. Олар колледж қабырғасындаоқу- жатығу тақтайшаларымен жатығып жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар болашақ жас мамандарда жауапкершілік өз бетімен шешім қабылдай білу қасиеттерімен қатар өндірістік машық кезінде өз-өзін ұстауы, тілдесе білуі, сыртқы келбеті, киім киісі де маңызды роль атқарады. [№3/2014  103-104 бет]  

Сапалы білім негізі – жан–жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші өндірістік оқыту шеберінің еңбегі. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Өндірістік оқыту шеберінің білім алушыны  өндірістік оқытудағы   басшылық қызметінің мазмұны нақты мазмұнына  байланысты (кәсіптер, тақырыптар) және оқу кезеңдері, білім алушылардың дайындықтары, оқыту шарттары.

Білім алушының оқу-өндірістік қызметінің түрлері оқыту кезінде қолданылатын әр түрлі  оқыту процесін ұйымдастыру  фронтальды — топтық, бригадалық және жеке болып келеді. [№2/2016  74-75 бет] 

 Осы тақырыпты таңдау себебім — бұл  тақырып оқу процесіне айырмашылығы – практикалық және кәсіптік білімнің біріктірілуінде.  Оқу жоспарында өндірістік практикалық сабақтарға өте аз сағат берілуіне байланысты туындап тұрған жағдай. Осы аталған жағдайларды болдырмау мақсатында оқу процесіне сабақтан тыс – өндірістік оқытуды ұйымдастыруды қарастырып отырмын. Аталған тақырып бойынша негізгі басым бағыттың бірі еңбек нарығына қажетті маман даярлау болып табылады. Бүгінгі таңда колледжімізде оқушылардың қалада және қала сыртындағы кәсіпорындарында өндірістік тәжірбиеден өту мүмкіндігі зор. Біз өндіріс орындарының тапсырысы бойынша мамандар даярлаймыз. Бүгінгі мамандықтардың ерекшелігі сол – бітіруші түлек жұмысыз қалмау керек. Мамандар өндірісте жұмыс жасағанда кейбір мәселелерге туындамас үшін, жұмыс беруші өндірістік оқыту процесінің барлық уақытын тиімділікпен өткізген жөн. Оқу орындарымен бірлесе отырып жұмыс жасау өндірістік мекемелер үшін өте тиімді, себебі өзіне келетін болашақ кадрларды дайындауға үлесін қосу болып табылады. Бүгінгі білім беру процесінде оқушымен жеке жұмыс жүргізу арқылы дарындылықты дамыту, оқушының жеке зерттеу жұмысына танымдық белсенділік арқылы қызығуды қалыптастыру өндірістік оқыту шебер үшін маңызды. Әрбір оқушы өз мамандығын жетік меңгеру үшін, практикалық білімін сабақтан тыс уақытында қосымша жетілдіруге, сонымен қатар қоғаммен тез тіл табысуға үйренеді және жауапкершіліктің не екенін сезінеді. Біз көбіне теорияға 60%  ал практика жағына тек 40% ғана мән береміз. Осының салдарынан практикалық жағымыз әлсіздік танытып отыр. Мұндай жағдайда оқушылардың теория барысында алған білімдерін, сабақтан тыс уақытында жүзеге асыру яғни қосымша тәжірбие мен даярлау қажеттілігі туындайды.

 

Суретте электр монтаждық зертханада өндірістік оқыту

Аталған тақырыпты оқығанда өндірістік оқытудың формаларының анықтамасынан бастаған дұрыс. Өндірістік оқытудың формасы деп сабақ барысында оқыту шеберімен (оқытушымен) оқушылардың өзара қарым-қатынасын айтады, сабақ барысында оқушылардың іс-әрекетінің ұйымдастыру жолы болып табылады, және оған өндірістік оқыту режимі мен өткізілетін жерін жатқызуға болады. Өндірістік оқыту сабағын ұйымдастыру барысында нұсқау жұмыстарының ерекше орын алатынын ескере отырып оның мынадай түрлері: кіріспе, нұсқау, негізгі нұсқау (негізгі бөлім), қорытынды нұсқау.

Енді өндірістік оқытудың сабақтан тыс формаларына тоқталып кетейін. Өндірістік оқытудың сабақтан тыс формалары. Өндірістік оқыту процесі негізінде оқу шеберханалары мен өнеркәсіптің оқу учаскелері, цехтарында жүргізіледі де, шебер барлық топтармен бір мезгілде жұмыс атқарады. Мұнда сабақтан тыс өндірістік оқытудың мына түрлері жүзеге асырылады:

  • Оқушыларды білікті жұмысшылар бригадасы құрамында жасақтап оқыту.
  • Білікті жұмысшыларға оқушыларды жекелеп, даралап немесе топтап бекіту.

Өндірістік оқытуды ұйымдастырудың мына негізгі формалары: 
     Топтық — шебер бір мезгілде барлық оқушылармен жұмыс істейді, барлық топтарда сабақ мақсаты бірдей.

Бригадалық оқыту түрі — шебер не білікті жұмысшы бір мезгілде жекелеген оқушылар бригадасымен жұмыс істейді, әрбір бригада өз алдына ерекшелігі бар оқу-өндірістік мақсат қояды.

Жеке — жеке  оқыту — әрбір оқу оқушымен жеке жүргізіледі.

Қорыта келе, білікті жұмысшыларды дайындауда кәсіптік білім беру жүйесінде өндірістік оқытудың негізгі формасы – сабақ болып қала береді. Сондықтан әр білім алушыға кәсіптік бағдар беруді өндірістік оқыту ісімен нақтылы көмек көрсете білуі абзал. Өндірістік оқытудың өз дәрежесінде өтуі оқыту құралдарының, материалдық-техникалық базаға және оқушының оқу өндірістік әрекетіне байланысты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Техникалық және кәсіптік білім ( ақпараттық – әдістемелік журнал)

2.Техника қауіпсіздігі ( кәсіптік білім)  Астана – 2016 ж

3.Электромонтер Ж. Жәнібеков, Д. Дүрманов , Б. Тобжанов  ( оқулық)   Астана – 2010 ж

4.Қазақстан кәсіпкері № 2,  Астана — 2016 ж