Әнші балапан

Исмагулова Зарина Амангелдіқызы
Музыка мұғалімі
.
.
Мақсаты:
       Оқушылардың әнге деген құмарлығын байқау және балалардың түрлі әуендерді білу, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қолданылған көрнекіліктер:  әншілердің фото суреттері.
Техникалық құралдар: ноутбук, проектор.
Мұғалім: Қош келдіңіздер құрметті де, аяулы ұстаздар, сүйікті біздің мектебіміздің оқушылары және бүгінгі біздің сазды ойынымызға қатысушылар, ән сүйер ойыншылар!
              «Құлақтан кіріп бойды алар,
               Әсем әнмен тәтті күй.
               Жүрекке түрлі ой салар,
              Әнді сүйсең менше сүй!»,- деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, ән өнерін  сүйетін шәкірттерге арналған ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Біздің  жан-жағымыз толы әуен,  музыка.  Сендердің әрқайсыларыңның сүйікті әндерің  немесе сүйікті әншілерің бар.
Айтыңдаршы ,сендер қандай әнді жақсы көресіңдер? (балалардың жауабы). Ал енді осы музыкалық білімдеріңді бүгінгі сайыс  арқылы білеміз.  Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы «Әнші балапан!»     
Сайысыымызды бастамас бұрын әділ- қазылар алқасымен танысып өтейік.
Дир. тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Тургунбаева Н.К.
Дир. ғылыми жоба жөніндегі орынбасары: Шибучикова А.Д.
Технология пәнінің мұғалімі: Кембаева А.Т.
Сайыс шарты бойынша екі топқа бөлінуіміз керек.
(Екі топқа қатысушыларды бөліп, топ жетекшісін сайлау және топқа ат қою)
Бірінші топ:  «Домбыра»
Екінші топ:  «Нота»
Сайыс бес бөлімнен тұрады.
1 бөлім: «Балғын шақ әуендері» деп аталады, мұнда біздің ойыншылар балабақша, мектеп қабырғасында үйренген, естіген қазақша, әуен-әндерді табу.
2 бөлім:  «Музыка  пәні бойынша музыкалық сұрақтар»
3 бөлім:  «Смайлик» деп аталатын тапсырма, балалар презентацияда смайлик пен суретке қарап өлеңнің атын айту.       
4 бөлім: «Жұлдыздар дауысы»  деп аталады мұнда да біздің қызба ойыншылар теледидар, радио арналарынан көріп, естіп біліп жүрген әншілерінің дауысын ажыратып, әнші  топ аттарын тауып айтып беру.
5 бөлім: «Әнді мазмұнына қарай табу» деп аталады, мұнда топқа арнайы уақыт беріліп, тыңдаған әнді ойыншылар тобымен ақылдасып, қандай ән екенін айту.
Тыңдап өскен жасымнан дала сырын,
Ізгі жолын жалғаған бабасының.
«Өнерімді өмірім» деп мұрат тұтқан,
Әнге ғашық қазақтың баласымын — қатысушыларымызға сәттілік тілейміз.
1 бөлім: «Әнші балапан» сайысын бастаймыз. Бұл сайыста әр топқа кезекпен әндер тыңдатылады. Әннің атын немесе сөзін табуларың керек.
Бірінші  әндер  «Домбыра» тобына арналады.
  1. «Жаңа жыл» әні
  2. «Ертегілер» әні
  3. «Өмір өзен» әні
  4. «Құстар қайтып барады» әні
  5. «Ана туралы жыр» әні
Енді «Нота» тобына арналады.
  1. «Бәрі жақсы болады» әні
  2. «16 қыз» әні
  3. 3. «Алматы түні» әні
  4. 4. «Балалық шақ» әні
  5. 5. «Ұстазым менің ұстазым»
Міне, осымен бірінші бөлім  әндерінің шеруі аяқталды. 
2 бөлім: Келесі сайысымызда сұрақ-жауап арқылы  теориялык білімдеріңді сарапқа саламыз, музыка  пәні бойынша музыкалық сұрақтар 
  1. Әнді шығаратын адам:
 а) вокалист         ә) сазгер            б) ақын      
  1. Мына суреттегі тұлға кім? (Нұрғиса Тілендиев — композитор, дирижер, күйші)
  2. Өзі құстың да аты, әннің де аты: а) Мектебім, б) Анашым, в) Бұлбұл.
  3. «Қазақтың бұлбұлы» атанған атақты әнші:
     а) Бибігүл Төлегенова, ә) Роза Бағланова,  б) Мақпал Жүнісова.
  1. Мына сөздер қай әнде кездеседі:
    Угай — ай, Ән салшы-ай
     а) Бипыл, ә) Бір бала, б) Қамажай.
  1. «Қазақ вальсінің королі» мына суреттегі тұлғаны табыңыз (Шәмші Қалдаяқов ).
  2. «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай» әндерінің авторы
      а) Ыбырай Алтынсарин, ә) Сәкен Сейфуллин, б)  Абай Құнанбаев  
  1. Қазақ елінің ауыр кезеңін суреттейтін ән
      а) Елім-ай, ә) Қазақстан, б) Атамекен. 
  1. Мына әндердің ішінен қазақтың халық әнін тап
      а) Желсіз түнде жарық ай, ә) Угай-ай, б) Қанеки, тілім, сөйлеші
  1. Сызылған үні, сүйкімді тілі,
      Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі
      а) Қылқобыз, ә) Домбыра, б) Сыбызғы.
3 бөлім:  Презентацияда смайлик пен суретке қарап өлеңнің атын айту.       
4 бөлім: « Жұлдыздар дауысы»  сайысы . Бұл сайыста әннің орындаушысы кім екенін табуымыз керек.
  1. «Отан-Ана» әні — Батырхан Шукеев
  2. «Күзгі бақ» әні — Муз-арт тобы
  3. «Қазақстаным Алға» әні — Алтынай Жорабаева
  4. «Белгісіз жан» әні — Орда тобы
  5. «Ризамын» әні -Кеш You
  6. «Қайда?» әні — Ерке Есмахан
  7. «Атамекен» әні — Ескендір Қасанғалиев
  8. «Айгөлек» әні — Роза Рымбаева
  9. «Сағыныш сазы» әні — Талғат Жорабаев
  10. «Аңсайды жаным» әні — Қайрат  Нұртас
5 бөлім: Әннің де естісі бар, есері бар  —  дегендей әрбір әнді айтарда  мәніне , мағынасына, мазмұнына қарай  таңдай  білуіміз керек.
  1. Бұл әнде – бір малдың төлі туралы айтылады/ Қошақан/
  2. Бұл әнде – аңыз, қиял туралы айтылады/ Ертегілер/
  3. Бұл ән – қағаз, қалам ұстаткан адам туралы айтылады/Ұстазым/
  4. Еліміздің жүрегі, әдемі қала туралы ән/ Астана/
  5. Кіндік қаны тамған жер туралы ән / Отан/
  6. Анасының сәбиіне айтатын ән / Бесік жыры/
  7. Қазақтың ұлттық аспабы туралы ән / Домбыра/
  8. Қазақтың қонаққа жаятын байлығы туралы ән / Дастархан/
  9. Білім ордасы туралы ән / Мектебім/
  10. Ата-ананың анасына арналған ән / Асыл әжем/
Осымен бүгінгі  сайысымыз өз мәресіне жетті.  Әділ-қазыларға сөз беріледі. Марапаттау рәсімі.
Бүгінгі сайысымыз сіздердің музыкаға деген аз да болса сүйіспеншіліктеріңді, ынталарыңды арттырды деген үміттемін. Өнерлеріңіз өркендей берсін!
Сау саламатта болыңыздар!