Қоғамдық тамақтану кәсіпорны

Жамалова Рамиля

Жетекшісі: Алимходжаева Айгерим Талгатбековна 

.

.

Қоғамдық тамақтану-халық шаруашылығы саласы, аспаздық өнімдерді өндірумен, сатумен және тұтынуды ұйымдастырумен айналысатын кәсіпорындар жиынтығы. Яғни, бұл саланың көптеген түрлері бар. Мысалға айтатын болсақ: конақ үй, мейрамхана, кафе, асхана, пиццерия, кішігірім кофейня, кондитерлік, шұжықтық, жартылайөнім, ет, балық және тағы да басқа. Әрине, олардың өзі бірнеше топтарға бөлінеді. Олар:

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары-аспаздық өнімдерді, ұннан жасалған кондитерлік және тоқаш өнімдерін өндіруді, сондай-ақ оларды сатуды және (немесе) тұтынуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Дайындау кәсіпорындары немесе қоғамдық тамақтандыру цехтары — жартылай фабрикаттардың, аспаздық өнімдердің, ұннан жасалған кондитерлік және тоқаш өнімдерінің орталықтандырылған механикаландырылған өндірісін, олармен дайындауға дейінгі кәсіпорындарды, аспаздық дүкендерді және бөлшек сауда кәсіпорындарын қамтамасыз етеді.

Дайындауға дейінгі кәсіпорындар (қоғамдық тамақтандыру) — жартылай дайын өнімдер мен аспаздық өнімдерден тағам дайындауды, оларды өткізуді және тұтынуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

   Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын айта кетсек , бұл тармақта қонақпен тікелей  қатынас болады. Әр-бір адам өмірінде бір рет болсын осы кәсіпорындарда болған. Сондықтан, қызмет көрсету түрлері де әр кәсіпорында әр – түрлі екенін  білеміз. Мысалға, даяшы арқылы немесе даяшысыз.  Қызмет көрсету процесінде кулинарлық өнімді тұтынушыға қамтамасыз ету бойынша және тұтынушыларға демалу ұйымдастыру бойынша әр түрлі іс-әрекеттердің нәтижесінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның қызмет көрсетуі болып табылады. Адам мән –жайларға, бюджет мөлшеріне және ол жерге бару мәніне байланысты баратын тамақтану кәсіпорынның статусына қарайды. Статусына қарай , әрине, қызмет көрсету деңгейі әртүрлі. 

    Тамақтану кәсіпорындары бізге дейін жүз жыл алдымда болған, қазірде бар, жүз жыл кейін де болуы әбде мүмкін. Өйткені, «адам баласы тамақтанған, тамақтанып жүр және де тамақтанады».