ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНЫҢ МӘН-МАҢЫЗЫ

Каскарауов Ершат Муратбекович

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

.

.

Мектептегі дене тәрбиесі оқушылардың ақыл ой және дене қабілеттерінің дұрыс дамуына көмектеседі, ерік сапаларын қалыптастырады, күшін арттырып, денсаулығын нығайтады, организмін шынықтыру мен спорт саласындағы керекті дағдылармен қаруландырады.

Жоғарыда саналып өткен міндеттер негізінен дене шынықтыру сабақтарында жүзеге асатын мектептердегі дене тәрбиесінің бүкіл жүйесін дұрыс жолға қойған жағдайда ғана ойдағыдай шешіледі. Сондай-ақ, оқушыларға оқу сабақтары басталғанға ұдайы гимнастика жасатып, оқу күні барысында дене  шынықтыру минуттарын, үзілістерді, ұзақ үзіліс кезінде, серуен, денешынықтыру шараларын ұйымдастыру өте маңызды.

Әр мұғалім, әсіресе сынып жетекшісі оқушылардың дене тәрбиесіне өте үлкен көңіл бөлуі қажет,өйткені қимыл әрекет балалар мен жасөспірімдер организімінің жетілуінің басты шарты болып саналады.

Дене шынықтыру жаттығулары бұлшық ет жүйелерін қимылға келтіреді де, сол арқылы барлық қалған органдар мен жүйелердің де қызметтерін күшейтіп, организмдегі жалпы алмасу мен әрекеттік мүмкіндіктің артуына көмектеседі.Сондықтанда дене жаттығуларымен  үнемі  шұғылданып жүрген оқушылармен дене жағымен жақсы жетілген, мектептегі үлгерім жағынан ең озат, техникалық оқыту кезіндегі еңбек операцияларын игеруі жағынан басқаларға қарағанда шапшаң келеді.

Дене шынықтыру жаттығулары табиғаттың табиғи күштерін (күн,ауа,су) барынша мол пайдалана отырып, тиісті гигиеналық жағдайларда өткізілген кезде ғана зорсауықтырғыш нәтижеге жетеді.

Дене шынықтыру жаттығулары өте қатаң мөлшерленіп, шұғылданушылардың жасы, жынысы, дене дайындығын есепке ала отырып жасалуы және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Сабақтар біртіндеп қиындауы, қиын жаттығулар жеңіл жаттығулармен  алмастырылып отырылуы керек. Бұлай етпеген жағдайда дене жаттығулары оқушылардың артық күш жұмсап, шаршауына әкеп соғуы мүмкін. Егер шұғылданушылардың қимыл үйлестігі бұзылып, көңіл-күйі, ұйқысы нашарласа, тітіркенгіштік, бозарушылық, тынысы тарылу, жүрек маңынан ауруы және т.б. байқалғандай болса, сабақ уақытша тоқтатыла тұруы қажет.

         Үздіксіз жүргізілген дәрігерлік бақылау ғана дене шынықтыру жаттығуларын оқушылардың организіміне жағымды әсерін қамтамасыз етуі мүмкін.

Дене шынықтыру сабағы – мектептегі дене тәрбиесінің негізгі түрі. Дене шынықтыру сабақтары оқушылардың ой жұмысынан дене жұмысына ауыстырады,әрі олардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтірудің жақсы құралы қызметін атқарады. Дене шынықтыру сабақтарын ең жақсы оқу күнін ортасына қойған жөн.

Дене шынықтыру сабақтарында сауықтыру, білім беру және тәрбие міндеттері шешілуге тиіс. Сабақтың жалпы қабылданған схемасы үш бөлімнен: кіріспе негізгі және қорытындыдан тұрады.

Сабақ өткізгенде оқушылардың анатомиалық – физианомиалық, жыныстық ерекшеліктері, олардың сабаққа дайындығы ескерілуі қажет. Қыздар үшін күштілік, шыдамдылық,жылдамдық жаттығуларының нормасы азайтылады, сондай-ақ салбырау, өрмелеу және тырмысу жаттығулары да азайтылып,әлі толық кірігіп болмаған жамбас сүйектері тайып кетпес үшін, қатты секірту жүргізілмейді.

Жасөспірімдер өз күштері мен мүмкіншіліктерін арттық бағалауға бейім тұрғанын ескеріп, олардың денесіне түсетін күшті қатаң мөлшерлеу және көп күшті талап ететін жаттығуларды бермеу керек,бұл организмнің өсуі мен  жүрек қан тамырлары,сүйек және басқа жүйелерінің қызмет күйіне қолайсыз әсер етуі мүмкін.

Дене  шынықтыру минуттары мен үзілістері мектептегі оқу жұмысы балаларды бірте – бірте шаршауға,әлсіреуге алып келеді.Егер осындай шаршау кезінде оқушыларды аз уақытқа әрекеттің басқа түріне мысалы,оларға бірнеше дене жаттығуларды ұсыну, олардың жұмысқа қабілеттілігі тез қалпына келеді.

Осы мақсатпен сабақ арасында,сондай-ақ сабақтың өзінде деоқушылар бірнеше дене жаттығуларын орындайтын дене шынықтыру минуттарын немесе үзілістерін енгізу ұсынылады.

Ұзақ үзілістегі дене шынықтыру шаралары оқушылардың белсенді дем алуының бір түрі болып саналады. Олар оқушылар ақыл —  ойының шаршауын азайтады. Дене шынықтыру шаралары оларды ашық ауада өткізгенде, аса зор нәтиже береді.

Ұзақ үзілістегі дене шынықтыру шаралары аптасына 2-3 рет өткізіледі.Үзіліс кезінде жақсылап дем алу оқушыларға «еріксіз таңылмауға» тиіс,әрі оқушылардың оған қатысуы міндетті емес.

Таңдап алған спорт түрінен басқа оқушылар спорттың  басқа әсіресе таза ауада өткізілетін спорт түрлерімен шұғылдануы керек. Барлық спорт сабақтары мүмкіндігінше таза ауада,тоғай,далада,паркте,стадионда және т.б. жерлерде өткізілуі ұсынылады.

Спортпен шұғылданушы балалар күн режимін,жаттығулар мен жарыстардың жоспарын қатаң сақтауға тиіс.

Режимді жакс спортсменнің дене дамуын, оның нерв жүйесінің жеке ерекшелігін,үлгерімін,еңбек және қоғамдық қызметін ескеріп,жаттықтырушы,мұғалім және дәрігер бірлесе отырып жасайды. Тек осындай жағдайда ғана жатығу мен жарыс кезінде жас спортсменнің жұмысын біртіндеп ауырлатуға мүмкіндік туады,бұл  олардың денсаулығын сақтау үшін аса маңызды.

Денсаулық күнінің мазмұны ауа – райы, климат жағдайлары мен мектептің материалдық — техникалық базасын, сондай –ақ балалардың жас ерекшеліктері мен қызығуларына байланысты. Дене шынықтыру және спорт шараларына мектептің барлық оқушылары белсене қатысуға тиіс.

Дене шынықтыру мен спорт күнінің мазмұнына спорттық ойындар,әскери ойындар,шаңғы,шана,коньки тебу, экскурсия, туристік  жорық, көпшілік кросс, т.б. кіреді.

Бұл шараларды жүзеге асыруда организмді жұмысқа бірте —  бірте үйрету, денеге түсетін ауырлықты азайта отырып, ұйымдасқан түрде аяқтау т.б. сиақты дене жаттығуларын ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын жалпы талаптарды сақтаған жөн.