Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрететін жолдары

Каршалова Жаныл Жанузаковна

.

.

Казақстан Республикасының бүкіл әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алуы-үлкен әлеуметтік және саяси мәні бар мәселе.Осыған байланысты егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да,абройлы міндеттер қойылып отыр.Солардың бірі-оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың –қарапайым дағдыларын меңгерту,алған білімді біліктілік дәрежесін көтеру.

Оқушыға өз бетімен жұмыс істетіп,дағдыны жүйелі түрде жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптастыру.Атап айтқанда,бастапқыда жеңіл,кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру,қорытынды жасау,түрлі жағдайда өздігінен ойлау процестеріне өтеді.

Өздігінен білім алудың негізгі жолы-оқушының таным процесіне үйрету.Ол үшін бүкіл сыныптағы оқушыларға өздігінен жұмыс істеуге жағдай жасау қажет.Бірісыпыра әдіскер –ұстаздардың пікірінше,оқушыда тұрақты білім негізінен қалыптастыру үшін сол үйренетін пәніне ықыласы,зейіні артуы керек,бұл үшін белгілі бір педагогикалық мақсат қоюдың рөлі  мен мәні зор. Өйткені практикада оқушы еңбек етіп,өздігінен алған білімін жоғары бағалайды,оған өзі риза болады. Сондықтан да оқушының танымдық қабілетінің дамуы мұғалімнің шеберлігіне бірден-бір тікелей баиланысты.

Мұғалімнің білімділігі мен мәдениеттілігі оқушының білім алуына үлкен әсерін жан-жақты тигізеді.Демек,мұғалім әр оқушыға қамқорлықпен қарауға тиіс.Оқушы қашан өздігінен білім алу жолдарына жаттығып төселгенше мұғалім оған көмек жасап,оның жолдарын көрсетуі керек.Яғни оқушының өздігінен орындайтын жұмыстарына сенімділікпен қараған дұрыс.Өйткені ол психологиялық жағдай туғызумен қатар,білімді саналы меңгеруге ықпал етеді. Оқушыларға ықылассыз жұмыс істеттіруге болмайды.Олардыңөздігінен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы тек өздеріне тән икемділік дағдылары арқылы ғана рындалады. Мұндай икемділік дағдыларды көптеген әлемдік дәрежедегі педагогтар дәлелдеп көрсеткен болатын. Олар оқушыдағы байқағыштық, ойлай білушілік,қарама-қарсы нәрсені слыстыра алушылық,түсініксіз жағдайларды таба білушілік,өзінің ойын жүйелі,әдемілеп айту,мәтіннің бөлімдерін бір-бірімен байланыстыру,кітапты қызықты көріністі не оқиғаны табу,т.б.Міне,бұлардың бәрі де бүкіл оқу процесінде біртіндеп іске асырылатын қарапайым дағдылар.

Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру дегеніміз оқушыныңтанымдық қабілетін дамыту болып саналады.

Оқушылардың өз бетімен жұмысты орындауындағы басты ерекшелік-олардың жеке басында дағдылардың қалыптасуы.Сондықтан да берілетін тапсырма да жеке оқушыға арналады.Олардың өз беттерінше сөздіктерді қарауға,түрлі анықтағыштарды қалай пайдалануға мүмкіндіктері болады.Мұғалім сөздіктерді анықтағыштарды қалай  пайдалану жолдарын өзі көрсетіп,үйретіп отыруы тиіс.Әсіресе,екі тілдік сөздіктер мен анықтағыш құралдардың айырмашылығын түсіндірген жөн.Демек,сабақта сөздікпен анықтағыш құралдарымен жұмыс істеу үшін әр түрлі жұмыс түрлерінен дағды алудың маңызы зор.Мысалы,сөздікпен берілген байқатумен байланысты,оқушы өздерінің сөздерді қалай аударғандығын тексерумен қатар,сөздерді тез тауып аударуға да дағды алады.Мәтінмен аударған сөздерін тексеруге мүмкіндіктері болады.

Өздігінен орындалатын жұмыс түрлерін бірте-бірте күрделендіре түсуге болады. Ол үшін оқушыларға шығармашылық мәндегі тапсырмалар орындаттырылады.

Мәтінді дұрыс ажырататын талдай жасай білу олардың көркем әдебиет әрі ғылыми әдебиеттерді түсіне білуіне жағдай жасайды. Алайда көркем,әдебиеттерді меңгерудің әдіс-тәсілдері әр түрлі.Сондықтан көркем әдебиттен берілген мәтін мазмұнын дұрыс түсіну үшін шығарманың құрлысына көңіл аударып қана қоймай,оның тілдік ерекшеліктері мен көркемдік тілдік құралдарына да назар аударған жөн.

Ол үшін ең таңдаулы деген көркем әдебиет шығармаларынан мәтін үзіндісін алып ,соған талдау жасатуға болады. Яғни, оқушы шығарма тілінің көркемділігін,әдемілігін,стилистикалық жағынан сөйлем құрлыстарының шеберлігін таңдауға,білуге,түсінуге дағдылануы қажет.

Оқушыларға өздігінен жұмыс істеу барысында ғылыми тексеру жұмыс жолдары басқаша екендігін ескерте кетугеболады

Қорыта келгенде,әр оқушының псхологиялық жағынан жас ерешеліктеріне,тәжірибелеріне қарай өздігінен жұмыс орындау дағдысына қалыптастырудың танымдық  мәні зор. Әр түрлі жұмыстарды орындау барысында оқушының псхологиялық жағынан көңіл-күйі де өзгеріп отырады.Мысалы,төменгі сынып оқушылары көбінесе сұрақ-жауап әдісімен орындалатын жұмыстарға бейім,ал жоғарғы сыныптын оқушылары қызықты оқиғаларды,әлеуметтік жағдайларды,жаңалықтарды көбірек білуді қалайды.Сондықтан да психологиялық жас ерекшеліктерін,оқу орнына бейімделуін есепке алу жұмыс істеу дағдыларына қарай жұмыс түрлерін таңдаудың,белгілеудің басты талаптарының бірі болып қала береді. Мұны әрбір ұстаздың есте ұстанғаны жөн.