Оқыту әдістерінің бір түрі – тірек-сызбалар

Смагулова Гульжазира Мейрамовна
Преподаватель по казахскому языку
.
.
Оқыту әдісі дегеніміз – сабақ барысында қолданылатын тәсілдер жүйесі. Оқыту әдістері  бала бойындағы сабаққа деген қызығушылықты туғызып,  жаңа білімді түсінуге, игеруге ықпалын тигізеді. Оқыту әдістерінің басты қызметі – ұйымдастыру, оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Балабақшадағы кішкентай бүлдіршіндердің қазақ тіліне  деген қызығушылығын туғызу, білімдерін кеңейту, дағдыларын қалыптастыруда  тірек-сызбалардың алатын орны ерекше.  Тірек-сызбаларды пайдаланғанда бала тақырыпты жақсы  меңгереді,  материалды жақсы есте сақтайды.
Қазіргі таңдағы білім беру саласының басты  міндеті – балаларға дайын білімді жеткізу ғана емес, оларды өздігінен білім алу әдістеріне баулу. Тірек-сызбалар балаға қазақ тілі пәнінен әрбір тақырыпқа сай  білімді игеруге  мүмкіндік береді.  Сабақ барысында жеке тұлғаның  шығармашылығын дамыту, алға жетелеу, нәтижеге бағыттау негізгі мақсат болып табылады. Тірек-сызбаларды  қолдану кезінде жұмыс уақыты үнемделеді. Үнемделген уақыт  өткен тақырып көлемінде балалар білімін тексеруге қолданылады. Тірек-сызбаларын жаңа материалды түсіндіруде, оны бекітуде де қолданамыз. Тірек-сызбалар арқылы  мұғалім балалардың білім сапасына, олардың ойлау қабілеттеріне, танымдық белсенділігіне ықпал етері  сөзсіз.               
Тірек-сызбалар – балалардың  қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі. Тірек-сызбалар  кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады.
Тірек-сызбаны құрудың негізгі қағидалары:
  • Тірек-сызба – оқу материалының негізгі бөліктерінің мазмұнын жинақтайтын бөліктерден тұрады;
  • Әрбір бөліктердегі теориялық материал арнайы белгілер, сызбалар, сөздер арқылы біріктіріледі;
  • Тірек-сызбалар есте оңай сақталатындай қарапайым болуы керек.
Бұл үшін графикалық безендіруде шығармашылық ізденіс талап етіледі.   
Мысалы, «Балабақша»  тақырыбын өткен кезде төмендегідей тірек-сызбаларды пайдалануға болады. Үлгі:
Тірек-сызбаларды жүйелі пайдалану –  тақырыптағы негізгі ұғымдарды меңгеруге, ойлау қабілеттерін дамытуға, оқу материалын тез меңгеруге мүмкіндік береді.  Бүгінгі жас ұрпақты адамгершілікке, Отанды сүюге және мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелеу – әр ұстаздың парызы.