Обзор книг по педагогике, психологии и методике преподавания

Рсымбетова Нұргүл Дарханқызы
Заведующий учебного отдела,
преподаватель специальных дисциплин
.
.
    «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін-мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін-ұлтаралық қатынас тілі ретінде және  ағылшын тілін-жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі  ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек». Н.Ә.Назарбаев
.
     «Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Болашақта бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға  апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесі деңгейінің даму бағытына байланысты. Бұл күнде білім берудегі ескі  мазмұнының орнына жаңасы келуде. Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын, өзіндік даму реакциясын анықтау, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы өзіндік қарым-қатынасты қалыптастыру бүгінгі күннің талабы болып отыр. К.Ушинский «Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды,ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,-деген даналығында. Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау-ойлаған түп нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттап ойлану деген.»
         Сол себепті де мен өзімнің арнайы пән сабақтарымда «Сын тұрғысынан ойлау әдістерін» қолданамын. Сыни тұрғыдан ойлау дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы- білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
     Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
     Екіншіден , сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
   Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумасынан білуге құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
   Сол сияқты мен өзімнің арнайы пән сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау яғни көптеген ойындар, пікірсайыс, өзін-өзі дамытудағы түрлі сайыстар түрінде өткіземін.
Сабақтың жоспары:
  1. Психологиялық дайындық.
  2. Ой ашар.
  3. Үй тапсырмасын тексеру.
  4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу (INSERT)
ІІ. Мағынаны ашу сатысы.
а) Топпен жұмыс.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
а) Венн диаграммасы.
ә) Бағалау.
б) Үйге тапсырма.
       Әлем елдерінің біразы игерген әдіс-тәсілдер мен технология бұл күнде әрбір мұғалімнің басты құралы болып отыр. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту  үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Арнайы пән сабағы балалар үшін ол өте қызық. Себебі әр оқушы өз мамандығының жұмысымен жакыннан таныса түседі. Мамандыққа деген сүйіспеншілікті арттыра түсу үшін мына біз ұстаздар әр сабаққа зейін қойып, сабақты қызықты өткізуге тырысамыз. Өз сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлау мен үшін де балалар үшін қызық. Әр сабақта әртүрлі ойындар алып келіп мысалға айтсам ашық сабақ өту барысында мен балаларды үш топқа бөлдім. Әр топтың өз атауы теміржолға қатысты болды, өз ұрандары эмблемасын жасады. Балалардың барынша назарын аударып, допты бір-біріне беру арқылы бір сұрақты ары қарай жалғастырып отырды. Сонымен қатар күйген тауық ойыны балаларға 5 сұрақ берілді, әр бала шығып барынша талпынды. Сұраққа дұрыс жауап бере алмаса аяғынан бастап күйіп отырады, соңында барлық сұраққа жауап бермесе күйген тауық атанады. Бұл оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім «Шығармашылық жұмыс-ұдайы оқумен, үйренумен қоса жүргізілетін ауыр еңбек» деп қазақтың біртуар азаматы Ғабиден Мұстафин айтып кеткендей оқыту барысында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды жүйелі ұйымдастыру және оны болашақ кәсіби бағдарымен сабақтастыра қарастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. СТО технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқытуда мұғалімнің сабақта біраз жетістіктерге жетуіне мүмкіндік мол. Мұғалім әр сабаққа шығармашылықпен баруы керек, өйткені сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Мұғалім еңбегінің түпкі нәтижесінің көрінісі-оқушылардың шығармашылықпен айналысуы. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Сол мақсатта балалар топпен жұмыс жасағанда белсенді қатыса бастайды. Сабақта әр топтын топ басшалақтарын жарыстыру мақсатында ар ұяшық беріледі ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріне ұпай санын жинайды.Топтау, Түртіп алу, Ойлану, Жұпта талқылау, Болжау, әдістері арқылы оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы  бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
     Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Кей сабақтарда ұстаз бен оқушының орны ауысып, оқушы сол күні өз тобына өзі басшылық етеді.. Яғни жаңа тақырыпты өзі дайындап, іздену мақсатында сабақ түсіндіреді. Сонымен қатар үштілділік қазіргі таңда заман талабы. Әр өткізілген тақырыптардың ішіндегі термин сөздерді қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде айтылады. Өздері дайындап келген материалдармен бөліседі. Қызықты сөзжұмбақтар, глоссарийлер, «мен білемін» ойындары жүргізіледі. Өзіндік жұмысқа балалар өз бетінше сұрақтарға жауап табу арқылы ой-қабілеттерін арттырады. Сабақты қорытындылай келе оқушыларға «Мен бүгінгі сабақтан не білдім» «Шыңдаған білімімді қалай жалғастырамын» «Тағы да нені білгім келеді» «Біліп, үйренген білімімді қайда қолданамын» деген сұрақтарға жауап беру арқылы тақтаға гүл шоқтарын құрастырады.
      Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, оқушылар болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибиенің бірлігі .Ұлы ойшыл психологтар айтпақшы, «Мұғалім бала жанының инженері» деген сөзі еріксіз еске түседі. Алдында мақсат қойып, соған қарай ұмтылған ұстаз әрқашанда өз биігінен көрініп, ел аузынан түспей кейінгі ұрпақтың өнегесі мен мақтанышы болып қалатыны хақ.
Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы