Қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

Беккалиева Жанна Уразовна
Арнаулы пән оқытушы
.
.
Сұрақтар:
1.Халықаралық қауымдастық.
  1. Экологиялық мәселелерді шешу жолдары.
  2. Экологиялық білім.
            Жер табиғатына мемлекеттік шекаралар мен әкімшілік хұқықты қолдану мүмкін емес, себебі барша тіршілік әлеміне ортақ. Сондықтан ұлттық табиғи объектілерді қорғауда ұлтаралық келісімнің маңызы зор. Экологиялық күйзелістің планеталық масштабта өршуінен ғаламдық экологиялық проблемаларды әлемдік деңгейде шешуге алып келді. Сөйтіп, біртіндеп табиғатты қорғауда әлемдік қауымдастықтың ролі арта түсті.
            Халықаралық қауымдастықтың басты бағыты — қоршаған ортаны  жалпыға танылған халықаралық хұқықтық нормаға негізделген халықаралық хұқыққа сай қорғау.Халықаралық бірлестіктер күшімен (мемлекеттер,халықаралық ұйымдар мен конференциялар) негізгі хұқықытық принциптер жасақталды. Олар төмендегі маңызды құжаттарда келтірілген: БҰҰ Генеральды  Ассамблеясының шешімі (1962, 1968, 1980),  Қоршаған ортаны қорғау жөнінен БҰҰ Стокгольмдағы конференциясы (1972),  Европадағы қауіпсіздік пен бірігіп қызмет ету туралы  отырысының қорытынды актісі (Хельсинки,1975), Табиғаттың дүниежүзілік хартиясы (1986), Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму туралы БҰҰ Халықаралық конференциясының шешімі (Рио-де Жанейро, 1992,1996), биологиялық және ландшафтық биоәртүрлілікті сақтау туралы Пан-Европалық Конвенциясы (София,1995), Экологиялық ақпаратттарды ашық пайдалану (Орхус,1998), т.б. Осы аталған принциптерді былайша қорытындылауға болады:
  • адамның экологиялық хұқығының мәртебесін жоғары қою.
  • мемлекеттің өз территория аумағындағы табиғи ресурстарға суверенитеттілігі.
  • басқаларға экологиялық зиян келтіре отырып, экологиялық жетістіктерге қол жеткізуге жол бермеу.
  • барлық деңгейдегі экологиялық бақылау.
  • экологиялық ақпараттармен халықаралық еркін алмасу.
  • төтенше жағдайларда мемлекеттердің бір-біріне көмегі.
  • экологиялық – хұқықтық дау-дамайды бейбіт жолмен шешу.
Халықаралық қауымдастық объектілері ұлттық және халықаралық деп екіге бөлінеді. Оған  сол мемлекет шекарасындағы жер, су, жер қойнауы, жабайы аңдар т.б. табиғат элементтері кіреді. Мемлекет ұлттық объектілерді еркін пайдаланып, өз жеке заңына сәйкес халықтың мақсатында пайдалана алады.
Қоршаған ортаны халықаралық объектілеріне халықаралық кеңістік объектілері ( ғарыш, атмосфералық ауа, Дүниежүзілік мұхит, және Антарктида) немесе түрлі  мемлекеттер  территорияларын кесіп өтетін миграциялайтын жануарлар түрлері. Осы объектілерді мемлекет өз меншігіне жатқыза алмайды, оларды халықаралық маңызы бар конвенциялар, протоколдар, негізінде қорғап, игереді.
Бұдан басқа мемлекетпен қорғалатын, бірақ халықаралық есепте тұрған халықаралық объектінің тағы бір категориясы бар. Ол біріншіден, халықаралық бақылауға алынған уникальды табиғат объектілері (қорықтар, ұлттық парктер, резерваттар,табиғат ескерткіштері) екіншіден,  халықаралық Қызыл кітапқа енген жойылып бара жатырған жануарлар мен өсімдіктер, үшіншіден, екі немесе бірнеше мемлекеттердің үнемі немесе белгілі бір уақыт ішінде қолданысында болып, бөлініске түсетін табиғи ресурстар.
Маңызды халықаралық объектілердің біріне Ғарыш жатады. Осы  объектіге сай екі құжат қабылданды: ғарыштық кеңістікті пайдалануға қатысты хұқықтық принциптер Декларациясы, мемлекеттердің ғарыш кеңістігін, ай және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдаланудағы әрекет принциптерінің Келісімі (1967). Бұл құжаттарда ғарышты ұлттық меншікке жатқызуға, ғарыш кеңістігін ластауға және әскери мақсатта қолдануға болмайды делінген. Бірақта, қазіргі кезде ғарыш кеңістігінде шамамен 3,5 млн. т қалдықтар бар. Егерде шара қолданбаса 20-30 жылдан соң ғарышқа ұшу мүмкін болмайды.
Дүниежүзілік мұхитта судың 96 % шоғырланған. Мұхит планетаның климатына шешуші әсер етіп отырады, минералдық, биололгиялық,энергетикалық ресурстардың көзі. Сондықтан, мұхитты қорғауға арналған 25 халықаралық хұқықтық, нормативтік құжат қабылданған. Солардың ішінде мұхиттың мұнаймен ,химиялық және радиоактивтік заттармен ластануы маңызды болып саналады.
Балық аулау және теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы Конвенцияның (1958) және БҰҰ теңізге қатысты хұқық Конвенциясының ғаламдық маңызы бар.
Антарктиданы әлемдік және халықаралық бірлестіктер материгі деп атайды. 1959 жылы СССР, АҚШ, Англия, Франция, Аргентина т,б мемлекеттер Антарктида туралы Келісім қабылданды, онда ғылыми зерттеулердің еркіндігі, материкті тек бейбіт мақсатта қолдану және Антарктиданың халықаралық-хұқықтық режимі анықталды. 1991 ж. Мадридте қабылданған протолға сай материктегі өсімдіктер мен жануарларды сақтаудың қатаң тәртібі және қалдықтарды жою мен ластануды болдырмау шаралары қарастырылды.
Халықаралық бірлестіктер қызметінің басты мақсаты.- атмосфералық ауаның трансшекаралық ластануының алдын алу мен озон қабатын сақтау.
Осы мақсаттағы мәселелер ауаның үлкен кеңістікте трансшекаралық ластануы туралы Конвенцияда 1979ж., Монреальдағы (1987) және Венадағы (1985) озон қабаты туралы келісімдерде , өндірістік апаттардың трансшекаралық әсері туралы Конвенцияда (1992) және т.б. келісілген құжаттарда ретін тауып отырады.
Халықаралық бірлестіктердің негізгі экологиялық принциптерінің дамуын үш этапқа бөлуге болады.
  1. Қоршаған орта туралы Стокгольмдік конференция (1972). Конференция қорытындысы бойынша әлемдік қоршаған ортаны қорғаудың стратегиялық бағыттары мен мақсаттары анықталды. Стокгольмдік конференцияның шешімімен 5 маусым дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні болып қабылданды.Конференцияда БҰҰ –ның қоршаған ортаны қорғау жөнінен тұрақты штаб-пәтері (ЮНЕСКО) Найроби (Кения) қаласында орналасады деп шешілді. ЮНЕП бағдарламасы табиғатты қорғау әрекеттерін үш функциональдық бағыт бойынша қарастырады: 1) қоршаған орта жағдайы-бақылаудың ғаламдық жүйесі; 2) қоршаған ортаны басқару; 3) қосымша шаралар (қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру мен кадрларды дайындау);
  2. Дүниежүзілік табиғат хартиясы Генеральды Ассамблея шешімімен 1982 ж. құрылды. Экологиялық дамыған саясат шеңберіндегі халықаралық бірлестіктердің негізігі әрекеттерін анықтады.
Хартияда төмендегі принциптер қарастырылды:
  1. Адам табиғаттың бір бөлігі. Сондықтан табиғаттың негізгі принциптерін сақтай отырып, оны қорғау.
  2. Тіршіліктің генетикалық негізіне қауіп төнбеуі тиіс.
  3. Жердің барлық барлық аймақтары қорғауға алынуы тиіс,әсіресе құрып бара жатырған түрлер кездесетін уникальды аймақтар қорғалуы шарт.
  4. 3. Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму туралы конференция (Рио-де-Жанейро, 3-14 июня 1992 г.). Рио-де Жанейрода 114 мемлекет басшылары мен 1600 үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бас қосты. Бұл конференцияның ХХ ғ. әсері мол болды.
           Конференцияда 5 негізгі құжжат қабылданды: Қоршаған орта мен тұрақты даму туралы декларация; ХХІ ғ. күн тәртібі; Барлық типтегі ормандарды қорғау және тұрақты дамуы  басқару туралы принциптерінің өтініші; Климаттың өзгерісі туралы конвенция; Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция.
         Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекеттік деңгейде көтерудің қажеттігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін және оны тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы табиғатты аялай білетін, оны бүлінуден қорғайтын, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары, ізгілікті, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы бар. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәижесінде ғана іске асады.
          Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері, оны жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары, БҰҰ мен ЮНЕСКО мәжілістерінде (1968) қаралды. Одан соң Стокгольм (1970), Тбилиси (1972) қалаларында өткен халықаралық конференцияларда жалғасын тапты. Ал, Рио-де-Жанейрода (1992) өткен дүниежүзілік конференция экологиялық білім беру мәселелерін қайта қарап, ондағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Олар – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экологиялық ағарту жұмыстарының тұтас жүйесін құру, экологиялық білім беруді тұрақты жүзеге асыру және жұртшылық арасында экологиялық үгіт- насихатты күшейту. Экологиялық білім берудің нормалық-реттеуші құжаттары «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңда» (1997), «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясында» (1997), «Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясында» (1998), «Экологиялық білім бағдарламасында» (1999) қарастырылған.
Бақылау сұрақтары:
1.Қоршаған ортаны қорғауға қатысты қабылданған маңызды халықаралық құжаттарды ата?
  1. Халықаралық экологиялық қатынастың үйлесімділігінің маңызы неде?
  2. Қоршаған ортаның қандай объектілері ұлттық және халықаралық болып саналады?
  3. ХХ ғ. маңызды экологиялық форум – Рио-де-Жанейродағы 1992 ж. БҰҰ конференциясы туралы не білесің?
  4. Өзің білетін халықаралық таьиғатты қорғау ұйымдарын атаңдар.