ОРТА МЕКТЕПТІҢ ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ЖОБАЛАР ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУ

Аскарова Г.А. п.ғ.к., асс.профессор

Мұсират Ерзат магистрант

.

.

Аннотация

Теориялық зерттеулер нәтижесінде жобалау әдісінің ерекшеліктері айқындалды.Информатика сабағында жобалау әдісін қолданылуы тиімді екені толықтай зерттеулер барысында белгілі болды.

Экспериметтік зерттеулер барысында оқушылардың сабақ барысында білімге деген құштарлығы артып, берілген уақыт аралығында оң нәтижесін берді.

Сонымен бірге алған білімі болашақта жас ұрпақ тәрбиесінде  улкен мүмкіндіктер береді деген үміттемін. Себебі, дүниежүзілік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруға баға жетпес септігін тигізеді деген пікірге келіп, одан ары «Болашақ жастарда» деген созге толықтай сенімім артты.

Түйінді сөздер: жобалау әдісі, педагогикалық технология, информатика сабағы, дербес навигация, білімді ақпараттандыру, конференция жұмыстарын қорытындылау.

 

Кіріспе

Әлемдік педагогикада жобалау ісі түбегейлі жаңа әдіс емес. Жобалау әдісі өткен ғасыр басында АҚІІІ-та пайда болған. Бұл әдіс сондай-ақ проблемді деп те аталған және ол американдық философ-педагог Дж.Дьюи және онын ізбасарлары У.Хилпатрик ұсынған философия және тәлім жүйесіндегі гуманистік бағыт идеяларына сабақтаса келеді. Дж. Дьюи тәлім, білім үйретуді баланың қызығуына сәйкес белсенділік негізінде, нақты мақсатты көздеген іс-әрекет арқылы ұйымдастыруды ұсынды, осылай болған да ғана нақты өмір, тұрмыстан туындаған проблема бала үшін таныс әрі маңызды келіп, игерген білімін оны шешуге пайдалану қажеттігі өріс алады. Мұғалім жаңа ақпарат көздерін ұсынып немесе шәкірт ойын қажетті бағытқа бұрып, дербес іздену жолына салып, белгілі білімдер қорын игеруді керек ететін нақты проблемаларға ынталандыра, қызықтырып, бір, бірнеше мәселелер шешімін көздеген жобалау іс әрекеті арқылы жинақтаған білімдерінің тұрмысқа қолдану жолдарын көрсетуі тиіс, яғни теориядан практикаға өтіп, академиялық білімдерін іскерлік прагматизммен байланыстыра, тәлім-тәрбиенің әр кезеңінде олардың әрқайсысының қай шамада қажет боларын ұқтыру — мұғалім парызы.

Қазіргі қоғамдағы болып жатқан өзгерістер білім берудің жаңа тәсілдерін, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған педагогикалық технологияларды, шығармашылық бастамаларды, дербес навигациялық дағдыларды дамытуды талап етеді.Күнделікті жағдайда, қарапайым өмірде адам көптеген мәселелерге тап болады, өз әрекеттерінің оңтайлы бағытын таңдап, жауапты шешім қабылдаған жөн.

Қазіргі уақытта оқушылардың оқуға деген ынтасы төмен екендігі ешкімге жасырын емес, бұған көптеген себептер бар, олардың бірі: оқу тапсырмаларының шамадан тыс көп берілуінен, берілген тапсырмалар оқушылардың өмірінен, қажеттіліктері мен қабілеттерін ескермегендіктен және т.б.

Сол себепті оқытушы оқушылардың оқуға деген қызуғышылығын арттыру үшін, педагогикалық әдіс тәсілдер мен технологияларға жүгінеді, қолданады.

Компьютер оқытушыға жаңа мүмкіндік беретін дидактикалық құрал болып есептеледі. Компьютермен жұмыс істеу барысында оқытушы мен оқушы, бұрын сонды болмаған, яғни үйреніп қалған сабақ оқу емес, ол жарқын түсті әлемге сіңуге, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Зерттеу материалдары мен әдістері

Эскпериментті зерттеу барысында, орта мектепте информатика сабағында жобалау әдісі қолданылды. Тақырыпты ашу үшін, сабақ барысында дидактикалық материалдар, видео, бейне суреттер көмегі тиді. Сабақ өту барысында, оқушыларды топқа бөліп, оқушылардың сабаққа деген ынтасын жарыстыру арқылы қызықтырылды.   Жобалап оқыту технологиясы информатика сабағында қолдану тиімді екені белгілі болды.

 

Өзектілігі

Жобалау әдісі информатика сабағында оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін, жеке мүдделерін ескере отырып, оқушының жалпы дамуына ықпал етеді.

Сонымен, жобалау әдісі не үшін қажет?

  • Оқушыларды өз бетінше және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Белгілі бір ғылыми заңдылықтарды, фактілерді ескере отырып тұжырымдамалар жасауға
  • тәуелсіз, ақпараттандырылған шешімдер қабылдау
  • Ұжымда жұмыс істеуге, әртүрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істей алады
  • Өмірдің құбылмалы жағдайларына тез бейімделу, мәселені шешу үшін өз бетімен оқиды және білімін тәжірибеде жүзеге асырады
  • Ақпаратпенсауаттыжұмысістейалады;

Егер оқушы оқу жоспарындағы жұмысты жеңе білсе,игере білсе, алдағы өмірде ол заман талабына сай жаңа өзгерістерге, жағдайларға бейімделе алатын болады.Ол өзінің іс-әрекетін жоспарлай алады.

Мен үшін бұл әдіс оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді әдісі болып табылады.Мұндай жұмыс процесінде іскерлік ынтымақтастық туындайды — балалар басқа қатысушылармен және мұғалімдермен өзара әрекеттеседі, олар өздерінің жұмысынан қанағат алады. Жұмыс барысында барлық жобалау тәсілдері тиімді болып келеді. Оқушылар өз бетінше іздену дағдыларын дамытады, ақпарат көздерімен жұмыс жасау, талдау, салыстыру және ақпарат алмасу дағдыларын дамытады.

Оқытушы оқушыларға ақпарат көздерін ұсына алады немесе оқушылардың ой-санасын өздігінен ізденуге бағыттай алады. Сол себепті, қандай да бір нәтижелерге жету үшін, оқушылар, қиындықты жеңіп шығу үшінбілімді қолдана отырып, проблемаларды оңтайлы шешіп, нәтижеге ие болу керек.

Бұл жобалау әдісі  оқу іс-әрекетінің барлық түрлерін қолдануға мүмкіндік береді: әр түрлі сабақтар, дәріс материалдары, практикалық сабақтар, сыныптастарымен кеңестер,өзіндік жұмыстар , конференция ( жобалық жұмыстарын қорытындылау және талдау бойынша жұмыстарының қорытынды конференциясы).

Нәтижелер және талқылау

Қазіргі таңда сабақтар дәстүрлі оқыту технологиясымен өтіп жатқаны бәрімізге мәлім. Сол себепті оқытушылар сабақтарынан нәтиже алу үшін, жаңа педогогикалық технологияларды қолданғаны дұрыс. Сонын ішінде, жобалау әдісі өте тиімді болып келеді. Себебі жобалау әдісі оқу үрдісін ерекше ететін кешенді оқыту тәсілдерінінің жиынтығы. Жобалау әдісі оқушылардың бір проблеманы шешуін талап етеді. Ал проблеманы шешу үшін, олар бір жағынан әртүрлі әдіс тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әртүрлі пәндерден алынған білімнің интеграциясын пайдалану керек. Демек жобалау әдісі оқушылардың білімділік ситуацияға түсіп, өз проблемаларын іздеп, тауып, шешуі, өзіндік жұмыстарын іс- әрекетін ұйымдастыруы.  

Диаграммада көрініп тұрғандай, оқушылардың білім үлгерімі  күрт өзгерді. Себебі, оқытушы  оқушыларға белгілі бір проблеманы алдарына беріп, олар өз қабілеттерін қолданып, топтаса отырып, тиімді, жақсы нәтижелерге ие болды.

Жаңалығы

Белгілі әдістер элементтерінің үйлесімінде жатырсабақты модельдеу, интернет-ресурстарды оқу процесіне интеграциялау, оқушылармен  бірге жобаларды әзірлеу, оқушыларға арналған сайттардағы оқу-танымдық жұмыстарға қатысады.

Жобалық іс-шараларға оқушыларды тарту, сыныптан тыс жұмыстарда тәжірибені кең қолдану.

Информатика сабағындажобалау әдісін қолдану жоғары танымдық белсенділікті қызығушылықты тудыратын, танымдық белсенділікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Нәтижесіндеоқушылардың тақырыпты жақсы меңгеруге деген ынтасы артады.

 

Тұжырым

Орта мектепте  жобалау әдістерін қолдану қажеттілігі білім беру жүйесінде жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған тенденцияларға байланысты деп айта аламыз. Жобалық әдіс оқушыларға информатика мен ақпараттық технологияны оқытуда кеңінен қолданылады. Жобалау әдістерін қолдану орта мектептердегі білім берудің барлық сатыларында және т.б. жоғары нәтижелер береді. Жобалық әдіс мәні оның дамуының кез-келген кезеңінде адамның негізгі психологиялық талаптарына сәйкес келеді.Мұғалім оқушыны өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсімдеумен жобалау әдісі арқылы дәлелдей білуге үйретеді. Осы жұмыстың арқасында мұғалім мен оқушының арасында шығармашылық байланыс, жаңа көзқарас пайда болады. Мектеп қабырғасында оқушыда зерттеу, іздеу, анықтау, дәлелдеу, синтез, анализ жасау дағдылары қалыптасады және жобалау әдісі белгілі мерзімге берілуіне байланысты оқушы уақытты ықшамдап үйренеді. Бұл келешекте оқушының өз өмірінде пайдалануға қажет қасиет пен дағды

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Е.Қ.Балапанов, Бөрібаев Б., А.Б. Дәулеткұлов “Информатикадан 30 сабақ” Алматы “Шартарап”-1998.
  2. Халықова К.З «Информатиканы оқыту әдістемесі» -Алматы, Білім, 2000 ж.
  3. Лапчик М.П., Семакин И.Г “Методика преподавания информатики”. Москва, Academia- 2005 г.
  4. Информатиканыоқытуәдістемесі: Оқуқұралы. І-ІІ-бөлім. І-бөлім. — Павлодар: ПМПИ, 2013. — 195 бет.
  5. Балапанов Е.Қ. Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ: Оқулық. Алматы: ЖТИ, 2004
  6. Кадирова  Ж.Б., Жаркимбекова А.Т., Кадырова Л.Б., Жаксыбаева С.Р. «Информатика» пәні бойынша студенттердің оқытушымен өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды, ҚарМТУ, 2010
  7. Бабаев С.Б., Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы: Оқу құралы / С.Б. Бабаев, Ш.Б. Оразов, Қ.С. Бабаева.- Алматы: Нұр-пресс, 2008.- 124 бет.
  8. Дүйсембінова Р. Қ. Д87 Кəсіби педагогика: Оқулық. – Алматы: 2012. – 348 бет
  9. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Б 12 Жалпы педагогика: Оқулық – Алматы: «Нұр-пресс», 2005
  10. Қозыбай  А.  Топ  жетекшісі  (өндірістік  оқыту  шебері):  Оқу  құралы  
  11. А. Қозыбай, Н. Жексенбиева, К. Өстеміров. — Астана: Фолиант, 2010. — 160 б. 
  12. Жеңіс  Әбиев.  Еңбек  тәрбиесінің  педагогикалық  негіздері  /әдістемелік нұсқау. Республикалық баспа кабинеті – Алматы, 1997ж. – 166 б. 
  13. Общая и профессиональная педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических  вузов  /  Под  ред. В.Д.  Симоненко.  –  М.:  Вентана-Граф,  2005.  368с.