Основные аспекты и условия инклюзивного обучения в организациях ТиПО

Смаилова Акмарал Кабилбековна
Преподаватель казахского языка
.
.
        Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде 28.05.2018 – 08.06.2018 аралығында «Кәсіптік техникалық білім беру жүйесіндегі ұйымдарда инклюзивті оқыту үрдісінің негізгі аспектілері мен шарттары» тақырыбында біліктілікті арттыру курсына қатысудамыз. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген.Біздің алдымызда тұрған міндет- олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, қоғамдағы өмірге толыққанды дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға бірдей білім беру орталықтарына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды.
        Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық тұрғыдан қолдау»  туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте бастан  білім беру мәселесіне мән берілді. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берідің негізгі принциптері қарастырылған.Инклюзивті білім беру- ерекше білім беру қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін үдеріс.Жалпы қазіргі таңда қарастырылып отырған тақырып өте өзекті мәселелердің бірі. Курсқа қатысу барысында біз өзімізге көптеген жаңашылдылықтарды, сабақ өткізу процестерін қызықты етуге мүмкіндік беретін әдістерді үйреніп, және де басқа да көптеген тәсілдерді үйрендік.Тренер – оқытушы, Молдакулова Майя Каршыгаевна өтіп жатқан курстың тақырыптарын өте жеткілікті түрде түсіндірді. Өз ісін жетік меңгерген маман.
  Осындай курстарды тегін әрі қызықты түрде өткізіп, ұйымдастырып жатқаны үшін «Кәсіпқор» холдингіне және де тренерімізге алғыс білдіреміз!
        Выражаем благодарность Холдингу «Кәсіпқор» за проведение бесплатных и интересных курсов на актуальную тему «Основные аспекты и условия инклюзивного обучения в организациях ТиПО», которые проходят в г. Алматы с 28.05.2018 г. по 08.06. 2018 г., в Алматинском государственном политехническом колледже. Также огромное спасибо нашему тренеру Молдакуловой Майе Каршыгаевне, за доступность в объяснении, интересность и плодотворность курсов.