Отбасы – өмір аясы

Жунусова Айгуль
.
.
Мақсаты:  Бүгінгі өткізіп жатқан тәрбие сағатымыздың мақсаты, жастарды тәрбиелкікке, отбасыны қадірлеуге «Отан отбасынан басталатынын» түсіндіре отырып ата-ананы қадірлеудің маңызын ұғындыру. «Құс ұяда нені көрсе, ұшқанда соны береді» деген мақалдың астарына үңіле отырып «Қаситетті отбасы» ұғымын саналарына сіңдіру.
1-жүргізуші
Ассаляму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
2-жүргізуші
Құрметті ұстаздар, қонақтар және жас студенттер! «Отбасы өмір аясы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1-жүргізуші
Ән ұраным — жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім- сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика ән ұраным
2-жүргізуші
Бүгінгі тәрбие  сағатымызды Алланың сөзімен бастасақ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде былай дейді «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны басқаларға үйреткендерің» Ортада Құран аятымен Хадыршаева Осияны  шақырамыз.
1-жүргізуші
Отанды сүю отбасын сүюден басталады. Отбасын сүю барша мұсылманнның борышы. Отбасы – қоғамының негізгі бөлшегі. Отбасындағы мүшелер бір-бірінің жеке құқығы мен міндеттеріне қаншалықты құрметпен қараса қоғамда соншалықты берік болмақ. Ислам отбасыға перзент бойына сүйіспеншілік пен өзара көмектесу, жанашырлық сезімін қалыптастыратын қасиетті ұя деп қарайды.
2-жүргізуші
Ұрпақтың жалғасып оның, олардың баянды өсіп-жетілуі ата-анаға тікелей байланысты. Баланың жарқын болашағы мен бақыты үшін тыным таппай шарқ ұрған ата-анаың балағы деген мейірімі мен өмірде тартқан тауқыметінінің қандай болатынын кесіп кесіп-пішіп айту өте қиын. Ендеше қыздарымыздың өлең-шумақтарын қабыл алыңыздар. (Аяулым, Дариға, Динара,)
 
 
1-жүргізуші
Алла Тағала ұрпақтың жалғасуын негігі бес қаситетті ұғымның қатарына кіргізіп, оның сқаталуына үлкен маңыз артқан. Қасиетті шаңырақтың шайқалтпай негізін қалыптастыраын ол ата-ана. Адамның дүниеге келуіне себепкер болған ең бірінші құрметке лайық болған аяулы жандар.
2- жүргізуші
Иә, дұрыс айтасың. Отбасы қасиетті ұғым болса ондағы ата-ананың орны ерекше. Отабасының ұйытқысы тікелей ата-анаға байланысты.
1-жүргізуші
Ал олай болса келесі кезекті әнге берейік. Әжі Маулиданың   орындауында «Әке туралы жыр».
2-жүргізуші
Дана халқымызда «Отбасы шағын мемлекет» деген ғибратқа толы қанатты сөздерінде терең мән-мағына жатыр. Отбасы босағасының берік, шаңырағының биік болуы, ондағы жанұя мүшелерінің  тату-тәтті өмір сүруіне тікелей байланысты.
Отбасы туралы видео ролик
1-жүргізуші
Отбасы тату бір ел тұнып тұрған,
Қамқор ата-аналар билік құрған.
Анаң мейір-шапағат нұр төгуші,
Əкең қамқор қолдаушың,алып тұлғаң.
2-жүргізуші
Алдарыңызда көрініс
1-жүргізуші
Қайдасың, қасиетті қара өлеңім,
Қазақтан аямаған бар өнерін?!
Алаш бір Ару еді, аялап бір
 Сен оның қолаң шашын тарап едің,  дей келе шығармашылықтарымен қыздарымызды ортаға шақырамыз.
(Ақмаржан, Дина, Гүлім, Ұлжан) Ақмаржан қызымыздың ата-анасына жазған сағыныш хаты
Анам менен әкемді мен сағындым
Бауырларым аманбысың, бармысын
Жанымның бір бөлшегісін отбасым
Мен сендерді өте қатты сағындым
Сағындым ғой бәріңді де ойлаймын
Қалай екен жағдайларын сендердің
Уайымдаймын күні түні тынбаймын
Алған беттен енді мүлде қайтпаймын
Арқалап ақ үміттеріңді сендердің
Менен күткен сенімдеріңді ақтаймын
Сағынғанда өздеріңді отбасым
Разылығын бір Алланың ойлаймын
Арнадым өлеңімді сіздерге
Көріскенше қош аман бол  отбасым
Қорытынды:Бұл сабақты біз отбасы күніне орай ұйымдастырған. Студентерімізге отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігін, өзара көмектесу, жанашырлық сезімін ояту болды. Ислам діні отбасыға, әсіресе, оның ең негізі екі тірегі ата-анаға ерекше мән берген. Бұл жөнінде Аллах Тағала Құран Кәримде былай деген:«Біз адамдарға әке шешесіне жақсылық жасауды өсиет еттік. Анасы оны қиындықпен құрсағында көтеріп, сондай ауыртпашылықпен дүниеге әкелді » дегендей ата-ананың қадірін білейік.
2-жүргізуші
Міне, тәрбие сағатымыз соңына таяды. Алтын уақыттарыңызды қиып келгендеріңіз үшін үлкен рахмет. Ендігі сөз кезегін ұстаздарға береміз.
Ассаляму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!