Открытый урок на тему: «Еңбекті бөлу мен мамандандыру»

Сабақтың дидактикалық түрде негізделуі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өндіріс пен өнімділік, еңбекті бөлу, өндірісті мамандандыру туралы түсінігін, мамандандыру басылымдылықтарын көрсету, жалпы тақырып бойынша білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Әр түрлі деңгейлік тұрғыда, ой-өрістерін кеңейту.
Тәрбиелігі: Шәкірттердің сөйлеу мәдениетін дамыту, олардың бойына іскерлік, жауапкершілік, іздемпаздық, топпен жұмыс істеу, әділ болу қасиеттерінің қалыптасуына ықпал жасау.
Сабақтың типі: Қорытындылау сабағы
Сабақтың түрі:   жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: өз бетінше іздену, ақпараттық, ойын элементері,  таратпамен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: математика,  әдебиет
Көрнекілік: слайд-шоу, сөзжұмбақ, ребус, кесте,
Сабақтың барысы:
              I.Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)
               Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
               Шәкірттерді топқа бөліп, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Ақпараттар: 10мин.
               Бүгінгі сабақтың барысымен  таныстыру «Адам байлығының ең тамашасы-білім»,-деген екен шығыс ғүламасы Әбу Райхан әл-Бируни. Ендеше біз бүгінгі білім сайысын бастаймыз. Сайыс деген сөзді қалай түсінесіздер?  Біліммен күшімізді сынаймыз. Осыған байланысты қандай мақал білесіздер? (Білімді мыңды жығар ,білекті бірді жығар)   Балалар біздің қаламызда спорттан қандай жарыс болып жатыр? Қазақстан чемпионаты. Қаламызда  өтіп жатқан  жарысқа бізде өзіміздің үлесімізді бүгінгі сабақтың жеңістерімен қосайық (бейне көрініс) көрсету. Бүгінгі жарыс сабағымызда жеңімпаздар осындай медальдармен марапатталады.
              II.Оқушыларды сабақ  жоспарымен  таныстыру. (1 мин)
              Сайыс жоспары:
                1-ші сайыс. «Бой сергіту» Сұрақ-жауап.
                2-ші сайыс. «Тапқырлық» 
                3-ші сайыс. «Сен-маған, мен саған»
                4-ші сайыс. «Кім жылдам» (тапсырманы шешу)
                5-ші сайыс. Қорытындылау. Бәйге» атты үй тапсырмасы 
   1-ші сайыс бойынша кестедегі ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріп ұпай жинау.
1.Қажеттілік неден туындайды?(бір нәрсенің жетіспеушілігінен) 5ұпай
2.Экономикадағы басты ролді атқаратын кімдер? (адамдар) 5ұпай
3.Еңбекті бөлу дегеніміз не? (бір жұмысшының өнімді басынан аяғына дейін дайындауы емес, белгілі бір операцияны орындауы) 10 ұпай
4.Мамандандыру дегеніміз не? (кәсіпорын, аймақ немесе елдің өнімнің шектеулі бір жиынтығын өндіруі) 15ұпай
5.Өнімділік дегеніміз не? (бір жұмысшыға немесе бір кәсіпорынға, жалпы экономикаға арналған уақыт бірлігінде тауар немесе көрсетілетін қызметтерді шығару) 15ұпай
6.Өндіріс дегеніміз не? (бұл адамдар қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жасау үрдісі)10 ұпай.
  1. Жеке меншік (бұл нақты адам немесе адамдар тобының иелік ету құқығы бар меншік)10 ұпай
8.Мемлекеттік меншік дегеніміз не?(бұл иелік ету құқығы мемлекетте болатын меншік)10ұпай
9.Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты не? (пайда табу үшін бәсекелесуге қабілеті (сапалы ) бар өнім шығару)10 ұпай
10.Еңбек дегеніміз не? (Еңбек-тауарлар мен қызметтерді шығаруда қолданылатын адамның дене және ақыл-ой күшіне негізделген өндіріс факторы. 5ұпай
  1. Еңбек ресурстары нешеге бөлінеді.
(еліміздің барлық еңбек ресурстарын екі топқа бөлуге болады. 1.Экономикалық белсенді тұрғындар, яғни, жұмыс іздейтін және жұмыс істейтін адамдардан тұрады. 2.Экономикалық енжар тұрғындар, яғни кәмелеттік жасқа жеткен, бірақ белгісіз себептерге байланысты жұмыс істемейтін) 5ұпай
  1. Еңбек өнімділігінің өсуіне не әсер етеді? (жұмысшылардың санының өсуі)
 5 ұпай
2-ші сайыс. Тапқырлық.
1-тапсырма. Төмендегі шығындар мен табыстардың қай түрі осы елдің ЖҰО-нің құрамына енеді және енбейді? (+, -)
1.Өзіне саябақ салған құрлысшының жұмысының құны.
2.Бағалы қағаздарды сатудан тапқан делдалдың табысы.
3.Өз пәтерін жалға бергеннен алған жалгерлік төлемақы.
4.Жеке фирмалардың облигациялары бойынша пайыздар.
5.Жеке цех құрлысына кеткен фирманың шығындары.
6.Мемлекеттік қызметкердің жалақысы.
7.Мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздар.
8.Жер бөлігін сатып алуға кеткен фирманың шығындары.
9.Өз үйін сырлаған бояушының жұмысы.
10.Фирма қорының көбеюі
11.Аула  сыпырушының еңбек ақысы.
12.Сақтандыру полисін сатып алу.
13Акцияларын сатудан алған үй шаруашылығының табысы.
14.Полиция зейнеткерінің зейнетақсы.
15.Ескі үлкен үйді сатып алу.
16.Жеке детективтің табысы.
17.Үй қызметшісінің еңбекақысы.
18.Ескірген-құрал жабдықтады айырбастау үшін жаңасын сатып алуға кеткен фирманың шығындары.
19.Жеке коллекционердің Леонардо да Винчидің картинасын сатып алу.
20.Мемлекеттің қорғаныс шығындары.
21.Үй иелерінің жаңа үйден пәтер сатып алу шығындары.
22.Адамның өз автокөлігін сатудан алған табысы.
23.Рұқсат етілмеген жерге көлігін қойғаны үшін айыппұл.
2-ші сайыс. Тапқырлық.
1-тапсырма. Төмендегі шығындар мен табыстардың қай түрі осы елдің ЖҰӨ-нің құрамына енеді және енбейді? (+, -)
 
2-тапсырма. Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы , ол оқытады (яғни төмендегі мәселелердің қайысын макроэкономика, қайысын микроэкономика оқытатындығын  қайысылары макроэкономиканы да микроэкономиканы да оқытады бөліп көрсет):
1.Экономикалық саясат теориясын.
2.Монополистік бәсеке теориясын.
3.Әлемдік экономика теориясын.
4.Еңбекке сұраныс пен ұсыныс теориясын.
5.Экономиканың қысқа мерзімді тербелістерін.
6.Салық нарығындығы тепе-теңдік мәселесін.
7.Экономикалық дамудың ұзақ мерзімдердегі тенденцияларын.
8.Жалпы экономикалық тепе-теңдік мәселесін.
9.Қысқа және ұзақ мерзімдердегі экономикалық агенттердің іс-әрекетін.
10.Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру мәселесін.
11.Валюталық баға мәселесін.
12.Тұтынушы іс-әректін.
13.Ақша теориясын.
14.Өндіруші іс-әрекетін
15.Мемлекеттік қарыз теориясын.
16.Инвестиция теориясын.
17.Жұмыссыздық теориясын.
18.Өзіне ақша теориясын енгізеді.
19.Салыстырмалы бағаларға емес, абсолютті бағаларға сүйенеді.
20.Жалпы ұлттық өнім, оны есептеу әдістері.
21.Экономикалық өсудің факторлары.
22.Тауар және оның қасиеттері.
23.Құн заңын.
2-тапсырма. Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы , ол оқытады (яғни төмендегі мәселелердің қайысын макроэкономика, қайысын микроэкономика оқытатындығын  қайысылары макроэкономиканы да микроэкономиканы да оқытады бөліп көрсет):
3-ші сайыс-«Сен маған, мен саған» Әрбір топ құрастырып келген сөзжұмбақтарын, ребустарын бір-біріне алмастырып береді (5 минут уақыт беріледі)
 4-ші сайыс бойынша .Кім жылдам. Еңбек туралы есеп. Әр топқа 3 есептен барлығы 6 есеп беріледі. ( логикалық есептер)
№1
Жәшікте 5кг алма сияды. 78кг алманы базарға шығарып сату үшін жәшіктерге бөліп салу керек. Бұл үшін ең аз дегенде неше жәшік керек?
Шешуі: 78: 5, 15,(қ3), яғни 15 жәшік және қалғанына 1 жәшік, сонда барлығы 16 жәшік керек.
№2
Алыпсатар ауылдан 3400 теңгеге алған қойды базарға апарып 4500 теңгеге сатты. Базарға барып қайту үшін 300 теңге ақша жұмсады. Егер осы ретпен 15 қой сатса, алыпсатар қанша пайда табады?
Шешуі: 4500-3400=1100
1100-300=800
800х15=12000, яғни 12000 тенге пайда  көреді.
№3
Бір қап қант («Дәужан» қант орталығында 2500 теңге (массасы-50кг), ал базарда 2400 теңге (массасы-45кг) тұрады. Қантты қайдан сатып алған тиімді?
Шешуі: 2500:50=50
2400:45=53 (3қ), яғни 54. Сонда қант орталығынан алған тиімді.
№4
Әкесі Айгүлге 200 теңге ақша беріп, қалам сатып алуды және мектеп асханасынан тамақтануды тапсырды.
Егер қалам 45 тенге, ал лимонад 52 теңге, ал самса 34 теңге тұратын болса, ол ең көп дегенде неше самса сатып алады?
Шешуі: 200-45=155
155-52=103
34:3=102 (1қ). Ол ең көп дегенде 3 самса сатып алады.
№5
        «Қара жыра» көмір шахтасынан бірінші күні 50 тонналық вагондармен 1350 тонна көмір жөнелтілді, ал екінші күні бірінші күнге қарағанда 40 тонналық вагондармен 270 тонна көмір кем жөнелтілді. Бірінші және екінші күндері бірдей вагон жөнелтілгенін дәлелде. (Жауабы – 27 вагон)
№6       Бұрын 96 бұйым жасау үшін 3 сағат жұмсалатын.      Жаңа әдісті еңгізу нәтижесінде еңбек өнімділігі 2 есе артты. Сонда бір сағатта қанша бұйым жасалынады? 
      
                5-ші сайыс. Қорытындылау. «Бәйге» атты үй тапсырмасы
 
5-ші сайыс «Бәйге» атты үй тапсырмасы .(әрбір топ еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып келеді)
III.Сабақты  қорытындылау әділ қазылардың марапаттау рәсімі.
  1. Оқушылардың жұмысын бағалау.