Мен патриотпын!

Сайлауова Ж.С.
.
.
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға баулу және үйрету. Сонымен қатар  ой — өрісін, сана — сезімін дамыту. Туған ел, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін кеңейту.Тәрбиеленушілердің  бойына  Отанды сүюге , елінің патриоты болуға деген жан дүниесіне рухани биік қамал тұрғызу. Отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге, сыйлауға, құрметтеуге,Отан алдында адал болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ойын, сұрақ-жауап, ассоциация (қауымдастық)
Көрнекілігі: презентация, шарлар, батырлар суреті, тәуелсиз ел суреті, мақал-мәтелдер, шарлар , оқушылардың салған  сурети және т.б.   
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
— Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болатын, алайда мен бүгінгі сабақтың тақырыбы жазылған әріптерімді жоғалтып алдым. Өтінемін, жан-жақтарыңнан қарап көріңдерші.
(Оқушылар әр партаның астында немесе орындық үстерінде, терезе алдында жатқан түрлі-түсті әріптерді жинап,мұғалімге әкеліп береді)
-Рахмет, оқушылар! Бірақ мына әріптер әр жерде шашылып қалған, енді бұл әріптерді құрайық сонда біздің бүгінгі ерекше сабағымыздың тақырыбы шығады.
(Оқушылар әріптерден сөздерді құрап, сөздерді байланыстырып сабақтың тақырыбын құрайды.Мұғалім көмегімен тақырыпты тақтаға іліп шығады.)
-Сонымен оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай екен?
Оқушылар  хормен жауап береді: «Мен патриотпын!»
Мұғалім: Ендеше оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз!
Жарайсыздар! Міне біз бейбіт, мәңгілік бақытты, тәуелсіз елдің бейнесін құрап шықтық, енді осы суретке қарап отыра «Отаным үшін қолымнан не келеді?»  тақырыбында өлең, ессе құрап жазыңдар.
Оқушылар тапсырманы орындайды.
Енді қолдарымыздан ұстап Отанға,елбасына арнап тілектер айтайық.Сонан соң хормен :
«Тілегіміз қабыл болсын дейміз!»
Қорытынды:
Оқушлар бәріміз орнымыздан тұрып,Отанға деген махаббатымызды тағы бір дәлелдеп ән шырқайық!
«Көк тудың желбірегені»  Сөзін жазған: Алмас Ахметбекұлы   Әнін жазған: Ермұрат Зейіпхан
Көк тудың желбірегені —
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.
Көк тудың желбірегені —
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,
Маған керегі-
Көк тудың желбірегені.
Көк тудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Әр жаққа тартпай, қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.
Көк тудың желбірегені —
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған қазақтың
Азат отанға жете алмай
Көзінің мөлдірегені.