Пациентті дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу

Оспанова Қуанышкүл Амантайқызы
Мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы
.
.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар :
Дамыта оқыту, интерактивті, кластер технологиялары.
 
Белгіленген технологияларды іске асыру әдістері :
  • нығыздап сұрау;
  • бағалау және бақылау;
  • өзіндік жұмыс;
  • кәсіптік бағдар беру;
  • стандарттар бойынша тапсырмаларды орындау;
  • тест сұрақтарына жауап беру;
 
Сабақтың мақсаты :
Білімділік :           
Студенттерге зертханалық  зерттеуге материал алуды, жолдамаларды толтыруды, ұлтабарды сүңгілеудің техникасын жасауды,  науқасты емшараға   дайындауды үйрету.
Дамытушылық : 
Студенттердің  логикалық, клиникалық ойлау қабілетін дамыту, өз мамандығына  және   пәнге деген қызығушылығын арттыру,  оқу, іздену, өзін-өзі дамыту, бағалау қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік :
Студенттерді  өз міндеттерін атқарғанда жауапкершілікке, ұқыптылық пен сабырлыққа тәрбиелеу, этика және деонтологиялық принциптерді сақтауға баулу.
 
Пәнішілік байланыс :
  • Медициналық этика деонтология;
  • Зарарсыздандыру және залалсыздандыру;
  • Аурухана ішілік инфекция мәселелері;
  • Зертханалық зерттеу әдістері
 
Пәндер аралық байланыс :
     
Қамтитын пәндер :    
Анатомия  —  Ас қорыту жүйесі.
Физиология -.Ас қорыту жүйесі физиологиясы.
Жалпы патология -.Ас қорыту мүшелерінің аурулары.
Латын тілі- Медициналық терминдер
Психология негіздері мен коммуникативті дағдылар-Пациенттерді психологиялық зерттеу алдында дайындау.
Қамтылатын пәндер:
Ішкі аурулар пропедевтикасы—  Ұлтабар және өт шығару жолдарының сөлдерін зерттеу.
Ішкі аурулар— Науқастарды қосымша  зерттеу әдістеріне дайындау. Зертханалық зерттеулерге материал алу.
Балалар аурулары— Зертханалық зерттеулерге материал алу.
Жалпы хирургия, анестезия және реанимация— Зертханалық  зерттеулер: вирусологиялық, бактериологиялық, серологиялық.
Хирургиялық аурулар— Науқастарды қосымша зерттеу әдістеріне дайындау. Зертханалық зерттеулерге материал алу.
Жұқпалы аурулар— Науқастарды зертханалық және аспаптық зерттеулерге дайындау.
Акушерия және  гинекология- Гинекологиялық науқастарды қосымша зертханалық зерттеу әдістері. Гинекологиялық науқастарды қосымша зерттеу әдістері.
Студент білуі тиіс :
  • ұлтабар құрамын зерртеу мақсатын, көрсетілімдерін;
  • зерттеу мақсатын, көрсетілімдерін;
  • зерттеу әдістеріне пациентті дайындау ерекшеліктерін;
  • лабораториялық зерттеу үшін биологиялық материал түрлерін;
  • биологиялық материалды зерттеу үшін дұрыс сақтау және клиникалық зертханаға тасмалдау ережелерін
Студент игеруі тиіс :
  • пациентті зерттеуге дайындауды;
  • емшараны жүргізу үшін қажет зертханалық ыдысты даярлауды;
  • стандарт бойынша зерттеуге науқастан материал алуды;
  • зертханаға жолдама жазуды;
  • әр түрлі зертханалық зерттеулерге жолдаманы толтыруды;
  • пациентті және оның туыстарын амбулаториялық жағдайларда несепті жинауды үйретуді;
  • биологиялық материалды зерттеу үшін дұрыс сақтауды және клиникалық зертханаға тасмалдауды;
 
Уақыты : 180 мин.
 
Сабақтың жабдықталуы : фантом, муляждар.
 
Көрнекі құралдар :
Сабаққа  қажетті заттар:       
залалсыздандырылған пробиркалар  штаттивті, пробирка тасымалдауға арналған бикс; жолдама бланкі, пробиркаларды белгілеу үшін стеклограф, қолғап, маска, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер,
 клеенка алжапқыш, бас фантомы өңеш асқазанмен, ұлтабар сүңгісі, қысқыш, пробиркалар, қысқыш, штатив, сүлгі, валик, жылытқыш, 33 % магний сульфаты, жастықша, жылы су, қысқыш, АВС белгіленген пробиркалар, 40% глюкоза
Үлестірме материалдар: тесттер, тапсырмалар, стандарттар
Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта, мультимедиа, телевизор, DVD
Негізгі әдебиет:
  1. Муратбекова С.К. «Основы сестринского дела» — Кокшетау, 2012г
  2. Секенова Ж.К. және т.б. Организация инфекционного контроля в ЛПУ (Алматы 2005г.).
  3. Муратбекова С.К., Аминов М.Г., Ярошинская И.К., Воронова Г.С., Куспанова А.Р. «Актуальные вопросы внутрибольничных инфекций. Стандарты действий по профилактике ВБИ» г. Кокшетау 2012 г.
  4. Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова – Астана, 2007 г.
  5. «Всё по уходу за больным на дому» под редакцией акад. РАМН Ю.П. Никитина, ГЭОТАР – Медиа, 2009 г
  6. Туркина Н.В. «Общий уход за больными» — Москва 2007г
  7. Широкова Н.В. және т.б. «Основы сестринского дела»: Алгоритмы манипуляций: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2009 г.
  8. Нурманова М.Ш. және т.б. Сборник стандартов сестринских технологий по дисциплине «Основы сестринского дела» г. Алматы «Sunnur» ТОО, 2011 г.
  9. Мейірбике ісі негіздері пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 ж.
Қосымша әдебиет:
  1. Осипова В.Л. «Внутрибольничная инфекция»: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа,
       2012 г.
  1. Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: практикум. Морозова Г.И. – М.,
              2009 г.
 
WEB сайттар тізімі:
3    www.mail.ru
5    www.med.ru
Сабақтың хронокартасы
Сабақ бөлімдерінің атауы Сабақтың ұзақтығы
І Ұйымдастыру сәті 2-3 мин
ІІ Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 2-3 мин
ІІІ Студенттердің теориялық білімін бақылау          25-30  мин
ІV Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау         30- 35  мин
V Студенттердің тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы қауіпсіздік ережелерін ескерту 5 мин
VІ Студенттердің өзіндік жұмысы 100 мин
VІІ Сабақты қорытындылау 10 мин
VІІІ Үйге тапсырма 5 мин
Сабақтың барысы :
І  Ұйымдастыру кезеңі /2-3 мин/
    Студенттердің  киімдерінің сырт көрінісіне, сабаққа қатысуына, бөлменің тазалығына көңіл  
    бөлу. Журнал толтыру.
ІІ  Сабақтың мотивациялық сипаттама беру /2-3 мин/
Лабораториялық зерттеу әдістері науқасты зерттеудің өте маңызы қосымша әдістерінің бірі болып саналады. Кейбір жағдайларда лабораториялық мәліметтер диагноз қоюда, науқастың жағдайын бағалауда шешуші рөл атқарады.
Лабораториялық зерттеу әдістерінің нәтижелері биологиялық материалды дұрыс алу ережелеріне байланысты болып келеді. Зерттеуге қан, бөлінділер /зәр, нәжіс, қақырық/, асқазан 12 елі ішек сөлі, өт, жұлын сұйықтығы, экссудаттар, транссудаттар, пунктаттар, мұрын және жұтқыншақтан жағынды алынады жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтауды, жұтқыншақ және мұрыннан микрофлорасын тексеруге, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерияға).
Мейірбике зерттеуге алынатын материалдарды жинау тәртібі жөніндегі ақпаратпен таныс болған дұрыс. Оған уақыт әсері уақыт әсері биологиялық заттардың ыдырау кезеңі, зертханалық зерттеу алдында бірқатар дәрілерді беруді тоқтату, материалға сыртқы орта температурасының әсері және тағы басқалары жатады. Оларды ескермегенде, медицина қызметкерінің еңбегі зая кетіп, емдеуші дәрігер сырқаттың диагнозын анықтауда бірқатар қиындыққа тап болуы мүмкін. Сондықтан  зертханалық зерттеуге материал алу тактикасын  мейірбике білімді менгеруі керек
Кейбір зерттеулер барлық науқастарға жүргізіледі, ал кейбіреулері диагнозына қарай қатаң көрсетпелермен жүргізіледі. Зерттеу нәтижесінің дұрыстығы мен диагнозды дәл қою сырқатпен биологиялық материалды дұрыс жинау әдісіне  байланысты, мейірбике бұл ережелерді жақсы білуі тиіс.           
Көп сырқаттарға зонд жұтқызу өте қиын, мұның негізгі себебі жұтқыншақ пен өңештің шырышты қабаттарының өте жоғары сезімталдығы және жөтелу мен құсу рефлекстерінің артур.Көп жағдайларда зонд пен тексеру шараларының нашар өтуі тексеруден қорқу немсе теріс психологиялық бағдарламадан.Тексеруден қорқу шаралары болмас үшін сырқатқа сыпайы, байыпты, құрметті түрде тексеру шараларының мақсатын, оның пайдасын түсіндіре білу қажет. 
 
ІІІ  Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдардың  көмегімен
      бақылау  25-30 мин.
 
Ауызша сұрау:
1 Зертхана түрлері
  1. Дуоденальды зондтау туралы түсінік
  2. Ұлтабарға сүңгілеудің мақсаты, көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері.
  3. Ұлтабар және өт шығару жолдарының сөлдерді тексеру туралы
  4. Зондтық процедуралардың этикалық деонтологиясы
  5. Биологиялық материалдарды анализге алғанда мейірбикенің қауіпсіздік техникасының ережелері
  6. Пациентті ұлтабарға сүңгілеу жүргізуге дайындау
 
1 Зертхана түрлері
Клинико –диагностикалық
         Биологиялық субстраттардың физика-химиялық қасиеттерін анықтау (мысалы, қанның, зәр, қақырықтың жалпы анализдері, қанды биохимиялық зерттеу: холестерин, жалпы белок, билирубин, жасырын қанға нәжіс қарапайымдыларға, нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру)
       Биоматериалдарды лабораторияға тасымалдау үшін арнайы контейнерлер (бір рет қолданылатын) немесе таза, құрғақ шыны ыдыстар қолданылады.
Бактериологиялық
        Микробтарды анықтау және микрофлораны идентификациялау (мысалы: зәр стерильділікке, нәжіс ішек топтарына, дифтерияға күдік болғанда жұтқыншақтан жағынды) Медбике материалды бактериологиялық лабораторияда дайындалған стерильді ыдыстарға алады.
Иммунологиялық (вирусологиялық)
           Кейбір инфекциялық агенттерге маркерлер бойынша зерттеу жүргізу және кең таралған бактерия және вирустарға табиғи (қалыпты) антиденелер бойынша зерттеулер жүргізу (қан АИВ-қа, В және С гепатиттеріне, RW-инфекцияға).
          Биоматериалды тасымалдау үшін арнайы зертханалық ыдыстар қолданылады.
 
  1. Дуоденальды зондтау туралы түсінік
Дуоденальды  зондтау – 12 елі ішек құрамын — өт пен ішек сөлі, асқазан және ұйқы безі сөлдерінің қоспаларын зерттеу үшін тағайындалатын диагностикалық емшара.
Бұл зерттеу өт бөлу жүйесінің қызметін, ұйқы безінің секреторлы қызметін бағалауға мүмкіндік береді және оны өт қабының қабынуларында, өт жолдары және бауыр ауруларында тағайындалады. Дәрігер тағайындайды, медбике ұлтабар сүңгілеу техникасын  орындайды. Оны ұлтабар сұңгісінің көмегімен жүргізеді. Алынған үш порция нәтижелерінің диагностикалық маңызы зор.
  1. Ұлтабарға сүңгілеудің мақсаты, көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері.
Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті лабораториялық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы кызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық, сфинктер) жағдайын бағалау; емдік – өт қабының моторлы қызметі томендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі-дәрмектерді енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.
  1. Ұлтабар және өт шығару жолдарының сөлдерді тексеру туралы
А порциясы ұлтабадан, В порциясы-өт қапшығынан, С порциясы-бауыр ішіндегі өт өзектерінен алынады. Ұлтабар сөлі өт, ұйқы безі,, аз мөлшерде асқазан мен ұлтабардың сөлінен тұрады. Бізді бұл секрет ішіндегі өт қызықтырады. Өт деп құрамында холестерин, билирубин, фосфолипидтер, калий, натрий, хлор кретін каллоидты ерітіндіні айтады.  Ол астың қорытылуына тікелей әсер етеді. Өт күні –түні түзіліп, бөлініп отырады. Зертханада өттің физикалық қасиетін, химиялық сипатын тексереді. Микроскопия жасайды. Қалыпты өтте клеткалық элементтер болмауы тиіс.
А порциясы ұлтабардан аш қарынға алынады. Ол сары түсті, мөлдір, жабысқақ болады. Тығыздығы 1,007-1,00015, мөлшері 15-20 мл.Реакциясы сілтілі. Бұл жалпы өт өзегінен келетін өт. Оның түсінің қанық сары болуы гемолитикалық анемия кезінде, жасыл болуы өт қабындағы инфекция кезінде байқалады. Өттің лайлануы өтке асқазан сөлі қосылғанда байқалады. Ол асқазан немесеұлтабар рефлесі кезінде дамиды. Өт тығыздығының жоғарылауы бауыр паренхимасы зақымданғанда пайда болды. Өт қапшығы қабынған кезде өттің реакциясы қышқылды болады.
В порциясын алу үшін сүңгі арқылы 33 процент магний сульфат ерітіндісімен 50 мл енгізу керек. Ол өт қапшығының сфинктерін босатады.  В порциясының мөлшері 35-50 мл. Түсі қанық жасыл, Өт қапшығы қабынған кезде әлсіз боялған өт пайда болады. Өт жолдарына іркілу дамығанда өттің түсі қанық болады. Өттің реакциясы нейтарльды. Тығыздығы 1,016-1,034. Тығыздықтың төмендеуі өт қапшығының  концент рациялық жұмысының бұзылғанын көрсетеді. Ал тығыздықтың жоғарылауы өт шығару жолдарының дискенизиясын, өтке тас байлану ауруын, өт қапшығының атониясын дәлелдейді.
С порциясы В порциясының бөлінуі аяқталған соң басталады. Бұл бауыр өзектерінен келген өт. Қалыпты жағдайда ашық сары түсті. Мөлдір. Тығыздығы 1,0007-1,010г/л. Бұл порциясынң тым ашық сары түсті болуы гепатит, бауыр циррозының белгісі болып табылады. Егер цилиндрлік клеткалар , лейкоциттер, кілегей кездесетін болса, онда қабыну процесі жүруде. Эритроциттер  көптеп тұздар кездесетін болса, өтке тас байлану ауруы дамығандығын дәлелдеуге болады.
 
  1. Зондтық процедуралардың этикалық деонтологиясы
Лабораториялық зерттеулердің дұрыстығы медбикенің пациентті зерттеуге қаншалықты дұрыс және ұқыпты дайындауына тікелей байланысты. Пациенттің алдағы зерттеудің қажеттілігін, дұрыс медициналық диагноз қою үшін маңыздылығын түсінуіне ұмтылу керек;
алдағы зерттеудің қауіпсіз екенін және ауырсыну болмайтынын ерекше айтып өту қажет, өйткені жиі қорқу сезімі пациенттің алдағы зерттеуден бас тартуына негізгі себеп болады;
пациент алдындағы зерттеу барысын, зерттеу жүргізу кезінде субъективты сезімдерді және зерттенуге дайындық шараларының көлемін білуі керек. Пациент зерттеудің қауіпсіз екенінен сенімді болуы керек. Медбике зерттеу нәтижелері туралы пациентке хабарлауға құқығы жоқ. Зондпен тексеру кезіндегі медицина қызмнеткері мен емделуші арасындағы әңгіменің қысқаша мазмұны: Қазір біз зерттеу шараларына кірісеміз, бұл кезде көңіл күйіңіз өзіңіздің тәртібіңізбен тікелей байланысты. Бірінші және негізгі шарты: күрт қимылды жасамау әйтпесе жөтел мен лоқсу пайда болуы мүмкін,ол үшін денеңізді бос ұстап терең және баяу тыныс алыңыз,вузыңызды сәл ашық ұстап,қолыңызды тізеңізге қойыңыз, зондтың соңын жұтып жіберуге тырысыңыз. Егер мұрныңызбен тыныс алу қиын бокса,вузыңызбен тыныс алыңыз да, зондты ақырын қозғаңыз. Егер басыңыз айналғандай болса, қалыпты тыныс алыңыз.Сіз, зондты жақсы жұтыңыз, егер барлық науқастар осылай жұта білсе ғой деуді де ұмытпаңыз.
  1. Биологиялық материалдарды анализге алғанда мейірбикенің қауіпсіздік техникасының ережелері
            Қауіпсіздік шараларын барлық жағдайда да қадағалау қажет, өйткені емделушіден басқа инфекция қан қабылдайтын           агенттерге  жұқтырмаудың алдын алу мүмкіндігін береді.
 
Сақтану тәсілдері:
  1. Биологиялық материалмен тікелей қатынасқа түспеу. Резеңке қолғаптарымен жұмыс істеу. Зертханалық ыдыстың сынуын және әйнектер сынықтарымен жарақаттануды болдырмау керек.
  2. Канализацияға ағызар алдында науқастың бөлінулерін зарарсыздандырыңыз.
  3. Зертханалық ыдыстарды мұқият зарарсыздандырыңыз.
Қолға емделушінің бөлінулері тиген кезде қолды антисептикалық ерітіндіге (0,1 % дезоксон, 70 % спирт) малынған тампонмен екі минут бойы өңдеу керек. Содан соң 5 минут ағынды суға шайыңыз.
  1. Пациентті ұлтабарға сүңгілеу жүргізуге дайындау.
   Көпшілік  пациенттерде  сүңгіні енгізу жайсыздық  сезімін туғызады. Оған себеп болып жөтелу немесе құсу  рефлексінің жоғарылауы, жұтқыншақ және өңештің  шырышты қабатының жоғары сезімталдығы саналады. Көп жағдайларда зондпен тексеру шараларының нашар өтуі сүңгілеу емшараларына теріс психологиялық реакциясынан болып, тексеру ауруы туындайды. Тексеру ауруын жою үшін пациентке зерттеу мақсатын, оның пайдасын түсіндіру,
Емшараның басынан аяқталғанға дейін пациентпен сыпайы, тілектестік қарым-қатынас жасау керек. Пациентке сүңгілеу кезінде кенет қимыл-әрекет жасамауын, денесін бос ұстап терең және баяу  тыныс алуын айту керек. Пациентке ұйықтар алдында 2таблетка спазмолитиктер немесе бал қолсылған шайды беріңіз, оң жақ  қабырға асты аймағына жылытқышты қою қажет.
  • емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;
  • зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар) алып тастау ұсынылады;
  • асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егер де шприцке сұйықтық түспесе, онда сүңгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны пациентке қайта жұтынуын ұсыңыңыз;
  • асқазандағы сүңгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүңгіге еңгізіп тексереді және сүңгі оливасы асқазанда болса, онда пациент ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;
  • бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;
  • егер де ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылытқыш қойылмайды;
  • лабораторияға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.
IV Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын түсіндіру және демонстрациялау
       (35 мин.)
 
Сабақта меңгеретін дағдылар:
1 Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін, Жане шприцін, 20 мл шприцті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларды, қолғаптарды, жылытқышты, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабығының қоздырғыштарын – 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-600С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін,, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
  1. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.
  2. Науқасқа емшара тәртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
  3. Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.
  4. Науқасқа ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.
  5. Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егер де болса).
  6. Науқасты орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтың арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз.
  7. Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.
  8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
  9. Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинцетпен) алып, сүңгі оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).
  10. Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі).
  11. Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.
  12. Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап, сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егер де науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кысқышпен қысыңыз.
  13. Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.
  14. Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.
  15. Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату қалпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.
  16. Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.
  17. Қысқышты босатып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.
  18. Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.
  19. Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.
  20. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).
  21. Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.
  22. Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
  23. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
  24. Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
  25. Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, лабораторияға жіберіңіз.
  26. Науқасты палатаға апарып, тамақтандырыңыз.
                                                                                                                                             
                                                                Дуоденалды зондтау.
 
 
V Студенттердің өзіндік жұмысына бағдар беру – 5-10 мин
Топты екі топшаға бөліп, орындау іс әрекеттерінің тапсырмаларын беру және дағдыларды орындауға қажетті заттарды дайындауға нұсқау беру.
VІ Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (100 мин)
Тапсырма-1  Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
Тапсырма -2 Берілген картошкаларды орындау
Тапсырма -3 Ситуациялық есептерді шешу
Тапсырма-4  Тест сұрақтарын шешу – ( 15 мин)
Тапсырма -2 Берілген картошкаларды орындау