Пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау және стомаға күтім жасау

Амирханова Гүлнар Арынбекқызы
Мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы
.
.
        Стома — жасанды тесік, ішек стомалары нәжіс массаларының тік ішек арқылы шығуы мүмкін  болмаған жағдайда, ішектін бөлігі бір бөлігіне қойылады. Ішек бөлімдерінде орналасуына қарай ішек стомаларының бір неше түрлері бар: илеостома, колостома, еюностома т.б.
         Стомаға күтім жасаудың маңызды компонентігін бәрі – теріні қорғау. Стома бөлінділері айналасындағы терініқатты тітіркендіруімүмкін.Қазіргі уақытта «Конва Тек» фирмасы теріні тітіркендірмейтін заттардан туратын арнайы жабысқан пластикалар шығарады. Пластика науқас денесінде 7 кұнге дейін турады. Оны орнатқан кезде ол теріні тітіркендірмей, қыртыстарыоңай тегістеледі «екінші тері» сияқты болады. Бұл пластикаға ішек құрамының ағып кетуіне кедергі жасайтын арнайы жинағыш қалпын бекітіледі.Колостома айналасы терісі арнайы дәрілік зат(тағайындаумен) мысалы Стомагезив- пастамен өңделеді. ОЛ теріні нәжіс массаларымен ластануын болдырмайды, қабынуға қарсы әсер етеді.
Стома қойылған жағдайда науқастар  өмірін  және жұмыс түрін күрт өзгертуге, оқуды тоқтатуға мәжбүр болады. Стома жанұялық өмірге «араласады», жақындарымен конфликттер байқалады, жиі ажырасуға дейін барады. Стома науқастың психологиялық жағдайына әсер етеді.  Науқастарда уайым, қобалжу, ашуланшақтық байқалады. Бұл жағдайлардың себептеріне стомалар туралы, оларға күтім жасау туралы қажет ақпараттың болмауы, жанұя жақындары жағынан түсініспеушілік, физикалық және эмоционалды оқшаулану, жұмыс қабілетінің қайта қалпына келмеуінен қорқу жатады.
Осындай қиындықтарды жеңу үшін  қажет:
—  стомаға күтім жасауда заманауи күтім заттарын қолдану;
—  стома операциясынан кейін организмде болатын өзгерістерді білу;
—  стомаға білікті күтім жасау;
— стомасы бар науқастармен әңгімелесу, қарым-қатынас жасау.
                                                                                                                                                                                                                                                                               
Стомаларға күтім жасау. Стома айналасындағы теріні қорғау.
 
Операциядаң соң стомаларға таңу бөлмесі мейірбикелері немесе стоматерапевттер күтім жасайды. Стоманың түсін бағалау үшін стоманы жиі қарау керек. Ішектердің қызыл түсі оның өмір суру қабілеті бар екендігін көрсетеді, ал ішекте қанайналым жүйесі бұзылғанда оның түсі қара-қоныр болып келеді. Сонымен қатар стома мен тері арасындағы тігіс сызығының бүтіндігіне назар аудару қажет.
         Операциядаң соң алғашқы 24-48 сағатта стома арқылы серозды қан аралас шырыш бөлінеді. Ішек қызметінің қайта қалпына келуімен стома арқылы газдар бөлінеді. Барлық стомаларда бастапқы кезде ішектен суйық нәжіс бөлінеді. Сонымен қатар су балансы бұзылуы белгілері, терінің тітіркенуі болуы мүмкін.
         Стомаға күтім жасаудың маңызды компоненттерінің бірі – теріні қорғау. Стома бөлінділері айналасындағы теріні қатты тітіркендіруі мүмкін. Қазіргі уақытта «Конва Тек» фирмасы теріні тітіркендірмейтін заттардан туратын арнайы жабысқақ пластиналар шығарады. Пластина науқас денесінде 7 кұнге дейін турады. Оны орнатқан кезде ол теріні тітіркендірмей, қыртыстары оңай тегістеледі, «екінші тері» сияқты болады. Бұл пластинаға ішек құрамының ағып кетуіне кедергі жасайтын арнайы жинағыш қапшық бекітіледі. Колостома айналасы терісі арнайы дәрілік зат(тағайындаумен) мысалы, Стомагезив- пастамен өңделеді. Ол теріні нәжіс массаларымен ластануын болдырмайды, қабынуға қарсы әсер етеді.
            Операциядан кейінгі кезеңде емдік мекемеде жүргізіледі :
  • үй жағдайларында стомаға күтім жасауға қажет заттарды таңдап беру;
  • стомаға күтім жасауды науқасқа, қажет жағдайда туыстарына үйрету,
  • пациентке, оның туыстарына қажет заттарды (пластина, жинағыш қапшық, паста) қалай, қай жерде алатынын түсіндіру;
  • стомаға күтім жасау;
 
 
 
 
Нәжісқабылдағыш түрлері.
   Мейірбике пациентке нәжіс қабылдағышы таңдауды, қолдануды үйретеді. Нәжіс қабылдағыштар әртүрлі болып келеді. Олар мөлдір, бір реттік немесе көп реттік қолданатын, фильтрмен немесе фильтрсіз болуы мүмкін.
Нәжісқабылдағыш түрлері

Бір компонентті  — жабысқақ емдік пластина және пластик қапшықтан тұрады, екеуі қосылып кеткен. Қапшықты ауыстыру қажет болған жағдайда пластинамен бірге ауыстырылады.

Екі компонентті- қапшықты бекітуге арналған арнайы сақина — фланецтен тұрады.

Бір компонентті дренаждалмайтын, жабық

Екі компонентті дренаждалмайтын, жабық

Бір компонентті дренаждалаты н, ашық

Екі компонентті дренаждалмайтын, жабық

                                                                                                                                                   
Колостомаға күтім жасау.
Дайындаңыз: «Стомагезив» майы немесе Лассар пастасы; қағаз сүлгі немесе салфетка;       қайшы; стерильды қолғап.
Медбикенің іс-әрекеттері:
  1. стомадан бөлінетін нәжіс массаларын тазалау;
  2. стоманы қайнаған жылы сумен жуу;
  3. колостома айналасындағы теріні жылы қайнаған сумен өңдеу, салфеткамен құрғату;
  4. теріге Лассар (дерматолды немесе цинк пастасы) пастасын немесе «Стомагезив» майын жағу;
  5. паста немесе майдың артығын салфетка көмегімен сұрту;
  6. теріден шығып тұрған шырышты қабыққа («роза») вазелин жағылған салфетканы қою;
  7. колостоманы салфеткамен жабу;
  8. танғыш үстіне мақта қою;
  9. танғышғын бинт немесе бандажбен бекіту.
                                                                                                                                                
 
                                Стомасы бар пациенттерге тамақтану бойынша ұсыныстар.
    Стома қойылған пациенттер операциядаң соң 4-6 апта клетчаткаға бай тағамдық заттарды қабылдамауы керек. Кейіннен олар аздап ас мәзіріне қосылады. Операциядаң кейін алғашқы айларда ашы ішекте су және минералды тұздардың сорылуы, кейбір дәрумендер өндірісі қызметтері жартылай сақталады. Ішектің нәжіс массаларын жинау және бір қалыпты сыртқа шығару қызметі толығымен жоғалады. Екінші айдың соңында жіңішке ішек бейімделеді, пациенттердің басым бөлігі өздерінің бұрынғы режиміне, тамақтану тәртібіне оралады. Тамақты жүйелі түрде аз мөлшерде қабылдау қажет. Ішектің босауына әкелетін тағамдық заттарға жатады: қантқа бай тағамдық заттар (бал, жеміс-жидектер), ас тұзына бай тағамдық заттар (тұздықтар, маринадтар), қара нан, айран, шырындар. Ішек құрамының қоюлануы үшін күріш, кисель қолдануға болады. Илеостома бар науқастарға дұрыс тамақтану тәртібін таңдау үшін күнделік жазып жұру қажет. Күнделікке қабылдаған тағамдық заттар, оларды қабылдау уақыты, мөлшері, стома арқылы ішектің болатын уақытын жазып жүруі қажет. Міндетті түрде ауырсыну болған жағдай және бөлінген зәр мөлшері тіркеледі. Күнделікті 4-6 апта бойы жазу қай тағамдарды қабылдау тиімді екенін көрсетеді.