Пациенттің жеке басы гигиенасы

Сексенбай Гүлсім Жұмаханқызы
Мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы
.
.
  1. Ауыз қуысының күтімі
  2. Ауыр халдегі пациенттің тістерін тазалау туралы түсінік.
  3. Науқасты қырындыру туралы түсінік.
  4. Ес- түссіз жатқан науқастың ауыз қуысына күтім жасау
  5. Алмалы салмалы тіс протездерін күту туралы түсінік.
 
  1. Ауыз қуысының күтімі
Ауыз қуысында  көп микробтар жиналады, олар ағза әлсірегенде ауыз қуысының  ауруларын тудырып, адам ағзасының жалпы жағдайын нашарлатуы мүмкін. Ауыр халдегі пациенттерде жиі стоматит- ауыз қуысы сілемейлі қабығының қабынуы дамиды. Тамақ қабылдау кезінде ауырсыну, сілекейдің ағуы, дене қызуының жоғарылауы байқалады. Оның себебі вуыз қуысының нашар  күтімі болып есептеледі.. Кейде пациенттерде еріндерінің құрғауы, ауыз бұрыштарында ауырсынатын тері тілінулері болуы мүмкін. Пациенттің жағдайын жеңілдету үшін еріндерге суға малынған дәке салфетканы қойып, соңынан еріндерді майлап қоюға болады.
Әлсізденген пациенттің ауыз қуысына микроағзалар жиналады, олар ауыздан жағымсыз иіс шығаруы мүмкін. Сырқаты жеңіл, өз аяғымен жүріп тұратын яғни жалпы режимдегі пациенттер ауыз қуысының күтімін өз беттерінше атқара алады. Таңертең, кешке тістерін өздері щеткамен тазалап тұрады. Тамақ ішіп болған соң, ауызды тұзды сумен шаю (1 стакан суға шәй қасықтың төрттен біріндей  тұз салып ерітеді) керек. Егер пациенттерге тіс протездері бар болса, түнге қарай оларды шешіп, тазалап таңға дейін жеке стаканда сақтап, таңертең ағынды сумен шайып кию керек. Ал ауыр халде төсек тартып жатқан пациенттердің аузын  күніне 2 рет тазалайды.
     Ауыз қуысының қабыну үрдісі кезінде аппликациямен емдейді: қабынған шырышты қабатқа фурациллин ерітіндіге малынған зарарсыздандырылған салфетканы күніне бірнеше рет 3-5 минутқа қояды. Есін білетін пациенттің Жане шприці немесе арнайы груша арқылы дәрілік заттармен ауыз қуысын шаяды.
  1. Ауыр халдегі пациенттің тістерін тазалау туралы түсінік.
Тісті тазалау үшін құрамында фтор бар, тіс эмальін қорғап тіс жегіні болдырмайтын пастаны қолданған жөн. Тіс ысқышы  жұмсақ, қызыл иекті зақымдамайтындай, пайдалануға қолайлы болуы керек. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отырған жөн.
Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн.
Ескірген ысқыш тісті дұрыс тазаламайды. Тіс тазалайтын ысқышты абайлап ұқыпты қолдану керек, дұрыс қолданбау қызыл иекті зақымдап, қан кетуі мүмкін.
Ауыз қуысын тазалап болған соң міндетті түрде ысқышпен тілді тазалау керек, себебі тілде микробтар, бактериялар болады.
Егер пациент ес-түссіз болса, жұтынуға, аузын ашып жабуға, тістерін тазалауғада мүмкіндігі болмайды. Бұл науқастардың ауыз қуысын тәулік бойы әр 2 сағат сайын тазап отыру керек. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін фурациллин ерітіндісімен  шайған жақсы нәтиже береді. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған дұрыс. 
Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық – физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций – хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем — домдық – профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады. 
         Ауыз қуысын, тісті, тіс протездерін тазалау кезінде сақтық әмбебап өлшемелерді сақтап, резеңке биалайды киіді есте сақтаған жөн.
  1. Науқасты қырындыру туралы түсінік.
Қырыну жеке басы гигиенасын сақтау үшін жүргізіледі. Пациенттерді қырындыру операция лар жасар алдында қолтық асты ойығындағы және қасағадағы  шашты қыру іс-әрекеті жүргізіледі. Пациентті қырындыру кезінде қыру аймағын қарап шығу керек. Пациенттің бетінде қал, мең  бар немесе жоқ екендігіне көз жеткізу маңызды. Себебі, қалдың зақымдануы науқас өміріне қауіп төндіреді. Қырынудан алдын науқасқа қырынуға арналған  крем ұсыныңыз, ол бет терісін жұмсартып, кесіп алудың алдын алады. Халі ауыр пациенттерді қырындыру ем шарасын бастар алдында резеңке биялай киіп, 40-50 гардустағы ыстық суға малынған ылғалды салфетканы бетке теріні жібіту үшін 1 минуттай басып қояды. Егер науқас өздігінен қырына алса, қырынуға жайлы жағдай жасау керек. Ал қырынудан кейін бет терісінің бүтіндігі бұзылған жағдайда іріңдеп кетудің алдын алу үшін құрамында спирт бар лосьонды, антисептикті қолданған жөн. Қолды кесіп алмау үшін ем шараны қауіпсіз ұстара қолдана отырып, ұқыпты әрі абайлап жүргізіңіз. Қырындыру үшін  ұстара бір реттік және көп реттік болуы мүмкін. Қазіргі таңдағы шығарылған бір рет қолданылатын ұстаралар қолданып болғаннан кейін арнайы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тасталады. Көп реттік ұстара дезинфекцияланады.
         Науқасты қырындыру кезінде Фаулер қалыпқа келтірген жөн. Арнайы жаққыштың көмегімен қырынуға арналган көбіршіктерді қолданылады.
 
  1. Ес- түссіз жатқан науқастың ауыз қуысына күтім жасау
Ауыз қуысының жағдайына тұтастай организм тәуелді болады. Күнделікті пациенттердің ауыз қуысына профилактика, оның ішінде тісті тазалау ауыз қуысы кеселдерінің дамуының жолын алдын алады. Ауыз қуысын  тазалау кезінде пациенттің қалпын жартылай немесе отырғызу керек. Тазалау ерітінділері тыныс жолдарына түсуінің алдын алу үшін арқасымен жатпауы керек. Пациент әлсіз немесе есін жоғалтқанда ауыз қуысын сумен шаюға болмайды. ). Жағдайы өте ауыр науқастарда ауыз қуысын Жане шприці арқылы шаю қолданбайды,  Себебі, суйықтық пациенттің жоғарғы  тыныс жолдарына кетіп қалып, пациентте аспирация байқалуы мүмкін. Аз мөлшердегі аспирация өкпенің қабынуына, көп мөлшердегі аспирация тұншығуға (асфиксия) алып келеді. Кейде кенетттен өліп кету қауіпі болады.
Халі өте ауыр пациенттердің ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітінді суланған салфеткалармен  күніне 2 рет сүртіп тазарту керек. Еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды. Ерін айналасына вазелин жағып қоюға болады.
  1. Алмалы салмалы тіс протездерін күту туралы түсінік.
            Тіс протезін күту – ауыз қуысының шырышты қабықтары мен қызыл иектің қабынуының,  иектің жиі тітіркену, афтозды стоматиттердің және саңырауқұлақты ауруларының алдын алу болып табылады. Сондықтан оны үнемі өңдеп отыру керек. Кешкі мезгілде жүйелі тазалап отыру маңызды. Ауыз қуысын күту емшарасы жүргізілгенде тіс протездерін күту міндетті болып есептеледі. Егер де науқас өздігінен протездерді ала алмаса, онда салфетканмен алу қажет, үлкен және сұқ саусақтармен тіс протезін мықты ұстап, шайқалу (тербелеу) қозғалыспен ептеп протезді алып, шыны аяққа салу керек. Түнгі уақытта протездер шыны аяқта болуы керек. Егер де пациент осы уақытта оларды кигісі келмесе – шыны аяққа протездерді қалдырып, оған су құю қажет, ол толығымен протезді жабу керек. Алмалы –салмалы тіс протездерін  пациенттен босатып алғаннан соң , ауыз қуысын тазалап шаю жүргізіледі.