Педагог-мамандардың кәсіби- тұлғалық дамыту технологияларын қолдану

Такесова Айымторы Калиматовна
Арнайы экономикалық пәндер оқытушысы
.
.
Болашақ педагог мамандарын кәсіби даярлау жүйесіндегі күрделі мәселелердің бірі, ол кәсіби маңызды білім мен біліктіліктерді меңгеруге бағытталған маманның кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін жетілдіру. 
Еліміз дамуының стратегиялық міндеттерінің бірі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін жасау болып табылады, соның нәтижесінде «республикамыздағы білім беру жүйесі дүниежүзінің дамыған елдерінің біліміне сай болмақ». Білім сапасы әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың заңды үрдістерінің көрінісі. Мемлекеттік «Білім» Бағдарламасы мақсаттарының бірінде «мектептерде оқытудың жетілдірілген мазмұны мен әдістерін жетілдіру, оқушылардың білімі мен педагогтардың қызметін бағалаудың объективті өлшемдері мен тәсілдерін енгізу жолымен білім берудің сапасын арттыру» керек делінген. Демек, педагогтардың кәсіби-тұлғалық дамуы оқушылардың сапалы білім, біліктілік пен дағды алуының жоғары негіздеріне қол жеткізу кепілі болып табылмақ. Оқытушылардың кәсіби-тұлғалық дамуын педагогикалық мониторинг арқылы бағалауға болады.
         90-жылдардың басындағы мектептерді жаңартудың күрделі үрдісі білім беру саласында педагогикалық мониторингті қолдану қажеттігіне алып келді. Оқу тәрбие үрдісін дәстүрлі бақылаудың жетілдірілмеген тұстары айқын болды. Қазіргі заманғы педагогика ғылымы мен тәжірибесі мектеп туралы мәліметтер жинаудың дәстүрлі тәсілдерінен педагогикалық мониторингке өту қажеттігін қойып отыр. Педагогикалық мониторинг жиналған ақпараттар мен педагогикалық болжамды талдау негізінде барабар басқару шешімдерін уақытында қабылдау мақсатымен білім үрдісінің, оның жекелеген элементтерінің дамуын, оның атқаратын міндетін мақсатты бағытталған, арнайы ұйымдастырылған үздіксіз қадағалау болып табылады. Осыдан келіп педагогтардың кәсіби-тұлғалық дамуының мониторингін жасауға болады. Ең алдымен мониторингтің мақсаты мен міндетін анықтап алу керек. Сонымен, мониторингтің мақсаты: педагогтардың жұмыс сипатын үздіксіз, ғылыми негізделген, диагностика-болжау тұрғысынан қадағалау. Міндеті:
1) оқытушылардың бейімделу және жұмыс істеуінің нақты ағымдағы үрдістері туралы материалдар жинақтап, осы негізде мектеп әкімшілігінің жұмыс жоспарын әзірлеу;
2) оқу-тәрбие үрдісі барысындағы жетістіктерді уақытында айқындау;
3) оқытушылардың жұмысында оңтайлы ахуалды қалыптастыру мақсатымен мәліметтер жинақтап, соның нәтижесінде олардың еңбек іс-әрекетіне артық эмоциялық жүктемелердің түспеуінің алдын алу.
         Кәсіби-тұлғалық даму дегеніміз жоғары кәсіби жетістіктерге бағытталған тұлғалардың қалыптасу үрдісі, ал тұлғалардың өзінің дамуында кәсіби іс-әрекеттер мен кәсіби өз ара әрекеттестіктер жүзеге асырылады. Педагогтың кәсіби-тұлғалық даму моделінің мақсаты мен міндеттері айқындалған соң, оның кәсіби-тұлғалық дамуы үшін есепке алынатын себепкер шарттарды қарастырамыз. Олар мыналар:
а) оқытушының психологиялық сипаттары;
ә) оқытушының әріптестерімен қарым-қатынасы;
б) оқытушының кәсіби сипаттамалары;
в) оқытушының ғылыми-теориялық деңгейі;
г) оқытушының тәрбиелік іс-әрекеті;
д) оқытушының оқушылармен және оның ата-аналарымен қарым-қатынасы.
Кешегі жоғары немесе орта оқу орны түлегінің, бүгінгі маманның білім ордасындағы педагогикалық іс-әрекеттерін кезеңдерге бөле отырып, кесте түрінде былайша көрсетуге болады:
Себепкер шарттар Педагогикалық іс-әрекетке даярлық, бейімделу кезеңі Педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасу кезеңі Педагогикалық іс-әрекеттің жетілдірілген кезеңі

оқытушының психологиялық сипаттары

өзіне сенімділік, педагогтық жұмысқа ықыластылығы

талап қоя білуі, лидерлікке ұмтылуы

педагогикалық іс-әрекеттің жеке тұлғалық өзіне тән тәсілдерін қалыптастыруы

оқытушының әріптестерімен қарым-қатынасы

әріптестерімен қарым-қатынастарда сыпайылық көрсету, достастық ниетте болу

әріптестерімен қарым-қатынас барысында жайлы микроклимат жасай білу

ұжымда құрметке бөленуі, әріптестерін өзінің көзқарастарына сендіре алуы

оқытушының кәсіби сипаттамалары

өз пәнін жақсы білуі, материалды жеткілікті еркін түрде баяндауы

өз пәнін жақсы біліп қоймай, жан-жақты білімін көрсету, оқушылардың мүмкіндігіне сәйкес өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, оқыту әдістемесі мен технологиясын сабаққа бейімдей алуы

жаңа педагогикалық бағдарламалар мен әдістемелерді қолдана алуы, жаңа авторлық технологиялар,өзіндік имиджін қалыптастыра алуы

оқытушының ғылыми-теориялық деңгейі

оқытатын пәнінің ғылыми негіздерін білуі, ҚР Конституциясын, «Білім туралы» Заңын және т.б. нормативтік-құқықтық құжаттарды білуі

пәндік әдістемелік бірлестік жұмысына белсенді қатысуы

білімнің әр түрлі салалары бойынша арнаулы, әдістемелік, ғылыми-көпшілік, психологиялық әдебиеттерді еркін талдай алуы, ғылыми зерттеу жұмыс әдістерін игеруі

оқытушының тәрбиелік іс-әрекеті

балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбиелік міндеттерін анықтай алуы

сынып сағаттары мен сыныптан тыс шараларды өткізу әдістемесін сенімді түрде игере алуы

оқушылардың дүниетанымын, оның азаматтық ұстанымын қалыптастыра білуі, ұлттық мәдениетті есепке ала отырып, жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын әдістермен құра білуі

оқытушының оқушылармен және оның ата-аналарымен қарым-қатынасы

оқушылармен және оның ата-аналарымен қарым-қатынаста педагогтық әдептілік көрсету

ата-аналардың жиналысына арнап қызықты тақырыптарды және оны өткізудің тәсілдері мен құралдарын таңдай білуі

педагог-оқушы-ата ананың бірлескен шығармашылық іс-әрекеті

         Қазіргі заман  талаптарына сай білім беру сапасына тікелей қатысты педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуының мониторингісінің үлгісін, мониторингтік картасын шамамен осы тұрғыда жасауға болады. Сондықтан педагогикалық мониторинг өзінің барлық атқаратын ролінің бірлігінде ғана жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және бақылау мазмұнымен толықтырылып, басқару іс-әрекетінің тиімділігіне маңызды түрде ықпал етпек.    
Әдебиеттер тізімі
  1. Управление персоналом. Журнал № 3,4. 2016 жыл
  2. Практическая помощь учителю. Педагогический и методический журнал учителей Казахстана №1, 2016 жыл
  3. Парадигма актуального образования и компетентностные результаты. Учитель Казахстана №16, 2012 жыл
  4. Формирование межкультурной педагогической компетентности учителя. Вестник высшей школы №6, 2017 жыл