Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары

Калтаева Майра Муратбековна
Орыс  тілі пәнінің оқытушысы
.
.
Бүгінгі күні жеке тұлғаны қалыптастыруда  ұлттық тәрбиенің, сонымен қатар этнопедагогиканың атқаратын ролі зор. Оқушыларға  ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатынымыз  белгілі. Жастайынан баланы  адамгершілікке,ізгілікке баулу,  жақсы  қасиеттерді қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.Ұлтымыздың ұлы тұлғалары  әл-Фарабидің , Ж.Баласағұнидің , М.Қашқаридің еңбектерінде халықтық педагогика  мәселесі мен   ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізі көрініс табатын болса, халық ағартушылары Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, т.б. қалдырған педагогикалық еңбектерінде  жеке тұлғаның дамуы, адамгершілік қасиеттердің  қалыптасу жолдары  қарастырылған.  
Тәуелсіздік алып, еліміз дамыған мемлекеттердің қатарынан нық орын алған кездер аралығында бала тәрбиесіндегі   халықтық педагогиканың қалыптасуы мен дамуы, оның құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәні, мектептің оқу-тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктері қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев , С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова, Ә.Табылдиев, М.Х.Балтабаев, Р.Қ.Дүйсембінова, Қ.Б.Бөлеев, С.Ғаббасов, Қ.Қ.Шалғынбаева, Ш.М.Мұхтарова, С.Қ.Абильдина, т.б.зерттеу еңбектерінде  қарастырылған.
Мектептегі оқу және тәрбие жұмыстары,  инновациялық  технологияларды қарастыра отырып,жеке тұлғаның қалыптасып дамуына бағытталғаны бәрімізге мәлім. Ол істі  жүзеге асыру  тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін тәрбиелік іс -әрекеттермен ұштасатыны анық. Жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, ұлттық рухы биік парасатты, адамгершілік қасиеттері қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуүшін оларға  мектеп- ата-ана-қоғам  бірлесе отырып  этнопедагогика негізінде сапалы тәрбие беру қажет.  Сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда   оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлерді,  ырым-тиымдарды, халқымыздың әдеп-ғұрпын сақтауды, үйрететін әрине мектеп мұғалімдері, сынып жеткшілері. Біздің қоғамның  экономикалық және әлеуметтік дамуы өз ұлтымызға тән рухани, мәдени өмірдің өркендеуімен үйлесім тауып, жас ұрпақты салт – дәстүрге, тілге, ұлттық өнерге, өз елінің және әлем халықтарының тарихын құрметтеуге тәрбиелеу жауапты да басты міндеттер ретінде жүзеге асырылуда.Ұлттық тәлім– тәрбие берудің нәтижелілігі мұғалімнің педагогикалық қызметінің дәрежесімен айқындалады. Сондықтан мектеп оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда   халықтың ғасырлар бойы жинақтаған тәлім– тәрбие тәжірбиесін тиімді пайдалану мәселесі басты назарға алынады.
Сыныптан тыс тәрбие  жұмыс – жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Сыныптан тыс ұлттық тәрбие беру жұмыстар әртүрлі формалар арқылы іске енгізіледі, сонымен қатар,  бірнеше педагогикалық шарттардың  орындалуын талап етеді. Сыныптан тыс жұмыстарды іске енгізу үшін әр бала тәрбиешісінің өзіндік әдіс-тәсілдері болады және ол жұмыстардың түрлі формаларын қарастырады. Мысалы, әңгімелесу, сұхбаттасу, диспут, дебаты, байқау, шоу,викториналар, ойындар, т.б.Сабақтан  тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан — жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. «Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды. 
Сабақтан тыс ұлттық тәрбие беру жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамгершілік  құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.Сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Оқушыларғасыныптан тыс уақытта  ұлттық тәрбие беруде халық педагогикасы құралдарын тәрбие берудің басқа құралдарымен өзара сабақтастықта және өзара бірлікте тиімді пайдалану қажет. Мектеп оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыру барысында ұлттық психологияның ерекшеліктеріне баса назар аударған жөн.Сыныптан тыс  тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге  үйретеді. Оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Сабақан тыс әрекеттің  қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда ұлттық құндылықты қалыптастыруда  оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.
Ұлттық құндылық дегеніміз — осылармен біте қайнасқан ата- бабамыз жасаған, сақтаған өлмес мұра, теңдесі жоқ қазына. Осы бағытта мектепте жүргізілген жұмыстармен іс- шараларға тоқталсақ. Ұлтымыздың өзге елдерге үлгі боларлық, ғасырлар бойы сыннан сүзгіден өткен құндылықтары жетерлік. Солардың бірі Наурыз мейрамы, ата-әже мектебі, қыз сыны,жігіт сұлтаны, шешендік өнер, айтыс, ұлттық ойындар,  т.б.
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі   педагогикалық шарттарға тоқталсақ:   оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие жұмыстарын жүргізудің жоспарын құру: ұлттық тәрбие жөніндегі ғылыми зерттеулерге талдау жүргізу: эксперименттік топтарды анықтау және оларға аталмыш тақырыпқа қатысы бар тапсырмалар жобасын құрастыру; сыныптан тыс жұмысының ұлттық тәрбие берудегі міндет-мақсаттары мен педагогикалық алғышарттарын айқындау; педагогикалық шарттардың мотивациялық, танымдық, шығармашылық критерийлеріне мән беру. Кеңестік тоталитарлық саяси жүйеде көпұлтты халықтардың да өзара теңдігі мен дербестігі де бұрмаланып келді.  Осындай қасіреттен арылу үшiн және рухы мен намысы биiк ұрпақты сақтап қалу үшiн – қазақи бағыттағы ұлттық тәрбие жүйесi керек екенiн бұқара халық iштей сезiндi.
       Ұлттық тәрбиенiң ұрпақ тағдырын шешетiн ұлы қазынамыздың бiрi екенiн айтуға, талап етуге және дәлелдеуге тырысқан ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың ұсыныс-пікірлері мен әдістемелік бағдарламалары мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің құралына айнала алмай келді  Айтылған мәселенің шешімін табуда республика көлемінде бірқатар жұмыстар  атқарылды.Ұлттық тәрбие беру  мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік, отансүйгіштік, елжандылық, имандылық қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашақта еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығару. Халық педагогикасы – ұрпақтан –ұрпаққа  жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі, халықтың ең озық тәжірибесі. Ол ғасырлар бойы жинақталған сан алуан іс-тәжірибелер мен ой-пікірлер негізінде қалыптасты. Оның мұралары уақыт талабы мен өмірге қайта оралып, мектептің оқу – тәрбие жұмыстарында кең қолданылуда.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегені мәлім.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.  Халқымыздың ұлттық педагогикасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Ерекшелігі сол: жас жеткіншектерді есті, адал, еңбекқор, парасатты болсын деген үмітпен ата-баба тәлім –тәрбиесін әрқашан мұра тұтып келген және оны талап етіп отырған. Ұрпағын жаман әдеттерден жирендіріп, жақсылыққа жетелеп, өсиет сөздерін күнделікті бойына ұялатып отырған. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ер жүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәжірибесінен сыннан өткен салт-дәстүрлерді, педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді
Ел Президентi:«.. Барлықдүниемектептенбасталады. Сондықтанәлемдікстандартқасайжалпы орта білімберетінжүйегекөшіп, педагогтардыңкәсібидеңгейі мен жаңаоқулықтар мен технологиялардыңсапасынарттыруымызқажет..»,- деп, атайкеле«Қазақстан – 2030»бағдарламасында: “… бiздiңжасмемлекетiмiзөсiп — жетiлiпкемелденедi. Бiздiңбалаларымыз бен немерелерiмiзоныменбiрге ер жетедi. Оларөззаманыныңжауапты да жiгерлi, бiлiмөресiбиiк, денсаулығымықтыөкiлдерiболмақ. Оларбабаларыныңигiдәстүрлерiнсақтайотырып, қазiргiзаманғынарықтық экономика жағдайындажұмысiстеугедаярболады…”,- делінген.
Негізінензаманажетiстiктерiяғнижасұрпаққасапалыбiлiмберудiмақсатеткенкөпшiлiкқауым, халықпедагогикасыныңасылмұраларынегiзiндесаналытәрбиеберудiәрқашанжадынантысқалдырғанемес. Соңғыжылдарыөткiзiлiпжатқанғылыми — практикалықконференцияларда, зерттеушіғалымдардыңнәтижелерiндеэтнопедагогикамұраларын сыныптан тыс жұмыстарда ұрпақтәрбиесінде, жоғарыда берілген педагогикалық шарттарды ұтымды пайдаланудыңқажеттілігіұсынылуда.