Педагогикалық жобалаулар және педагогикалық технологиялар

Саханова Гүлжан Ағабекқызы

.

.

Ел болашағын ертеден терең ойлаған Елбасы тәуелсіздік және оны баянды ету, дамыту түсініктерін күшейтудің ерекше тетігін жастармен тікелей байланыстырып, оларды тәрбиелеу және білім беруге мән беріп «Дүние тұтастай алғанда алға жылжығанымен, жастарға әрдайым басынан бастау керек» деген айрықша классиктің сөзін негізге алып, жастармен ынтымақтаса жұмыс істеуге бағыт-бағдар берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Известия газетінің» 2009 жылғы 19 наурызындағы  жарияланған ғылыми зерттеу мақаласында бірлесіп күш-жігермен білім беру саласын сапалы жақсы деңгейге шығару басты мақсат екенін атап өтті. Бұл жайлы Қазақстан «Болашақ» бағдарламасы арқылы 3000-нан астам жастарға әлемнің беделді оқу орындарында білім алуға мүмкіндік жасалуда, Президенттің «Дарын», «Тұңғыш Президенттің интеллектуалдық мектебі», Астанадағы «Президент университеті» сияқты жаңа жобаларын жүзеге асырып келеді. Орта білім саласын дамытудағы шын мәніндегі басымдыққа ие болған маңызды жоба, ол алғаш рет 2007 жылдың қыркүйек айында алғашқы интербелсенді «он-лайн» тәсілінде оқыту тәжірибесін Елбасының өзінің қатысуымен өтуі білім беру саласын жобалаудан іс-жүзіне асырудың жарқын үлгісі және оның болашағы үлкен екендігін уақыт дәлелдеуде.

Тәрбиелеу мен білім беруді сапаландыру күн тәртібінен түспейтін педагогикалық талаптардың негізгісі, сондықтан оны жобалау қажет.                          

Педагогикалық жобалау — ол оқушылар мен педагогтың қызметінің негізгі бөліктеріне алдын – ала талдама жасады. Педагогикалық жобалау ұйымдастырушының, оқушылармен бірлесіп іс-әрекеттер жасаудың мазмұнын, әдістерін, технологиясын және құрамдарын іздестіру –диагностикалық немесе коммуникациялық сияқты кез-келген педагогтың қызметі.

Педагогикалық технология — ол оған қатысушылардың өзара байланысқан құрамдастар, кезеңдер, педагогикалық үдерістің күйі және іс-әрекеттерінің тізбекті сабақтасқан және үздіксіз мақсатты өтуі. Педагогикалық жобалаулар мен технологиясының теориясы мен практикасының даму тарихы конструкторлық пәндер: жүйелік техника, амалдарды зерттеу әдістері, шешу теориялары, желілік жоспарлау, эргономика, техникалық эстетикадан бастау алған.

Педагогикалық жобалау А.С.Макаренко ең еңбектерінде қарастырылып, 1989 жылы белгілі педагог В.П. Беспальконың педагогикалық жобалау жайлы зерттеу еңбектері пайда болды. Педагогикалық жобалаудың дамуына есептеу техникасы үлкен ықпалын жасады, нәтижесінде оқыту әдістемесі мен технологиясы түрленді. Ақпараттық технология – оқыту технологиясы қарқындап дамыды, олар қаншалықты дамыса да педагогикалық технологияның бір түрі болып есептеледі.

Педагогикалық технологияның ең басты міндеті болашақ оқыту-тәрбиелеу үдерісінің белгілі нұсқасын жасау және оның нәтижелерін болжау. Педагогикалық  жобалаудың  нысандары:

  • Педагогикалық жүйелер;
  • Педагогикалық үрдерісі;
  • Педагогикалық жағдаяттар болуы мүмкін.

Педагогикалық жүйелер ең ірі педагогикалық жобалау нысаны болып табылады, педагогикалық жүйе — ол адамды дамыту үшін алға қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін барлық факторлардың тұтас бірлігі.

Педагогикалық жүйелер жобалау нысандары есебінде ол түрлі сапалардағы құрамдастардан тұратын күрделі құрылым. Мысалы, жүйеге:

  • адамдар- оқушылар мен ұстаздар;
  • интербелсенді оқыту жабдықтары- материалды технологиялық база;
  • олардың әрбірінің орындау қызметтерін қолданушылар енеді.

Олардың табиғаты, ішкі құрылымы, мүмкіндіктері- бәрі әртүрлі, өз кезегінде әрбір құрамдастары жүйелік құрылым болып табылады.

Педагогикалық жүйелер кіші, орташа, үлкен және өте үлкен болып келеді. Мысалы, мектеп, кәсіптік мектептерде оқушылардың сыныптан,  мектептен тыс жұмыстары, кәсіптік бағдар, құқықтық тәрбие, өндірістік оқыту сияқты жүйелер бар.

Орташа шамадағы жүйелерге оқу орнының қызметтері тұтасымен, оның оқушылармен жұмыстары, ата –аналармен мақсатты оқу- тәрбиелеуге қатысты байланыстары.

Үлкен жүйе бөліктеріне аудандық, қалалық, облыстық білім  беру жүйелері енеді.  Бұлар әдетте үлкен әлеуметтік -педагогикалық жүйелер болып табылады, оған мектептер мен колледждер, ағарту саласына қатысты мекемелерде, білім беру департаменттері кіреді.

Өте үлкен масщтабты жүйелер өңірлік және тұтасымен алғанда республикалық министрлік тұтасымен- Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.

Әрбір жүйенің өзінің мақсаты бар және өзінің құрамдастарының жобалауда маңыздылығы үлкен, олар толық болғанда толық қамтамасыз етіледі, олардың барлық уақыттағы мақсаты шәкірттерді тәрбиелеу, білім беру және дамытуды сапаландыру.

Педагог үшін педагогикалық үдерістегі ең негізгі нысан- ол педагогикалық жобалау. 

Педагогикалық үдеріс- оқушылар мен педагогтардың тікелей өзара әрекеттері арқылы олардың дамуына мүмкіндік беретін құрамдастар- факторлардың тұтас бірлікке бірігуі.

Педагогикалық жағдаят — педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі, оның күйін белгілі уақытта және белгілі кеңестікте сипаттайды, ол нақты, әдетте сабақ, емтихан, экскурсия өткізу барысында жасалады, туындайды, оны жобалау, интербелсенді оқытуда маңызды, оны жобалау кезеңдері болады. Педагогикалық жобалаудың үш кезеңін атайық:

  • Бірінші кезеңі – модельдеу;
  • Екінші кезеңі – жобалау;
  • Үшінші сатысы – конструкциялау.

 Педагогикалық модельдеу (модель жасау)- ол педагогикалық ой,  педагогикалық үдеріс,  педагогикалық  конструкциялар жасауға және оны жүзеге асыру, мақсатқа жету жолдарын табуға талдама.

 Педагогикалық жобалау (жобаны жасау)- жасалынған модельді практикалық қолдану деңгейіне жеткізуге талдама, пайдалану.

 Педагогикалық конструкциялау (конструкцияны жасау)- ол оқу- тәрбие, үдерісінде педагогикалық нақты жағдайда сабақтың барлық элементтерін қарастыру.

 Педагогикалық жобалау педагогикалық теория мен практикада технологияға талдама жасау тетігі, оның ұстанымдары.

  1. Жетекші өзін әрқашан шәкірт- адамға басымдық беру ұстанымы.
  2. Өзін –өзі дамыту ұстанымы- ол жобалаушы жүйенің, үдерістердің жүзеге асырылуын сол динамикалық, икемді, қажетті түзетулер жасауға лайықты болуы.

Педагогикалық нысанды жобалау бойынша әрбір әрекетті сипаттайық.

  1. Жобалау нысанына талдау: бірінші кезекте мақсатын анықтау, жүйе үдерісі жағдаятты, келесі оның құрылымын, күйін, элементтерін, өзара олардың байланыстарын.
  2. Жобалауды теориялық қамтамасыз ету- ол ақпараттарды іздестіру:

а) осындай нысандардағы қызмет тәжірбиелері жайлы;

ә) басқа педагогтардың осындай нысандардағы педагогикалық

    жобалаулар туралы;

б) педагогикалық жүйелер және үдерістердің адамдарға ықпалы жайлы

    теориялық және электроникалық зерттеу нәтижелері туралы.

  1. Жобалауды әдістемелік қамтамасыз етуді:

— үлгілік білім беру стандарты, типтік бағдарлама, силлабус,  жұмысшы жоспары, күнтізбелік  жоспар, күнделікті сабақ жоспары.

— интербелсенді сабақ үлгісі, электронды тасымалдағыштар, қажетті көрнекіліктер;

— портфолио,  педагогикалық технологиялар.

  1. Жобалаудың кеңістікті- уақытты қамтамасыз етілуі, «виртуальды мектептің» әмбебап интербелсенді кабинетінде сабақ өтуге дайындалу.
  2. Материалды- техникалық қамтамасыз етілуі.

— интербелсенді тақта;

— мультимедиалық проектор;

— сандық білім беру жиынтығы;

-интербелсенді кабинетті басқару компьютері;                                      

        — компьютер жабдықтарымен;

— ноутбуктар;

— электронды тасымалдағыштар.

  1. Жобалаудың құқықтық қамтамасыз етілуі- ол жүйе, үдеріс форматында оқушылар мен ұстаздардың пайдалану, қолдану, жасауға қатысты заңды негіздеме жасау немесе оларды есепке алу.
  2. Жүйе жасау факторын таңдау.
  3. Құрамдастардың байланыстары мен тәуелділігін анықтау.
  4. Құжаттарды жасау, үлгілерін басшылыққа алу:
  5. Жобаны ойша экспериментте қолдану- байқаулар жасап, түзетулер, толықтырулар жасау.
  6. Жобаны сынақ- тәжірбиелік бағалау.
  7. Жобаға, ұсыныстарға қатысты түзетулер енгізу.
  8. Жобаны пайдалану туралы шешім қабылдау.

Сонымен, педагогикалық жобалау нәтижелі болса, онда оны іс-тәжірбиеде пайдалану арқылы одан әрі жетілдіру шығармашылық және үлкен еңбектің нәтижесі терең білім беруге жеткізе түседі.

Еліміздің болашағы- жастардың мүддесін жоғары қойып келе жатқан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел болашағын ертеден ойлайтындығы  анық, ол біздің болашағымыз, енді еліміздің өркендеуіне, қуатты мемлекет болуына бірлігіміз жарасып, үлесімізді қосайық. 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М.Байжанов. “Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары”. Қызылорда, 2.
  2. Педагогикалық ізденіс. Алматы –Рауан. 1993.
  3. Суворов Н. “Интерактивное обучение. Новые подходы”. М.2008.
  4. Шевченко С.Д. Научить всех – научить каждого. –М: Педагогика, 1989г.
  5. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения или как интересно преподавать. – Алматы. 2009.