Пештің қақпақты ыстық қуысында (духовкада) пісірілген көкөністен әзірленген тағамдар

Ихсанова Жанат Жумабаевна
арнайы пәндер оқытушысы
.
.
Сабақ мақсаты:
Білім беру: Қақтап пісірілген көкөністен әзірленген тағамдардың технологиялық талаптарын сақтай отырып, дайындауға үйрету, әсемдеу және ұсыну тәсілдерін үйрету
Дамыту:  Оқушылардың алған білімін жалпылау қабілетін дамыту, салыстыру және талдау жасай білу, өз ойын ұшқыр, әрі нақты және сауатты жеткізе білу
Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге деген оңтайлы қызығушылығын ояту, таңдаған мамандығына қатысты шығармашылық тәрбие беру.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: жаңа тақырыпты ойын түрінде түсіндіру
Материалдық –техникалық жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер,слайдтар
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі:
II.Үй тапсырмасын қайталау:
Тапсырма-карточка
  1. Берілген көкөністердің классификациясын анықта
  2. Төмендегі топтағы көкөністерден қате табу және қай топқа жатады
  3. Сәбіз
  4. Қызылша                    
  5. Шалқан
  6. Ақжелкек
  7. Пияз
Жауабы: тамыржемістілер                            
(Пияз қандай топқа жатады)                                
  1. Ақбасқауданды
  2. Қызылбасқауданды
  3. Брюссельдік
  4. Картоп
  5. Брокколи
       Жауабы: орамжапырақ тұқымдастар
       (Картоп қандай топқа жатады)
Тест сұрақтары:
1.Ақбасқауданды, қызылбасқауданды, савойлық, брюссельдік, кольраби, брокколи көкөністері жататын топ:
А) десерттік көкөністер
Ә) жемісті көкөністер
Б) тәтті көкөністер
В) пияз тұқымдастар
Г) орамжапырақ тұқымдастар
  1. Бөрікгүл, қояншөп, рауғаш көкөністері жататын топ:
А) десерттік көкөністер
Ә) жемісті көкөністер
Б) тәтті көкөністер
В) пияз тұқымдастар
Г) орамжапырақ тұқымдастар
  1. Бас пияз, көк пияз,порей пиязы, сарымсақ көкөністері жататын топ:
А) жемісті көкөністер
Ә) десерттік көкөністер
Б) пияз тұқымдастар
В) орамжапырақ тұқымдастар
Г) тәтті көкөністер
  1. Жасыл жапырақты көкөністерде кездесетін бояғыш заттар
А) хлорофилл
Ә) миоглобин
Б) флавон
В) антоцион
Г) каротин
  1. Крахмалға бай, белоктар, қант, минералды заттар, С және В тобы дәрумендері түзетін топ
А) асқабақ тұқымдастар
Ә) орамжапырақ тұқымдастар
Б) түйнекжемістілер
В) тамыржемістілер
Г) пияз тұқымдастар
  1. Көкөністерді құм қалдықтарынан тазартып, машиналардың санитарлық жағдайын жақсартып, пайдалану мерзімін ұзартуға әсер ететін процесс
А) кесу
Ә) турау
Б) тазарту
В) сұрыптау
Г) жуу
  1. Каротин, минералды заттар, С және В тобы дәрумендерін түзетін көкөністер
А) асқабақ тұқымдастар
Ә) орамжапырақ тұқымдастар
Б) түйнекжемістілер
В) салаттық және тәтті көкөністер
 Г) пияз тұқымдастар
  1. Көп мөлшерде эфир майларын түзетін тамыржемістілер
А) түбіртамыр
Ә) шомыр
Б) қызылша
В) сәбіз
Г) ақжелкен, балдыркөк
  1. Көкөністерді жылумен өңдегенде тұрақсыз және тез бұзылатын дәрумен
А) А дәрумені
Ә) Е дәрумені
Б) Д дәрумені
В) В дәрумені
Г) С дәрумені
  1. Картоп қарайып кетпес үшін оны мұздай суға ұстайды.
А) 2-3 сағат
Ә) 6-7 сағат
Б) 4-5 сағат
В) 3-5 сағат
Г) 5-6 сағат
III.Теориялық бөлім:
Көкөністерді пештің қақпақты ыстық қуысында қақтап пісіру үшін оны алдын ала қайнатып пісіреді. Сосын бөктіреді, бұқтырады не қуырады. Кейде шикілей пайдаланады. Көкөністерді суырма табада не сыбаға табада қуыру шкафында 250-2800 С температурада қақтап пісіреді. Қақтап пісіру оның бетінде қуырма қабық пайда болғанша және ішінде температура 800С-ға дейін жеткізілгенше жүргізіледі. Қақтайтын ыдыстың түбін және қабырғаларын майлап, үгітілген нан сеуіп пайдаланады. Сыбаға табаларды майлайды.
Қақтап пісірілген көкөністерді бірнеше топқа бөледі. Олар: тұздықта қақтап пісірілген, пісірмелер және тартымдар түрінде пісірілген болады. Қақтап пісірер алдында пісірмелердің, орамалардың беттерін қаймақпен сылайды, ал тұздықта қақталатындарына үгілген ірімшік не үгілген кепкен нан ұнтағын себеді және май бүркеді.
Картоп пісірмесі
Картоп массасын котлет массасын дайындағандай түрде әзірлейді. Майланған және кепкен нан себілген суырма табаға қалыңдығы 2 см-дей етіп картоп массасының жартысын салады да оған тартымдар салып, бетін бірдей етіп тегістейді, жаяды. Оның үстіне картоп массасының қалған бөлігін салып бетін тегістейді. Қаймақпен сылап, сурет не өрнек салып қақтап пісіреді. (запекают)
Тартымдар үшін: Кептірілген саңырауқұлақты қайнатып пісіреді. Сосын оны ұсақтап турап, шала қуырылған басты пиязды, піскен жұмыртқаны қосады. Тұз, бұрыш, ақжелкек көгін не аскөк көгін салып, араластырады. Пісірмені тартымдарсыз тек бір ғана картоп массасынан дайындауға болады.
Картоп орамасы
Дайындалған картоптың массасын котлет массасын әзірлегендей түрде дайындайды. Қалыңдығы 1,5-2 см-дей етіп тік бұрыш түрінде сулы сүлгіге не орамалға орап суырма табаға не сыбаға табасына салып ыстықта қақтайды. Массаның ортасы арқылы, қақтауға  дейін, ұзына бойына тартымдар салады, шеттерін қосады да орама формасын беріп, тігісін төмен қаратып, майланған суырма табаға салып, бетіне қаймақ жағып, кепкен нан ұнтағын сеуіп, бетіне тесіктер жасап, май бүркіп қақтайды.
Тартымдар үшін:
Орамжапырақты ұсақтап сабанша етіп турап немесе ұсақтап шауып, қуырады немесе бұқтырады.Саңырауқұлақты пісіреді. Сабанша ұсақтап турайды, жеңілдеп қуырады. Басты пиязды және сәбізді сабанша турап, шала қуырады. Орамжапырақты немесе саңырауқұлақты сәбізбен, пиязбен, шабылған жұмыртқамен (піскен) қосады да тұз, бұрыш қосып, араластырады. Ақжелкек не аскөк көгін қосуға болады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту барысында оқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою?
  1. Көкөністерді суырма табада не сыбаға табада қуыру шкафында неше градус температурада қақтап пісіреді
  2. Қақтап пісірілген көкөністерді неше топқа бөледі
  3. Қақтап пісірілген көкөніс топтары
  4. Қалыңдығы неше см-дей етіп тік бұрыш түрінде картоп орамасын орайды?
  5. Тұздықта қақтырылып пісірілген орамжапырақ тағамына қандай орамжапырақтар пайдаланамыз?
  6. Көкөніс солянкасына қандай орамжапырақ пайдаланамыз?
Тапсырма: Хронологиялық сызғыш (Learning.Apps.org сайтында)
Тапсырма: Бос орынды толтыру (Learning.Apps.org сайтында)
Рефлексия
V.Сабақты қорытындылау және бекіту:
Оқушыларға пештің қақпақты ыстық қуысында (духовкада) пісірілген көкөністен әзірленген тағамдардың дайындау технологиясымен танысып, талқыладық.
Үй тапсырмасы: Конспекттерді оқу.