Қарапайым физиотерапиялық емшараларды қолдану

Сагиндыкова Ж.А.
.
Сіздің қимыл — әрекетіңіздің  реті:
  1. Сабақтың мақсаты мен тәжірибелік дағдылар тізбегімен танысыңыз.
  2. Дәріс мәліметтерін, оқулық, әдістемелік нұсқауды пайдалана отырып тақырыппен танысыңыз.
  3. Жаттығуларды орындаңыз.
  4. Тест сұрақтарын шешіңіз, крассворд құрастырыңыз, есептер шығарыңыз, кестелерді көшіріп жазып алыңыз.
  5. Берілген жауаптар көмегімен өз жауабыңызды салыстырыңыз.
  6. Әдістемелік нұсқаумен танысыңыз.
Білімгер білуі керек:
— Физиотерапия» түсінігі.
-Қарапайым физиотерапиялық емшаралардың ағзаға әсер ету механизмі туралы түсінік.
— Қыша қағаздарын, қыздыру, дәрілік, салқын және  ыстық компрестерді қою, жылытқыш пен мұзды қабықты мұзбен беру, термокөрпені қолдану мақсаттары, қолдану көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері.
 
Білімгер істей білуі керек:
-Қыша қағазын, компресстерді қою
-Жылытқыш, мұзды қабық беру
— термокөрпені қолдану
— қарапайым физиотерапия арналған құралдарды зарарсыздандыру
 
 Әдебиеттер:
С.Қ. Мұратбеков «Мейірбике ісінің негіздері»- 405-426   беттер
Тақырып бойынша ақпаратпен танысыңыз:
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Физиотерапия түсінігі
2.Қыша қағазын қою көрсеткіштері,қарсы көрсеткіштері
3.Жылытқыш қою көрсеткіштері,қарсы көрсеткіштері
  1. Мұзды қабық қою көрсеткіштері,қарсы көрсеткіштері
  2. Компресстерді қою көрсеткіштері,қарсы көрсеткіштері (салқын,қыздырма,ыстық )
6.Парофин және озекеритпен емдеу көрсеткіштері,қарсы көрсеткіштері
№1 Есеп
Бөлімшеге түскен науқастың кешкісін қызу көтерілді,38,5 ° С.Дәрігер науқастың тағайындалу парағына қыша қағазын тағайындаған.
Мейіргердің іс әрекеті?
№2 Есеп
Мейіргер науқасқа қыша қағазын қоюға дайындады: лоток,су 60-70°,орамал,салфетка.
Мейіргердің іс әрекетін бағалаңыз.
№3 Есеп
Науқас құрсақ қуысында қатты  ауырсынуды сезді,  мейіргерге шағым білдірді. Жылытқыш сұрап қойды.
Мейіргер қандай қателік жіберді?
 №4 Есеп
Отадан кейін мейіргер науқасқа тоңазытқышта тұрған мұзды қоя салды.2 сағаттан кейін алды.
Мейіргердің іс әрекетін бағалаңыз.