«Алтын қақпа» ойыны

Калиакперова А.Д.
қазақ тілі мұғалімі
Ойынның мақсаттары:
  1. Жаңа сөздермен, мақал-мәтелдермен, жаңылтпаштармен таныстыру.
  2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, төл дыбыстарын дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын байыту, ойлау, көру, есту қабілеттерін дамыту.
  3. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, Отан, туған жерін сүюге баулу.
  4. Балалардың денсаулығын қорғау.
Көрнекілік: сандық, «алтын, күміс, қола» қақпалар, суреттер, сөзжұмбақ, сыйлықтар.
Ойынның барысы:
І. Педагогикалық-психологиялық дайындық.
Повернулись мы к друг другу
Улыбнулись, к новым знаниям потянулись.
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі: 1) сәлемдесу
2) ойынның мақсаттарымен таныстыру
ІІІ. Ойын.
  • Ойынға қатысатын балалармен таныстыру.
«Қола» қақпаны ашуға арналған тапсырма
«Теңге алу ойыны»
1 топқа                                                                             2 топқа

Көзде бар

Ауызда жоқ

Сөзде бар

Қасқырда жоқ                Ө

Аюда жоқ

Қоянда бар                     Қ                     

Түлкіде жоқ

Аңда бар

Жемісте жоқ

Шаңғыда бар                 Ң

Жидекте жоқ

Ініде бар

Ағада жоқ

Сіңліде бар

Қарындаста жоқ             І

Әкеде бар

Атада жоқ.

Әжеде бар

Анада жоқ.                   Ә

Ғарышта бар

Жарықта жоқ.

Ағашта бар

Жерде жоқ.                     Ғ

Ұяда бар

Үйде жоқ.

Құста бар                       Ұ

Күзде жоқ

Үлкенде бар

Кішіде жоқ

Жүзімде бар

Кісіде жоқ                        Ү

 Қола қақпа ашылады.
«Күміс» қақпаны ашуға арналған тапсырма
  • Дөңгелекте жазылған буындардан сөздер құрастырып, аударыңдар
  • Сөзжұмбақты шешу. Отан, Елім. Қорытындылау.
Күміс қақпа ашылады
Мұғалімнің сөзі. Біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстанның бас қаласы – Астана. Бұрыңғы астанасы – Алматы.
Біз егеменді тәуелсіз елміз. 16 желтоқсанда біз Тәуелсіздік мерекесін тойлаймыз. Соған арнап алтын қақпаны ашуға келесі тапсырма.
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі
«Алтын» қақпаны ашуға арналған тапсырма
Берілген сөздің әріптерінен сөздер құрастырыңдар
ҚАЗАҚСТАН – қазақ, ақ, қаз, заң, таң, сан, қан.
Жанкүйерлермен ойын: Жаңылтпашты кім жылдам айтады?
Шеше!
Неше кесе
Сынды кеше?
Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
Жили у бабуси
Три велелых гуся (ә, ө, ұ)
Топтардың сөздерін қорытындылаймыз.
Алтын қақпа ашылады.
Біз барлық қақпаларды аштық. Өте тамаша. Енді, балалар, сыйлықтың бәрі сандықта жатыр. Оны ашу керек. Ашу үшін тапсырма бар. Әр топтан бір бала шығады да кезекпен сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берген бала сандықты ашады. Сыйлықты алып таратады.
Сұрақтар:
  1. Біздің Отанымыз қалай аталады?
  2. Қазақстанның астанасы қалай аталады?
  3. Президент кім?
  4. Мемлекеттік тіл қай тіл?
  5. Қазір қай ай?
  6. Күз айларын ата.
  7. Жемістерді ата.
  8. Отбасы мүшелерін ата.
Рефлексия
Ойынды қорытындылап, балаларға алғыс айту. Қоштасу.