Пойыздар қозғалысының графигі. Станса жұмысының тәуліктік график жоспарын құру

Имангазиева Ақгүл Иманғазықызы
.
.
Сабақтың мақсаты:
а) біліктілік: Стансасының техникалық-пайдалану сипаттамасы, станса жолдары, стансада пойыздарды өңдеу технологиясы. Пойыздарды тартым жолда, тарқату-құрастыру мен құрамдарды құрастыруды аяқтау ұзақтығын есептеу әдiстерi қарастырылған. Станса жұмысының тәулiктiк жоспар-графигiн тұрғызу ретiн, станса жұмысының негiзгi көрсеткiштерiн есептеу жолдары көрсету.
ә) дамытушылық: тақырып бойынша әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы студенттердің ой өрісін дамыту.
б) тәрбиелік: зеректілікке, еркін сөйлеу және мамандыққа деген қызығушылықты арттыру, шығармашылық белсенділік пен ережелерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі және сағат саны: теориялық, тәжірибелік, 6 сағат
Пән аралық байланыс:
«Жол және станса құрылымы»,
«Техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі»
Оқуда қолданылатын әдістер: Бумеранг, СТО әдістері
Көрнекілігі: слайд, сызбалар, үйлестірмелі карталар.
Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастырушылық кезең: сәлемдесу, студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, білім алушылардың назарын сабаққа аудару.
  2. Жаңа сабақ:
Стансаның тәуліктік график жоспарын құру барысында тәулікте жұмсалған белгілі бір технология мен маневр жұмысына кеткен уақыт, пойыздардың номерлену, жүріс операциясының басталу және аяқталу уақыттары көрсетілуі тиіс.
Қозғалыс графигі пойыздар қозғалысын ұйымдастырудың негізі болып табылады, ол барлық бөлімшелердің қызметін біріктіреді және темір жолдардың пайдалану жұмысының жоспарын көрсетеді.
Пойыздар қозғалысының графигі-теміржол көлігінің қызметкерлері үшін бұлжытпас заң, оның орындалуы теміржолдар жұмысының ең маңызды сапалық көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Пойыздар қозғалысының кестесін «ҚТЖ» ҰҚ басшылығы бекітеді. Қазақстан Республикасының теміржолдарымен жүріп өтетін барлық категориялы жолаушы пойыздары қозғалысының кестесін «ҚТЖ» ҰҚ басшылығы бекітеді. ТМД елдеріне жүріп өтетін жолаушы пойыздары қозғалысының кестесін «ҚТЖ» ҰҚ басшылығымен, тиісті теміржолдарының басшыларымен келісімделеді және Достастық мүше-мемлекеттерінің теміржол көлігі жөніндегі Кеңесінің Дирекциясымен бекітіледі. Пойыздар қозғалысының графигін ұстану және оның бұзылуының алдын алу пойыздар қозғалысын ұйымдастыруға қатысы бар барлық қызметкерлер үшін басты орында болуы тиіс.
Пойыздардың график бойынша қозғалысы әрекеттегі нормативтерді ұстану-станциялар, деполар, тартымдық қосалқы станциялар, техникалық қызмет көрсету пункттері және теміржолдардың пойыздар қозғалысына қатысы бар басқа да бөлімшелері жұмысының технологиялық процесін дұрыс ұйымдастыру және орындау арқылы қамтамасыз етіледі.
Пойыздар қозғалысының графигін бұзуға рұқсат етілмейді. Айрықша жағдайларда, техникалық құралдардың істен шығуынан немесе табиғи апат құбылысынан пойыздар қозғалысы графигінің бұзылуы орын алғанда, барлық қызметтердің қызметкерлері кешіккен жолаушы және жүк пойыздарын графигіне енгізу үшін жедел шаралар қолдануға және оларды қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз етуге міндетті.  
Пойыздар қозғалысының графигі:
  • жолаушыларды жəне жүктерді тасымалдау жөніндегі қажеттіліктердің қанағаттандырылуын;
  • пойыздардың жүріс қауіпсіздігін;
  • телімдердің өткізу мен тасымалдау қабілетінің жəне стансалардың өңдеу қабілетінің барынша тиімді пайдаланылуын;
  • жылжымалы құрамның ұтымды пайдаланылуын;
  • локомотив бригадаларының белгіленген үздіксіз жұмыс істеу уақытының сақталуын;
  • жолды, СОБ, байланыс жəне электрмен жабдықтау құрылғыларын ағымды күтіп ұстау жəне жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Пойыздардың жүріс жылдамдығына қарай параллельді және параллельді емес болып бөлінеді.
  • Параллельді графиктерде әрбір бағыттың пойыздары бірдей жылдамдықпен жүреді, сондықтан олардың жүріс сызықтары өзара параллель болады.
  • Параллельді емес (қалыпты) әрбір бағыттың пойыздары әр түрлі жылдамдықпен жүруіне байланысты олардың жүріс сызықтары параллельді емес болып бөлінеді.
Аралықтағы басты жолдардың санына қарай графиктер былайша бөлінеді:
  • даражолды график басты жол екі бағытта жүру үшін пайдаланылады және пойыздар станциялар мен айырымдарда ғана кездесіп айырылыса алады;
  • a сурет)
  • қосжолды график әр түрлі бағыттың пойыздары мамандандырылған жолдармен бір — бірінен тәуелсіз жүреді, олар станциялармен озба бекеттерінде ғана емес аралықтарда да кездесіп айылылыса алады; (1 б сурет)
  • топтық (пачкалы) мұнда жолай бағыттағы пойыздар станциялық ара қашықтықпен бөлініп жүреді (пойыз жүрісінің аралықтағы уақыты мен жолай жүрісті станциялық интервалмен). Бұл бұрынырақ жөнелтілген пойыз алда тұрған станцияға келмейінше, аралыққа пойыз жөнелтуге болмайды дегенді білдіреді, яғни аралықта бір уақытта бір ғана пойыз болуы тиіс.
  • паккеттік гарфик мұнда жолай бағыттағы пойыздар автоблокировкада (диспетчерлік орталықтандыруда) блок аралықтармен шектеледі немесе блок қосындары бар жартылай автоблокировкада қосынаралықтармен шектеледі. Бұл жағдайда станциялар арасында бір уақытта пакет түзетін бірнеше жолай пойыздар болуы мүмкін.