ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ

Еспенбетова Шолпан Айдаровна
Әдіскер
.
.
Жеке адам психологиясы
Жоспар
  1. Тұлға туралы жалпы түсінік.
  2. Тұлғаның жеке және дара ұғымдарын талдау.
  3. Жеке тұлғаның белсенділігі.
  4. Қажеттіліктер,қызығулар және олардың түрлері.
  5. Дүниетаным, сенім және мұрат туралы.
 
Студенттерді тұлғаның жеке және дара ұғымдарымен, жеке тұлғаның белсенділіктерімен, қажеттіліктерімен, қызығуларымен және олардың түрлерімен,дүниетаным,сенім, мұрат ұғымдарымен таныстыру.
Әрбір адам – ересек болсын, жаңа туған сәби болсын – индивид биологиялық жеке адам. Адам сүт қоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі, басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысында танып біледі және парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды.
Адам белгілі бір қоғам мүшесі ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды – көпті тәжірибесі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді.
Мыс: жаңа туған сәбиді толық адам – деп атауға болады, бірақ, жеке адам деуге болмайды, өйткені оның өмірден алған    тәжірибесі, білімі және белгілі бір іс әрекетті меңгере алмайды, оларда әле жоқ. Жеке адам-түсінігімен қатар біздің қолданымымызда адам- дара адам- даралық терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір- бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған көп қасиеттердің бірігуін –адам- түсінігі қамтиды. Адам-өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Дара адам-тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі- нақты адам. Даралық нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.Жеке адам- түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.
       Жеке адамның ерекшелігі дүниетанымынан, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам тарихи — әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі бір қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады.
Басқа адаммен қарым – қатынас жасау жүйесінде жеке адамның психикасының, өмірінің мазмұны тереңдеп, әлеуметтік қатынастардың шеңбері кеңіп, өсіп отырады. Жеке адаммен оның дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Жеке адамның негізгі белгісі – оның дара өзгешелігі. Ал дара өзгешеліктің  өзі ең алдымен оның іс — әрекетінен көрінеді.  Яғни негізгі іс – әрекет үстінде жеке адамның дара өзгешеліктері : мысалы; қызығу, мінез – құлық темпераменті, қабілет дарындылығы дамып жетіледі. Дүниеде өзіндік белгілері жағынан  бір – біріне ұқсас екі адам болмайды.Адам өмірдің сыртқы жағдайының  ықпалымен қалыптасады. Мысалы, екі бала бірдей жағдайда тәрбиеленседе олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады. Мұның себебі, балалардың табиғаты сапалары әр түрлі. Сөйтіп адамдардың қалыптасуына әлеуметтік факторлармен қатар биологиялық факторлар да ықпал етеді. Бұл факторларды бір – біріне қарама – қарсы қоюға, олардың бір – біріне байланысты емес деп санауға болмайды.
   Жеке адамның  белсенділігінде қоршаған ортаға ықпал жасау қабілетінде айырмашылық болады. Бұл белсенділіктің шығар көзі:
  1. Адамның қанағаттандырылуы керекті мұқтаждықтар.
  2. Көңіл аударуы керек ететін сыртқы дүние ықпалдары.
Қажеттіліктер дегеніміз — өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында адамның  міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Өмір сүру үшін адамдар: тамаққа, киімге т.б. толып жатқан қажеттерін қанағаттандыруы тиіс. Қажеттіліктер адам бойындағы белсенділіктерді оятады. Адам қажеттіліктері әртүрлі болып келеді. Оларды:
  1. Материалдық (тамаққа, киімге, мекен – жайға т.б.)
  2. Рухани – (білімге, өнерге, эстетикалық ләззаттағы т.б. ) қажеттілік тек адамға тән қасиет. Эстетикалық ләззаттану қажеттілігі адам өмірінде ерекше орын алады. Соның арқасында адам өз тұрмысын, демалысын өзінің өмірін мәнді етуге құлшынады.
  3. Қоғамдық қажеттіліктер – еңбекке, адамдармен қарым – қатынасқа, қоғамдық іс — әрекетке деген қажеттіліктер. Еңбекке деген қажеттіліктер – біздің еліміздің азаматтар үшін негізгі қажеттілікке айналып отыр. Адам еңбек етпей отыра алмайды. Өмірдің бірінші қажеттілігіне айналған  еңбек  — адамға үлкен бақыт пен қуаныш сыйлайды.
Қызығулар – қажеттіліктер негізінде пайда болады. Қызығулар — шындықтағы  заттармен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.
        Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі – қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі – “Бұл не? ” деген рефлекс. Мыс : біреу футболға қызықса ол адам ылғи футбол ойынына баратынын, футбол жөнінде кітаптар оқып отыратынын көреміз, біреумен әңгімелессе осы тақырыпта сөз қозғайтынын білеміз.  Сөйтіп, адамның қызығуы, бір нәрсепе   аса зейін қойып, оған құмартып, соны үнемі ойлап отыруынан көрініп отырады. Мыс: бейбір балалар кішкентайынан автомобильге, тракторға жалпы техникаға әуесқой келеді. Мұндай баланың есіл дерті машина болып  уақытының көбісін соның айналасында өткізеді, олардың маркасын жақсы айыратын болады. Кейіннен осы балалар мектеп қабырғасында физика пәнінен , қол еңбегі сияқты пәндердіә жақсы меңгеріп, өзі жасынан жақсы көретін техника саласында нәтижелі жұмыс істелді.
Қызығулар:
                     1). Материалдық
                     2). Рухани
                     3). Қоғамдық
                     4). Эстетикалық
                     5). Спорттық т.б.
Материалдық – тамаққа, киімге, тұрғын үйге т.б.
Рухани – физикаға. химияға, математикаға, оқуға,  ғылымға, психологияға т.б.
Қоғамдық – қоғамдық жұмысқа, ұйымдастырушылық іс-әрекетке.
Бұлардан басқа тікелей және жанама жаттығулар болады. Тікелей қызығу дегеніміз – таным, білім алу, еңбекке және шығармашылық процесіне қызығу.
Жанама қызығу дегеніміз – қызмет бабында және   қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға, ғылыми атаққа т.б. қызығулар.
  1. Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным  — адамның табиғат туралы, қоғамдық өмір туралы білімінің жүйесі. Дүниетаным мен сенім қатарласып жүрсе  ғана  адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері болып табылады.
Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетанымда, тұрақты мінез – құлықты болмайды. Сенімі қалыптаспаған адам шындықтың жай – жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай білуге шамасы жете бермейді. Сенім дегеніміз-адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына негізделген нанымы. Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің бірі-мұрат. Бұл – адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып  қастерлеуі.
Мұрат – адамның алдына қойылған ең асыл, ең ардақты мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады өзін тәрбиелеуге кіріседі.
    5.Бақылау сұрақтары:
1.Жеке тұлғаның қоғамдық мәнін қалай түсінуге болады.
2.Тұлғаның жеке және дара ұғымдарын талдау.
3.Жеке тұлғаның белсенділігі.
4.Қажеттіліктер,қызығулар және олардың түрлері.
5.Дүниетаным, сенім және мұрат туралы.