Разработка урока по информатике: «MS Word – та құжаттарды құру және форматтау»

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: «MS Word – та құжаттарды құру және форматтау»

1.Сабақтың типі: жаңа сабақты игеру

2.Оқыту әдісі: сөздік, жеке, топпен жұмыс, тәжірибелік

3.Пәнаралық-байланыс: компьютерлік технология, орыс тілі, ағылшын тілі, 4.Сабақ көрнекілігі:  ДК, проектор, интерактивтік тақта, жетондар.

5.Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: оқулықтар, слайдтар жиынтығы, MS Word  бағдарламасы

6.Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды сауаттылыққа, логикалық ойлауға, жылдамдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Word бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңінен қолдану арқылы ой-өрісін дамыту.

  1. Міндеттері:

7.1. Білімділік:  Студенттерге мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету, символдарды форматтау, мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету;

7.2.Тәрбиелік: Студенттерді компьютерлік сауаттылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу, тәрбиелеу.

7.3. Дамытушылық: Студенттердің компьютерге қызығушылығын, ойлау

қабілеттерін және танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және құжаттармен жұмыс жасауға дағдыландыру;

8.Күтілетін нәтиже:

8.1.Оқушылар түсінуі тиіс:

  • техника қауіпсіздіктің негізін.
  • операциялық жүйелердің қызметтік принциптерін.

8.2.Оқушылардың құндылық бағдары болуы:

  • Компьютермен байланыстыра отырып,жаңа тақырыпты меңгеру.
  • Қауіпсіздік ережелерін ұстана отырып, кәсіби деңгейін өсіру.

8.3.Оқушылар жасай біледі:

  • электрондық кестелермен, графикалық және мәтіндік редактормен, архивтік және антивирустық бағдарламамен жұмыс;
  • операциялық жүйелерді баптау және орнату.

САБАҚ ЖОСПАРЫ:

 1 КЕЗЕҢ.Ұйымдастыру кезеңі

2 КЕЗЕҢ.Өткен тақырыптарға шолу. Қызығушылықты ояту.

3 КЕЗЕҢ. Жаңа сабақты игеру. Мағынаны тани білу.

4 КЕЗЕҢ. Жаңа сабақты бекіту. Ой толғаныс.

5 КЕЗЕҢ. РЕФЛЕКСИЯ

6 КЕЗЕҢ. Қорытындылау

7 КЕЗЕҢ. Үй тапсырмасы.

Сабақ барысы: 

І. кезеңі:  Ұйымдастыру кезеңі.  Амандасу                                                                         5 мин.

Бүгінгі сабақта студенттерді екі топқа бөлеміз:

Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары

(Екі топты бірге қосқанда перифериялық құрылғылар деп атаймыз. Топты енгізу және шығару деп атадық, себебі мәтіндік бағдарламада жұмыс жасауды осы құрылғылардың көмегімен іске асырамыз).

Жетонмен таныстыру

өте жақсы – жұлдызшамен, жақсы – төртбұрышпен, қанағаттанарлық – үшбұрышпен бағаланады және оқушылардың жетондарының қосындысымен қай топтың жеңіске жеткенін бағалаймыз. Топ басшылары қарсы топтың бағалау қағазын толтырып отырады.

Сабақ жоспары 3 бөлімнен тұрады (әр бөлім бірнеше әдістен тұрады):

Қызығушылықты ояту

  • Сөздікпен жұмыс
  • Ұшқыр ойдан ұтымды жауап

Мағынаны тани білу

  • Білгім келеді…

Ой толғаныс

  • Біліміңді шыңда
  • Мұндағы:

1 — бөлім бойынша студенттердің өткен тақырып бойынша білім деңгейін анықтау;

2 — бөлім бойынша жаңа ақпаратпен танысу;

3 — бөлім бойынша жаңа өтілген тақырып бойынша студенттердің жаңа үйренген білімді меңгергенін анықтау.

ІІ. кезеңі:     Өткен тақырыптарға шолу                                                 5 мин.
Мұғалім: «Қызығушылықты ояту» бөлімі

 «Сөздікпен жұмыс» әдісі бойынша екі топтың атына сәйкес сұрақ қойылады, сұрақтың жауабын үш тілде .

Енгізу құрылғыларына

1.        Компьютерге аппарат енгізу және оның жұмысын басқару үшін пайдаланылатын құрылғы? (пернетақта – клавиатура — keyboard)

2.        Қағазға жазылған мәліметтердің кез келген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізіне сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы? (ізкескіш немесе мәтіналғы – сканер — scanner)

3.        Өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор? (тінтуір немесе тышқан, мышь, mouse)

Шығару құрылғыларына

1.        Компьютердің жедел жадында өңделетін ақпаратты көрсету үшін арналған құрылғы? (Дисплей немес монитор – монитор, monitor )

2.        Мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан кағазға басып шығаруға арналған құрылғы? (баспа құрылғысы – принтер — printer)

3.        Мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты үлкен форматтағы қағазға шығаратын құрылғы? (график сызғыш – плоттер — plotter)

 «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» әдісі бойынша деңгейленген сұрақтарға жауап беру керек. Сұрақтар жетонға сәйкес фигураның артына жасырылған.

  • Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламаларын атаңыз? (Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары: Paint, WordPad, Блокнот (Қойын дәптер), Калькулятор, Дыбыс жазу, Сілтеуіш (Проводник), Қызметтік негіздегі  бағдарламалар, Сағат, Күнтізбе)
  • Microsoft компаниясының құрушысы кім? (Билл Гейтс – Microsoft компаниясының құрушысы)
  • Утилиттік бағдрламалар дегеніміз не? (Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті бағдарламалар тобы)
  • Операциялық жүйе (ОЖ) дегеніміз не? ОЖ-ның міндетіне қарай түрлерін атаңыз? Пуск қайда орналасқан? (Операциялық жүйе – компьютерді қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмыс басқаратын арнайы бағдарлама. ОЖ міндетіне қарай 2 – ге бөлінеді: бір міндетті, көп міндетті. Пуск есептер тақтасында орналасқан)
ІІІ. кезеңі:            Жаңа сабақты игеру 20 мин.
    Мұғалім:                     «Мағынаны тани білу» бөлімі

«Білгім келеді…» әдісі бойынша бүгінгі жаңа сабақты түсіндіру керек.

MS Word – тың жаңа құжаттарын құру үшін келесі әрекеттердің бірін орындаймыз:

  • Файл → Құру мәзір командасын орындау;
  • Пернетақтада Ctrl + N пернелер қосындысын басу.

MS Word – та бұрын құрылған құжаттарды үшін келесі әрекеттердің бірін орындаймыз:

  • Файл → Ашу мәзір командасын орындау;
  • Пернетақтада Ctrl + О пернелер қосындысын басу.

MS Word – та құжаттарды сақтау үшін келесі әрекеттердің бірін орындаймыз:

  • Файл → Сақтау мәзір командасын орындау;
  • Пернетақтада Ctrl + S пернелер қосындысын басу.

MS Word – та құжаттарды баспаға үшін келесі әрекеттердің бірін орындаймыз:

  • Файл → Баспаға шығару мәзір командасын орындау;
  • Пернетақтада Ctrl + Р пернелер қосындысын басу.

Үзіндіні ерекшелеу мәтінді Көшіру, Қиып алу, Жою стандарттық опциялары үшін, сондай ақ, оны басып шығару мен форматтау үшін пайдаланылады.

Мәтіннің үзіндісін Көшіру, Қиып алу, Жою опцияларын стандартты батырмалар арқылы

немесе пернелер қосындысы арқылы орындауға болады. CTRL+X – мәтін бөлігін қиып алу, CTRL+C – мәтін бөлігін көшіру, CTRL+V – мәтін бөлігін қою.

Пішімдеу (Форматтау) деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттерді айтады. Мәтінді енгізу кезінде символдарды пішімдеу режимдерін бірден беруге болады немесе бұл режимдерді бүкіл құжаттың мәтіні теріліп болғаннан кейін қолдануға болады.

Пішімдеудің негізгі режимдеріне тоқталайық:

1.        Символдарды пішімдеу. Символдарды пішімдеуге Қаріп параметрлерін, символдар

аралығындағы бос орындарды және оларды жолға байланысты жоғары не төмен жылжыту мүмкіндіктерін тағайындау жатады.

2.        Абзацтық шегіністер.

Жоларалық қашықтықты, шегіністерді, табуляцияны өзгерту үшін Абзац сұхбат терезесін шақыру керек. Ол үшін келесі әрекеттердің бірін орындау керек:

  • Абзац жанама мәзірі командасы;
  • Главная – Абзац мәзір командасы.

Әрбір абзац қызыл жолдан басталатын болады. Ол үшін Абзац сұхбат терезесіндегі

Отступы активтендірілген қосымшасынан Первая строка жақтауын шерткенде нет, отступ, выступ деген тізім ашылады. Отступ тізімін шертіп, на жақтауында арақашықтықты көрсетіп, ОК батырмасын шерту керек.

3. Туралау. Мәтінді оң жақ және сол жақ шекарасы бойынша, ортасы және беттің ені бойынша туралау үшін келесі батырмаларды қолданамыз:

— “по левому краю” (абзацты сол жақ шеті бойынша туралайды);

— “по центру” (абзацты бет шеттерінің ортасы бойынша туралайды);

— “по правому краю” (абзацты оң жақ шеті бойынша туралайды);

— “выравнять по ширине” (абзацты беттің оң және сол жақ шеті бойынша туралайды);

Немесе Абзац сұхбат терезесіндегі выравнивание жақтауын шерткенде по левому краю, по центру, по правому краю, по ширине тізімі ашылады. Пішімдеудің қажетті түрін таңдап, ОК батырмасын шерту керек.

4. Жоларалық интервал – жолдардың арақашықтығы. Жолдардың арақашықтығын өзгерту үшін Абзац сұхбат терезесіндегі интервалы активтендірілген қосымшасынанмеждустрочный жақтауын шерткенде одинарный, двойной, полутарный, точно, множительтізімі ашылады. Жодардың арақашықтығын өзгертуге қажетті түрін таңдап, ОК батырмасын шерту керек.

Тізімдердің үш түрі бар: маркерленген, нөмерленген және көп деңгейлі. Маркерлердің түрін таңдауды Главная бетшесінен немесе жанама меню арқылы орындаймыз.

Колонтитулдар – құжаттың әрбір бетінде қайталанатын ақпарат. Құжаттың жоғарғы және төменгі аймағына колонтитул қоюға болады. Колонтитулды Вставка бетшесінен тағайындаймыз. Колонтитулды дайындауды аяқтағаннан кейін Колонтитулдар саймандар тақтасындағы Жабу батырмасы басылады.

Құжат беттерінің жақтау параметрін өзгерту үшін Разметка страницы – Поля – Настрайваемые поля командасын орындаймыз.

Құжат беттерін бағанға бөлу үшін Разметка страницы – Колонки командасын орындаймыз.

Құжат беттеріне жақтаулар орнату үшін Разметка страницы – Границ страниц командасын орындаймыз.

Бағдарламада тексеру мен қателерді түзету үшін Рецензирование – Провописание командасын орындаймыз. Бағдарлама грамматикалық қателері бар сөзді жасыл түспен, ал орфографиялық қателері бар сөзді қызыл түспен айрықша көрсетеді.

 
ІV. кезеңі:                                      Жаңа сабақты бекіту 10 мин
Мұғалім: Жаңа сабақты пысықтау мақсатында төмендегі бөлімдер бойынша студенттер тапсырмалар орындайды:

Ойлан тап (көп нүктенің орнына тиісті сөзді орналастыру) әдісі бойынша топпен жұмыс. Оқушылар жаңа сабақ бойынша құрастырылған сөйлемдегі көп нүктелердің орнынан тиісті сөздерді қою керек. Шарт: 5 сөйлем беріледі. Сөйлемнің 3 – тен жоғарына жауап берсе тиісті бағалау қағазымен бағаланады.

Енгізу құрылғыларына

1.        MS Word – тың жаңа құжаттарын құру үшін пернетақтада …………………………. пернелер қосындысын басу керек.

2.        Қаріп сұхбаттық терезесін……………………………………………. мәзір командасы арқылы ашамыз.

3.        ……………………………. – құжаттың әрбір бетінде қайталанатын ақпарат.

4.        Тізімдердің үш түрі бар: …………………………, ……………………………………… және көп деңгейлі.

5.        Бағдарлама грамматикалық қателері бар сөзді ……………………………. түспен, ал орфографиялық қателері бар сөзді ………………………… түспен айрықша көрсетеді.

Шығару құрылғыларына

1.        MS Word – та бұрын құрылған құжаттарды ашу үшін пернетақтада ………………………….

пернелер қосындысын басу керек.

2.        ………………………………………………….. – жолдардың арақашықтығы.

3.        Мәтінді оң жақ және сол жақ шекарасы бойынша, …………………………. және беттің ені бойынша туралауға болады.

4.        Тік бұрышты үзіндіні ерекшелеу үшін …………………. пернесі мен тінтуірдің сол жақ батырмасын ұстап, ерекшеленетін үзінді бойынша меңзерді жүргізу керек.

5.        …………………………….. пернелер қосындысы арқылы мәтін бөлігін көшіруге болады.

«Ыстық орындық» әдісі: оқушылар осы пән бойынша белгілі бір бағдарламаға кейпіне еніп сөйлейді.

V.кезеңі: 2 мин
Рефлексия (бағдаршам бойынша сабақтан алған әсерлерін жеткізу)

1. Сізге бүгінгі сабақ ұнады ма ?

2.  Сіз үшін компьютерлік программалардың меңгерудің маңызы қаншалықты?

4. Компьютермен жұмыс жасаған ұнай ма?

VІ.Қорытындылау. 3 мин.
Топ басшылары бағалау парағы бойынша оқушылардың жинаған ұпайларын қосып, бағалау критерийі бойынша оқушылардың бағасын анықтайды және қай топтың жеңіске жеткенін анықтайды.
 VІІ.Үй тапсырмасы.  
       

     Бүгінгі тақырыпқа сәйкес слайд дайындап келу.