Разработка внекласного мероприятия на тему: Тренинг «Уақыт/ Время»

Сейткалиева Асель Кенжетаевна
экономикалық пәндер оқытушысы
.
.
4.1Оқыту/ Учебная _
4.2 Дамыту/ Развивающая_оқушылардың өзін-өзі танып білу қасиеттерін қалыптастыру пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша талдау жасай білуге үйрету;
4.3 Тәрбиелеу/ Воспитательная соңғы нәтижеге жету үшін  пән бойынша білімдерін жетілдіре отырып ерік күшін, белсенділігін, бір-біріне деген сыйластық қасиеттерін  және төзімділікке тәрбиелеу.
Автор: Карл Маркс
Ұйымдастыру кезеңі: аудиториямен амандасу, танысу.
Аудиториямен жұмыс ойын түрінде көршіңмен таныс. 2-3 минут аралығында көршісі жайында неғұрлым көп мағлұмат алу:
  • Аты-жөні;
  • Немен айналысады;
  • Бос уақытын қалай өткізеді;
  • Қандай тақырыпқа кітап оқиды;
  • Қандай түсті ұнатады және т.б.
Уақыт – бұл адамдар үнемі “жетпейді” деп шағым айтатын ерекше ресурс. Бұл рас нәрсе. Тәулік 24-ақ сағат, ал сен біраз нәрсе атқарып үлгеруге тиіссің.
1 тапсырма: Аудиторияға тапсырма – «Уақыт» деген сөзді естігенде қандай ой келеді соны берілген шеңберге жазу
Видео көрсету № 1
2 тапсырма: Уақытқа байланыты іс-әрекеттті орындау
Уақытқа байланыты іс-әрекет Қанша уақыт қажет
1 Таңертеңгі жаттығу 30-40 мин
2 Таңертеңгі ас 30 мин
3 Жумыс уақыты 4 сағат
4 Түскі ас 1 сағат
5 Жұмыс уақыты 4 сағат
6 Кешкі ас 30 минут
7 Кешкі демалыс (серуендеу т.б.) 1 сағат
Уақыт неге зымырайды? «Уақыттың бар болуы – барлық оқиғаның бір кезде болмайтындығымен тікелей байланысты» деп Альберт Эйнштейн айтып кеткен.
Психолог мамандардың айтуынша, уақытты әр адам денсаулығына, жасына, көңіл-күйіне байланысты әр түрлі қабылдайды. Бұрыннан байқағанымыз – адамның жасы ұлғайған сайын уақыт зымырап бара жатқандай көрінеді. Бұл пікірімізбен ВВС қызметшісі журналист Клаудиа Хэммонд та келісіп отыр. Мұнымен қатар, адам жайбарақат күйде болғанда уақыт зымырап бара жатқандай көрінсе, бір нәрседен қорыққан кезде керісінше уақыт тоқтап қалады. Оның зерттеуі бойынша, уақытқа жаныңдағы адамдардың да әсері бар. Жақсы әрі көңілді адамдармен сөйлесіп отырсаңыз уақыт тез өтіп, мылжың, бос сөзді көп айтатын немесе пессимист адамдармен бірге болсаңыз уақыт жүрмей қояды. Осы секілді ВВС журналисті Алан Газ секторында тұтқында болған кезінде уақыт тіпті өтпей қойғандығын айтады.   Осы күнге дейін ғылымның өзі уақытқа нақты анықтама берген жоқ. Біреулер уақыт бір орында тұрады, тек біз оны баспалдақ сияқты аттап өтудеміз десе, енді біреулері ол өз жолымен жүруде, біз ілесуші ғанамыз деп жауап беруде. Зерттеулер көрсеткендей адам миында немесе ағзасында нақты уақытты есептеп отыратын бөлшек жоқ.
3 тапсырма Уақыт туралы нақыл сөздердің қайсысы өзіңе жақын, неліктен.
Адамдардың бәрінде уақыт бар, әйтсе де, ол барлық адамға жетіспейді.
Уақыт ойымыздан да жүйрік.
Уақыт – алақанымызға құйып алған су секілді, шөлімізді қандырып үлгеруге тиіспіз.
Уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді.
Сәбидің бір сағаты, қарттың бір күнінен қысқа.
Уақыт – керемет ұстаз, алайды шәкірттерін өлімге қиятыны жаман.
Уақытым бос өтті деп күлмеген күніңізді айтыңыз.
Әр күнің – жаңа өмір.
4 тапсырма:  мына берілген кестеде мерзімдер ұсынылған сол уақыт аралығында не жасауға болады?
Мерзімдер Не істеуге болады?
1 секунд Көзімді ашып жұму
1минут Телефон соғу
1сағат Ас ішу
1 күн Демалысқа шығу (орманға немесе тауға бару)
1 апта Жұмыс жасау
1 ай  
1 жыл  
5 тапсырма: 1 күндік күн тәртібін жазып шығыңдар
Күн тәртібі Уақыты
Уйқыдан ояну 10 мин
Жуыну сергіту жаттығуы 30 мин
Таңертеңгі ас 30 мин
Жұмысқа бару 4 сағат
Түскі ас 1 сағат
Жұмыс 4 сағат
Үйге қайта оралу 30 мин
Кешкі ас 30 мин
Серуендеуге шығу 1-2 сағат
Өзімізге уақыт бөлеміз бе? Мысалы Денсаулығымызға, қарым-қатынас орнатуға, қоғамдық орындарға баруға, серуенге және т.б.
Видео № 2
6 тапсырма: Өз уақытымды неге көп жұмсаймын?
Мені дамытатын іс-әрекет Апта сағат
  Спорт  
  Дамытушылық әдебиеттер оқу  
  Отбасыммен араласу  
     
Менің уақытымды алатын іс-әрекеттер Апта сағат
  Теледидар  
  Әңгіме айту  
  Интернет  
Уақытты үнемдеудің  тәсілдері:
  1. Қалай болса солай жатқан заттарды реттеңіз
  2. Уақытты бағалаңыз.
  3. Немен айналысу керектігін күнделікті біліп отыру үшін істелінуге тиісті істердің тізімін жасап отырыңыз.  
  4. Мүмкін болған жағдайда жұмысты басқаларға тапсыру керек.
  5. Сіз айналысуға тиісті емес жұмыс болса, оны істеуден бас тартыңыз.
  6. Басқалардың сіздің уақытыңызды алып, ысырап етулеріне жол бермеңіз.
  7. Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз.
  8. Адамдарға мейірімді, бірақ уақытты жұмсауға сараң болу керек.
  9. Өз уақытыңызды тиімді қолдана біліңіз.
  10. Онша маңызды емес әңгімені кейінге қалдырыңыз.
  11. Басқа адамдардың уақытын алмаңыз.
  12. Кездесуді өткізерден бұрын оны қалай өткізетініңізді жоспарлаңыз.
  13. Талқылағыңыз келетін сұрақтарды жазып алу керек.
  14. Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесі жұмысқа кірісетін болыңыз.
  15. Әрбір іспен тек бір рет қана жұмыс істеңіз.
  16. Бәріне көрінетін жерге сағат іліп қойыңыз.