«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты мәнерлеп оқудан байқау

Окасова Айгерим Куралтаевна
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
.
.
Мақсаты:
А. Білімділік:
Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Ә. Дамытушылық: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
Б. Тәрбиелік: Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту.
1-жүргізуші : Армысыздар, бүгінгі кештің қонақтары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді , қонақжай қазақ елінің «Тіл мерекесімен» шын жүректен құттықтаймыз!!!
Тілдер мерекесіне байланысты «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты мәнерлеп оқудан байқауымызды ашық деп жариялаймыз!
(Әнұран орындалады)
Құттықтау сөз__________________________________________________
2-жүргізуші:
Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Менің тілім біреу-ақ,
Сөйлейтін де, жазатын.
Тауып қойған тілеуі-ақ,
Қазақ деген өз атын.
Дариядай пейілі
Тілі, ділі, жыры да.
Бүгінгі байқауымыздың әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік:
1._______________________________________________________________
2._______________________________________________________________
3._______________________________________________________________
4._______________________________________________________________
1-жүргізуші:  Тіл әрбір адамға қымбат болса, ұлт үшін де қымбат. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Олай болса байқауымыздың қатысушыларымен таныссақ:
І курс 13-топ студенттері: Ключник Наталья, Мұратова Жанбота, Жақсыбаева Айжан
ІІ курс 23-топ студенттері: Малиева Назерке, Жайлыбаева Жанерке, Бейбіт Алия, Қаппас Айжан
І курс 11-топ студенттері: Құсайынов Әлихан, Қоңыров Ағыбай, Матаев Тілеуқабыл
ІІ курс 21-топ студенттері: Оңғаров Дархан, Спатаев Бекарыс,Сәкібаев Асылбек
І курс 12-топ студенттері: Бейбітов Әділет, Жамкенов Жарасхан, Жақсыбаев Нұржан, Қойшыбаев Ернат
ІІ курс 22-топ студенттері: Нұрланов Әліби, Хангелді Арман, Қарақойшы Нұрболат
«Ана тілім»
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем,
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.
Ана тілім –
Дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
 «Ана тілі»
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды тануымның қазығы,
Ой-санамның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге әз үні.
Ана тілім-бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер.
 
 
2-жүргізуші:
Қазағым тіліңменен жана берші.
Әуендетіп, әніме сала берші.
Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.
Көкейімде жатталып қала берші.
Ән: ______________________________________________
Құрметті қатысушылар! Сіздерге сәттілік. Ортаға І курс 13-топ студенттері: Ключник Наталья, Мұратова Жанбота, Жақсыбаева Айжанды шақырамыз.
1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.
Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.
2-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданды, ал 1995 Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.
1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.
2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.
Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.
Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.
Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.
Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.
1-жүргізуші: Олай болса, құрметті студенттер, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет. Байқауымызды әрі қарай жалғастырамыз.Ортаға ІІ курс 23-топ студенттері: Малиева Назерке, Жайлыбаева Жанерке, Бейбіт Алия, Қаппас Айжанды шақырамыз.
2-жүргізуші: 
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар
1-жүргізуші: 
Сен ақынсың, дауылпаз күй, жыршысың,
Үкіліген сал-серісің, мықтысың.
Дала үні, «Ана тілі» төрінде
Күмбірлейді сен сөйлеген әділ сын.
2-жүргізуші: 
Ән:___________________________________________________________
1-жүргізуші: 
Ортаға І курс 11-топ студенттері: Құсайынов Әлихан, Қоңыров Ағыбай, Матаев Тілеуқабылды шақырамыз.
2-жүргізуші: 
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім деп ортаға келесі қатысушыларымызды шақырсақ. ІІ курс 21-топ студенттері: Оңғаров Дархан, Спатаев Бекарыс,Сәкібаев Асылбек
 
1-жүргізуші: 
Көп адам дүниеге бой алдырған, 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, — деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге өмір сүріп  келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
2-жүргізуші: 
Байқауымыздың келесі қатысушыларын шақырамыз. І курс 12-топ студенттері: Бейбітов Әділет, Жамкенов Жарасхан, Жақсыбаев Нұржан, Қойшыбаев Ернат. Ал орта сіздердікі.
1-жүргізуші: 
Жақсы ғой білсе шіркін ана тілін,
Дәл басып іште жатқан жүрек қылын
Абайдың бір өлеңін жатқа білсе,
Арманым болмас еді-ау менің бүгін
«Өлең сөздің патшасы сөз сарысы»
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?

Байқауымыздың соңғы қатысушылары. ІІ курс 22-топ студенттері: Нұрланов Әліби, Хангелді Арман, Қарақойшы Нұрболат
2-жүргізуші: 
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оранған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар» — деп жырлаған Абай Құнанбаев. Біз де жүректі тербейтіндей әндерін тыңдап, көңілімізге әсемдік орнатайық.
Ән:_____________________________________________________________
1-жүргізуші: 
Дала үніндей «Ана» тілім домбыра
Бабалардан қалған асыл сый мұра
Сен тұрғанда күмбірлеген күй шертіп
Жырлай берем, жырлай берем, халқыма
Күй:__________________________________________________
2-жүргізуші: 
Тудың ба дүниеге қазақ баласы,
Ғұмыр кеш өмір бойы қазақ болып,
Парызың тәрбиелеу ұрпағыңды,
Жүрмесің әркімдерге мазақ болып.
1-жүргізуші: 
Осы елге азаматсың сыйла елді түлеткен,
Қазақ тілін үйрен баршаң мемлекеттік тіл еткен
Өз ұлтыңды, өз тіліңді еш уақытта ұмытпа,
Қазақ тілін білуіңді қажет санап міндеттен.
Тіл — әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсымыз өз ұлтымыздың тілін, осы тілі арқылы бүкіл әлемге танытпақпыз, тіл арқылы басқа да салт- дәстүрлерді, әдет — ғұрыптарды, тарихын, мәдениетін, әдебиетін үйренеміз. Сондықтан әр азамат өз ұлтының қамқоршысы, жаршысы, қорғаны болары сөзсіз.
(ең соңында қатысқан оқушылар ортаға шығады) Атамаекен әні