РЕФЕРАТ «Антика мәдениеті»

Орындаған: Досахмет Назым

 Жетекшісі: Кошкарбаева Нургуль

.

.

«Антика» ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты. Антика мәдениеті үшін дүниені тануда ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық қабылдау, әлеуметтік-практикалық және теориялық проблемаларды шешуде үйлесімді логика мен өзіндік дербестігі тән. Ежелгі грек мәдениетіне тән келесі белгілерді атап көрсетуге болады: ол ең алдымен космологиялы. Космос оның абсолюті болады. Космос грекше бұл ғалам әлемі ғана емес, бей-берекеттікке қарсы тұратын әлемдік тұтастық, әдемілік. Сұлулық, өлшем, үйлесім. Антика адамы барлық осы қасиеттермен адам арасындағы ара қатынасты белгілейді және грек мәдениетінің космологизмі антропоцентризмді болжайды. Ежелгі гректердің құдайлары антропоморфты, ал адамның денесі грек мәдениетінің барлық пішіндерінің өлшемі болады. Гректер риторикада шешендердің ең тамаша сөздерін атлеттердің әсем денелерімен салыстырған, ал сәулет өнеріндегі математикалық есептеулер адам денесінің пропорцияларымен ара қатынаста болған. Антика мәдениетінің маңызды белгісі – оның бәсекелестігі, ол өмірдің барлық салаларын сипаттайды. Грек егесі (күрес, жарыс) еркін гректің келесі қасиеттерін бейнелейді: ол өзін полис азаматы, оның өкілі ретінде ғана көрсете білді. Грек егесінде диалектика бастау алған, бұл өзінің дәлелдерін дәлелдей отырып, әңгімелесе білу, әр түрлі философиялық бағыттардың болу құқығын негіздеу. Ежелгі Грек мәдениетінің тағы бір белгісі – оның мерекелігі, оның сыртқы әдемілігі, ойын-сауықтылығы.  Әдетте мерекелер полис қамқоршылары – құдайлардың құрметіне үнемі салтанатты шерулер мен жарыстар өткізумен байланысты болды. Алайда барлық ғасырда антиканың негізгі тенденцияларын көркем мәдениет — өнер толық бейнеледі.

Ежелгі Грек өнерінің тарихы бірнеше кезеңдерден құралады. Крито-микен кезеңі немесе эгей кезеңінде (б.з. дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдық) Крит шеберлерінің өнері гүлденіп, Балкандағы ахей тайпаларының шығармашылық белсенділігі өседі. Б.з. дейінгі ХІ ғасырдан VIII ғасырға дейін шартты түрде «гомер» деп аталатын кезең жалғасады. Ол белгілі эпостың пайда болуымен, керамиканың таралуымен сипатталады. Б.з. дейінгі VII-VI ғ.ғ. көне дәуір дербес қала полистерінің құрылуы және өнердің қарқынды даму кезеңі болды. Классикалық кезең б.з. дейінгі V және IV ғасырларды қамтиды және ежелгі грек өркениеті дамуының жоғарғы нүктесі болып саналады. Грек мәдениеті дамуының соңғы кезеңі (б.з. дейінгі ІІІ-І ғасыр) эллинизм дәуірі – Жерорта теңізі бассейнінде тұрған халықтар арасында Эллада мәдениетінің кең таралуымен сипатталады.