Резервуарлар қызметі, олардың түрлері

Джумабаева Кенжебике Ысықбайқызы
Өндірістік оқыту шебері
.
.
Сабақтың мақсаты: Резервуарлардың жұмыс істеу қызметімен  таныстыру
Білімділік: Студенттерді резервуарлардың турлері мен таныстыру
Тәрбиелік: Білім бере отырып, еңбекке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Интерактивті тақтаны, «Мұнай газды жинау» стендісін пайдалана отырып, студенттердің пәнге қызығушылықтарын арттыру, ғылыми көзқарастарын тереңдету, ойлау қабілеттері мен білімдерін кеңейту
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, талдау – бағалау
Пайдаланылған әдебиеттер:
  1. Абдулин Ф.С. «Добыча нефти и газа». М.Недра 1983
  2. Джиембаева «Мұнай және газды жинау, дайындау»
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Резервуарлардың сызбасы, үлестірме материялдар, кеспе кағаздар, «Резервуарлар» слайды
Сабақтың техникалық құралдары: Мультимедиялық подиум, «Мұнай газды жинау» стендісі
Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сергіту сәті
III. Үй тапсырмасын сұрау
  1. Өткен тақырыпты қорытындылау
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  3. «Резервуарларға саяхат» ойыны (жаңа сабақты бекіту)
VII . Үй тапсырмасы
VIII. Бағалау
  1. Ұйымдастыру кезеңі
 
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Оқушылардың құралдарының  түгелділігін тексеру
Б) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
  1. Сергіту сәті (оқушыларды сергіту мақсатында сұрақтар қою)
1.Жоғары тұтқырлықты мұнайды жинау
2.Кен орнында мұнай мен газды жинау үлгісі
3.Айырғыштардың бөлінуі
 
III. Үй тапсырмасын сұрау
Комплексті-блокты мұнайды дайындау қондырғысы
 
  1. Өткен тақырыпты қорытындылау
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
 
Резервуарлардың атқаратын қызметі мен түрлері
Мұнай резервуарлары деп – «шикі» және тауарлы мұнайды есепке алу, жинау және аз уақыт ішінде сақтау үшін арналған әр түрлі өлшемдегі ыдыстарды айтады. Бір жерде шоғырланған резервуарлар тобын резервуарлар паркі деп атайды.
Тауарлы мұнай резервуарлар паркінің жалпы көлемі кез-келген кен орныныңбарлық өндіруші ұңғыларының екі тәуліктік жоспарлы өндірілген өніміне тең болуы керек.
Мұнай резервуарларын өртенбейтін материалдардан – металл немесе темір бетоннан тұрғызады. Резервуарлар жер асты, жер үсті немесе жартылай көмілген болып келеді. Мұнайды жинау, сақтау және көлемін өлшеу үшін көпшіліе жағдайларда болаттан жасалған цилиндрік резервуарларды қолданады, ал бетонан немесе темір бетоннан резервуарларды сирек қолданады. Кен орынның тауарлық парктерінде жазық немесе конустық жамылғысы бар, сыйымдылығы 1000-5000 м3 болатын резервуарлар тұрғызылады, резервуарлардың ортасына жамылғы қалқандары тірелетін орталық тірек орнатылады. Резервуарлардың конус тәріздес болып келген төбесі жиналған қардың салмағын, яғни сыртқы күштерді ұстап қалады, ал резервуар ішінде вакуум пайда болған кезде оған қарсы әсер етеді және қалыңдығы 2,5 мм-ден аспайтын болат жапырақтардан
(листтерден) жасалады.
Тік цилиндрлі резервуарлар былай жіктеледі:
  • төменгі қысымдағы резервуарлар, оларды атмосфералық деп те атайды;
  • понтондары бар резервуарлар;
  • төбелері қалқымалы келген резервуарлар.
Атмосфералық типті (яғни, төменгі қысымдағы) резервуарлардың газ кеңістігіндегі ішкі қысымы атмосфералық қысымға жақын, оларға төбесі конус тәріздес болып келген резервуарлар жатады.
Болаттан жасалған резервуарларды зауытта жасалған элементтер мен дайын рулондық дайындамаларды пайдалана отырып индустриялық құрастыру әдістерін қолданып пісіріп-жабыстыру (сваркілеу) арқылы тұрғызады. Резервуардың корпусы сұйықтың гидростатикалық қысымына шыдайтындай етіп есептелген цилиндрлі қап тәрізді болып келеді.
Резервуардың іргесі мен табаны құрылғаннан кейін зауыттан дайын күйде жасалып әкелінген резервуар түбі салынады. Содан соң резервуардың бірінші белбеуі пісіріліп-құрастырыла бастайды. Құрастыру жұмыстары жүргізілген кезде шеңбер ұзындығына және геометриялық пішініне тұрақты бақылау жасалып отырады. Резервуардың бірінші белбеуінің тік қосылған жерін ультрадыбыспен және гамма сәулелерін түсіріп тексереді.
Болаттан жасалған резервуарлардың жабдықтары
Шикі және таурлық мұнайды қабылдап алу, сақтау және өткізу шараларын жүргізу үшін резервуарлар арнайы арматуралармен және жабдықтармен жабдықталады. Резервуарлардың жабдықтары мыналарды қамтамасыз етеді:
  • резервуарлардың толуын және босауын;
  • мұнай деңгейін өлшеуді;
  • мұнай сынамасын алуды;
  • резервуарлардың тазалануын және жөнделуін;
  • мұнайдың тұнуын және тауарлы мұнайдың астындағы судың жойылуын;
  • резервуардағы қысымды қауіпсіздік шегінде ұстап тұруды.
   
  Резервуар төбесіне қабылдау-тарату құбыршасының үстіне жарық люгі 1 орнатылады. Төбесі ашық тұрған кезде ол арқылы  резервуар ішіне жарық өтеді және  тазалау немесе
жөндеу жұмыстарын жұмыстарын жүргізер алдында резервуарды желдетіп ауасын тазартады.
Гидравликалық сақтандырғыш клапан 2 тыныс алу клапаны жұмыс істемей қалған кезде резервуардың газ кеңістігіндегі артық қысымды немесе вакуумды шектеуге, сонымен қатар, тыныс алу клапанының қимасы жеткіліксіз болған кезде тез арада газ немесе ауаны шығаруға арналған.
Өрттік сақтандырғыш 3 резервуарда тыныс алу және гидравликалық сақтандыру клапандарымен бірге жинақталған түрде тұтас орнатылады, ол гидравликалық және тыныс алу клапандары арқылы резервуардың газ кеңістігіне жалынның кіріп кетпеуін қамтамасыз етеді.
Тыныс алу клапаны 4 резервуарды толтыру және босату кезінде немесе сыртқы температураның өзгеруі нәтижесінде резервуар ішіндегі қысым шектен асқан кезде немесе вакуум туындаған кезде резервуардың газды кеңістігін автоматты түрде атмосферамен байланыстырады. Ол екі клапаннан тұрады: қысым клапаны және вакуум клапаны.
Тыныстау клапаны келесі түрде жұмыс жасайды: резервуар ішіндегі қысым жоғарылаған кезде қысым клапаны көтеріліп, артық газ атмосфераға шығарылады, ал резервуар ішіндегі қысым төмендеген кезде вакуумдық клапаны ашылып, резервуарға ауа кіреді.
Қысым клапаны мен вакуум клапаны белгілі бір қысыммен реттеліп отырылады және резервуар ішіндегі қысымның ұлғаюы немесе азюы белгілі бір шамаға жеткенде ашылады.
Өлшегіш люк 5 резервуардағы мұнай деңгейін және тауарлы мұнай астындағы суды өлшеу үшін, сонымен қатар, сынама алғыш аспаппен мұнайдан сынама алу үшін қызмет етеді. р өлшегіш лентаны түсіруге болады. Колодканы ұшқын шығармас үшін мыс немесе алюминийден жасайды. Резервуардағы мұнай деңгейін өлшеу және мұнай мөлшерін жедел есептеу үшін деңгей көрсеткішін қолданады.
Кіру люгі 7 (люк-лаз) резервуардың төменгі белдігіне орнатылады және резервуарды тазалау мен жөндеу кезінде резервуардың ішіне адамдардың кіруіне, сонымен қатар, осы жұмыстарды жүргізу кезінде оны жеделдетуге арналған.
Сифондық кран 8 резервуардың төменгі жақ бөлігінде жиналған қабат суларын мұнай ұстағышқа қарай ағызу үшін сифондық құралды қосу кезінде пайдаланылады.
Дыбыстық жапқыш (хлопушка) 9 ысырмалардың істен шығуы кезінде немесе құбырлардың апаттық жағдайында мұнайдың резервуардан ағып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Қабылдау — өткізу құбыршасы 10 резервуарға сұйықты беру және резервуардан сұйықты шығару үшін қолданылады, оған резервуардың ішінен дыбыстық жапқыш пен көтерілмелі құбырдың топсасы бекітілген
Кері қосу құрылғысы 11 дыбыстық жапқыш қақпағының екі жағындағы мұнай қысымын теңестіріп отыру үшін қажет, яғни мұнайды резервуардан қабылдау-өткізу құбыршасына қарай кері жібереді. Кері қосу құрылғысы биіктігі 6 метр болатын барлық резервуарларда орнатылады.
Көтерілмелі құбыр 14 резервуардың ішінде топсаға (шарнирге) 15 орнатылады, ол қажетті биіктіктен мұнайды алуға арналған және роликті блок 16 арқылы лебедкамен 13 қозғалысқа келтіріледі.
Бұл резервуарлар  пішіні жағынан вертикальдық,  цилиндрлік,  горизонталдық, тамшы тәріздес болып бөлінеді.
  1. «Резервуарларға саяхат» ойыны (жаңа сабақты бекіту)
Резервуарлардың біреуін таңдап, мәлімет беру. Бейне фильм.
 Белсендігі аз студенттерді бағалау мақсатында кеспе қағаздарын беру.
 
Кеспе қағаздар
 
 
1-Кеспе қағаз
 
Құбырлардың ластануының алдын алу.
2-Кеспе қағаз
 
Эмульсия дегеніміз не
3-Кеспе қағаз
 
Мұнайдан суды айыру
 
4-Кеспе қағаз
 
Парафинің алдын-алу
 
5-Кеспе қағаз
 
Жылу алмастырғыштар
 
VII . Үй тапсырмасы
«Резервуарлар қызметі, олардың түрлері» тақырыбын қайталап, макет, буклет жинақтарын, слайд жасап келу
 
VIII. Бағалау